Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көлік құралдары салығы

Автор:   •  Сентябрь 21, 2022  •  Лекция  •  1,630 Слов (7 Страниц)  •  298 Просмотры

Страница 1 из 7

Дәріс Меншікке салынатын салықтар

Тақырып Көлік құралдары салығы

1. Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері.

2. Көлік құралдары салығының ставкалары.

3. Салықты есептеу тәртібі және төлеу  мерзімдері

1. Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері.

Көлік құралдары салығы Қазақстан Республикасындағы салықтардың бірі болып саналады. Жеке және заңды түлғалар меншігіндегі көлік құралдарынан салық төлейді. Бүгінгі таңда, көлік салығы салық ретінде кең түрде қолданылып келеді. Ертеректе көлік салығы аттың күшімен есеп-телініп келді. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз болып келді, себебі көлік құралдарынан түскен салық сомалары аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салығын есептеуде бірнеше тәсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық сома-сы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын көліктер орындық санына қарай көлік салығы есептелінеді.Қазақстан Республикасында көлік салығына көптеген өзге-рістер мен толықтырулар енгізілді.Көлік кұралдары салығы негізінен мақсатты салық болып ке-леді, яғни түскен салық сомалары жолды жөндеуге жұмсалады және бюджетке түсуіне орай жергілікті салық болып саналады. Көлік салығын төлеушілер:меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар;

  • меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар;
  • занды түлғалардың қүрылымдык бөлімшелері;лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойьшша берілген салык салу объектілері бойынша. Көлік құралдары салыгы бойынша жеңілдіктер. Қазақстан Республикасының Үкіметі   белгілейтін  көлік құралдарына   қажеттілік   нормативтері   шегінде   бірыңғай  жер салығын төлеушілер;
  1. меншікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде пайдаланылатын  мамандандырылған  ауыл  шаруашылық техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;
  2. мемлекеттік мекемелер;
  3. салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша:
  • ¥лы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілетін адамдар;
  • меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
  • Кеңес Одағының Батырлары;
  • Социалистік Еңбек Ерлері;
  •  «Халық қаһарманы» атағын алғандар;
  • ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар;
  • «Ардақты ана» атағын алғандар;
  • «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алңаларымен наградталған көп балалы аналар;

5) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке түлғалар.Көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері болып уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары саналады. Мына төменде аталгандар көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілеріне жатпайды:

1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;

2)  мамандандырылған медициналық көлік құралдары.

2. Көлік құралдары салығының ставкалары.

 Бүгінгі таңдаған өзгертулер мен толықтырулардан кейінгі көлік құралдары салығының ставкалары

Салық салу объектісі

Салық ставкасы (айлык; есептік көрсеткіш)

1. Двигатель көлемі мынадай жеңіл автокөлікгер (текше см.):

1100-ге дейін коса алғалда

4,0

1100-ден жоғары 1500-ді қоса

6,0

1500-ден жоғары 2000-ды коса

7,0

2000-нан жоғары 2500-ді қоса

12,0

2500-ден жоғары 3000-ды қоса

17,0

3000-нан жоғары 4000-ды қоса

22,0

4000-нан жоғары

117,0

2. Жүк көтергіштігі мынадай жүк таситын арнаулы автокөліктер (тіркемелерді есептемегенде):

1 тоннаға дейін қоса алғанда

6,0

1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса

9,0

1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса

12,0

5 тоннадан жоғары

15,0

3. Шынжыр табанды машиналар мен механизмдерді қоспағанда, өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалык жүрістегі механизмдер

3,0

4. Автобустар:

12 отыратын орынға дейін қоса алғанда

9,0

12-ден жоғары - 25 отыратын орынды қоса

14,0

25 отыратын орыннан жоғары

20,0

5. Двигателінің қуаты 55 кВт-тан артык емес мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлемі шағын кемелер Двигателінің қуаты 55 кВт-тан жоғары мотоциклдер

1,0 10,0

6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигательдің қуаты мынадай ат күшіне тең):

160-қа дейін коса алғанда

6,0

160-тан жоғары 500-ді қоса

18,0

500-ден жоғары 1000-ды қоса

32,0

1000-нан жоғары

55,0

7. ¥шу аппараттары әрбір

киловатт қуатта айлық есептік көрсеткіштің 4,0 пайызы

        Женіл автокөліктердің жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары – 2000 текше сантиметрді қоса, он айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғар-2500текше сантиметрді қоса, он жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары — 3000 текше сантиметрді қоса жиырма екі айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық  салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары – 4000 текше сактиметрді қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің  аталған көлемінен асқан әрбір бірлік ушін 7 теңгеге ұлғайтылады.         Салық төлеушілер үшін салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі алты жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері  қолданылады:1.        ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары үшін: 6 жылдан -15 жылға дейін қоса алғанда - 0,3;

...

Скачать:   txt (20.3 Kb)   pdf (153.1 Kb)   docx (16.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club