Еттің балаусалық дәрежесін оның санитарлық бағасын оргонолептикалық зерттеу бойынша бағалау
Автор: diko20031117 • Декабрь 19, 2022 • Дипломная работа • 2,312 Слов (10 Страниц) • 208 Просмотры
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚҰЛАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» ҚМКМ
«Келісемін» «Бекітемін»
Директордың оқу әдістемелік ісі Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары: жөніндегі орынбасары:
_______Бағылбекова М.С. ________Алибаев Е.С.
«__» ___________ 2020 ж. «__» ___________ 2020 ж.
«ӨСІМДІК ЖӘНЕ ЖАНУАР ТЕКТЕС ӨНІМДЕР САПАСЫН САРАПТАУ»
пәнінен ашық сабақтың жоспары
Тақырыбы: Еттің балаусалық дәрежесін оның санитарлық бағасын оргонолептикалық зерттеу бойынша бағалау
Пән оқытушысы: Байсеитов Е.А.
Тобы, мамандығы: 4 курс 1 топ «Ветеринария»
Құлан – 2020 ж.
Пән: ӨСІМДІК ЖӘНЕ ЖАНУАР ТЕКТЕС ӨНІМДЕР САПАСЫН САРАПТАУ
Құлан агротехникалық жоғары колледждінің арнайы пәндер оқытушысы
№ 16 лабораториялық практикалық сабақтың технологиялық картасы
Курс: 4к 1т «Ветеринария»
Тақырыбы: Еттің балаусалық дәрежесін оның санитарлық бағасын оргонолептикалық зерттеу бойынша бағалау
Сабақ өткізілетін күн: 20 ақпан 2020 жыл.
Сабақ өткізілетін уақыт: сағат 10:30
Уақыты: 2 сағат
Өткізілетін орны: №305
Сабақты өткізу әдісі: Тәжірибелік жұмыстарды түсіндіру, дәріс беру, слайд көрсету, бейнероликтер
Сабақтың түрі: ЛПС
Сабақтың мақсаттары: Білімгерлерге ірі- қара мен уақ малдардың еттің балаусалық дәрежесін оның санитарлық бағасын оргонолептикалық зерттеу бойынша бағалауды игерту.
Дамытушылық: -Еттің балаусалық дәрежесін анықтауда, оргонолептикалық тексеру әдістерін, еттің сапасын сау және ауру малдан алынғанын анықтау әдістерін, игерту микроскоп, трихенелоскоп, лобораториялық құралдармен жұмыс істеу ддағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:. Білімгерлердің сабаққа деген белсенділіктерін арттыру. Ауыл шаруашылығында ет өнімдерін өндіруді дамытуға үлес қосу. Білімгерлердің өз бетінше ізденуге, шығармашылықтарын дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, ақ халат киюлері, өзін малдәрігері ммаман ретінде алып жүруі, адамгершілікпен ұжымдық қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу, техника қауіпсіздігін сақтауға.
Пән аралық байланыс: Малдәрігерлік істі ұйымдастыру, анатомия, физиология, микробиология, клиникалық диагностика және т.б.
Үйрететін іс әрекеттер: Еттің сапасын сау және ауыру малдан алынғанын анықтауды үйрету.
Таратылатын материалдар: Нұсқау карталары.
Сабақты ұйымдастыру нысаны: Еттің балаусалық дәрежесін оның санитарлық бағасын оргонолептикалық зерттеу бойынша бағалауды меңгерту.
Көрнекті құралдар: Еттің балауса суреттері, жағынды әзірлейтін зертханалық құрал жабдықтар.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Микроскоп және трихинеллескоп, зат және жапқыш шыны, скальпель, лабораториялық реактивтер, Петри табақшалары, колбалар, спиртовка, лабораториялық ілмекшелер.
Сабақтың мазмұны
1)Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа қатысуын, ақ халат киюлерін, зертхананың тазалығын тексеру.
2)Техника қауіпсіздігі бойынша инструктаж: малмен жұмыс кезінде, лабораториялық реактивтермен жұмыс істегенде жеке бастың қауіпсіздігі ережелерін айтып, естеріне түсіру.
3)Үй тапсырмасының орындалуын тексеру, өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жауап алу.
1. Ет және оның сапалылығын анықтау әдістері дегеніміз не?
2. Ет туралы тусінік химиялық құрамын қалай ажыратамыз?
...