Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұмыс күні 8 сағаттық болған кездегі көлік құралдар қарқындылығы кестеде көрсетілгендей болғанда

Автор:   •  Март 13, 2019  •  Реферат  •  1,002 Слов (5 Страниц)  •  740 Просмотры

Страница 1 из 5

Курстық жобаның тапсырмасы көше қиылысының сұлбасы, көлік құралдары және жаяу жүргіншілердің рұқсат етілген жүріс бағыттары көрсетілген сұлба және көлік және жаяу жүргіншліер ағындарының жүріс қарқындылықтары, қозғалыс құрамы мен жүктелу деңгейі көрсетілген кесте түрінде берілген. Курстық жобаның мақсаты осы бастапқы мәліметтерге байланысты көше қиылысында бағдаршамдық реттеуді енгізуді негіздеу, есептеу және оның жобасын сызу болып табылады.

Бірінші кезекте біз көлік ағынының келтірілген қарқындылығын есептейміз. Ол үшін әр бағыт бойынша берілген жүріс қарқындылығын, жеңіл және жүк автокөліктер, автобустардың көлік ағынындағы берілген пайыздық мәнін, жеңіл және ауыр автокөліктер, автобустар үшін келтіру еселіктерін  (Ккж =1,0; Ккжүк =2,0; Ккав =2,5) пайдаланып (1.1) формуласы арқылы есептейміз.

Содан кейін, келтірілген жүріс қарқындылығы және сәйкес жүктеу еселігі туралы  көрсеткіштер (бастапқы мәліметтерде берілген) негізінде болашақта  Nбi  бағыты бойынша күтілетін ең жоғарғы жүріс қарқындылығын (1.2)  формуламен есептелінеді.

Содан кейін, қиылысқа келудегі керекті жүріс жолақ санын есептейміз. Ол максимальды болашақтағы жүріс қарқындылығы Nбi және бір жолақтың өткізу қабілетіне Рn  (Рn =700 бір./сағ.) байланысты  болады. (1.3) формуласы.

Келесі кезекте даулы нүктелер саны мен мүмкін болатын даулы күйлерді   анықтаймыз. Даулы нүкте саны рұқсат етілген жүріс бағыты және көлік құралдарының жүріс қатар санымен анықталынады)(1.4) формуласымен). Біздің жағдайда (40

Барлық мүмкін болатын даулы күйлер саны екі жанжалдасушы ағындар қарқындылықтарының өзара ең аз саны  бойынша есептеледі. Мысалы, 1-ші нүкте үшін, даулы күйлер саны бір сағатта 80 болады, себебі екі көлік ағындарының қарқындылықтарының шамасы бойынша азы таңдап алынады (N3=585 авт/сағ. и N12=80 авт/сағ.). Осылайша басқа даулы нүктелер үшін мүмкін болатын даулы күйлер санын анықтаймыз (сурет 1.6).Жалпы мүмкін болатын даулы күйлер саны 720 болды

Содан кейін қиылысқан жолдардың қайсысы аса жүктелген, қайсысы қосалқы жол екенін анықтаумыз керек. Ол үшін қиылысқан жолдардың жүріс қарқындылықтарынын сан мәндерін қосамыз.

  Nк2+ Nк6+ Nк1+ Nк9=1260+204+922+114=2500 бір./сағ.

  Nк12+ Nк8=128+136=264 бір./сағ.

Біздің жағдайда негізгі немесе аса жүктелген жол болып көлік құралдарының жүрісінің қарқындылы 2500 авт./сағ. құрайтын көше саналады. Көлік құралдарының жүрісінің қарқындылы 264 авт./сағ. құрайтын жол салыстырмалы түрде қосалқы немесе аз жүктелген көше болып табылады.

Содан кейін Бағдаршаммен реттеуді енгізудің негіздемесін жасаймыз

Бағдаршаммен реттеуді енгізудің негіздемесі (1412-2017 ҚР СТ сәйкес) 1, 2 көліктік бағдаршамдар және жаяу жүргіншілер бағдаршамдары төрт шартты жағдайдың біреуінің орындалу кезінде ғана орнатылу керек.

1 шарт. Жұмыс күні 8 сағаттық болған кездегі көлік құралдар қарқындылығы кестеде көрсетілгендей болғанда.  

Кесте 1.2

Қиылысатын көшелерде көлік құралдар қарқындылығының тіркесімі

Бір бағыттағы жүріс жолағының саны

Көлік құралдар жүрісінің қарқындылығы, бір./сағат

негізгі  (аса жүктелген) жол

қосалқы (аз жүктелген) жол

екі бағыттағы негізгі жолмен

аса жүктелген бір бағыттағы, қосалқы жолмен

2 және одан көп

2 және одан көп

900

800

700

600

500

400

75

100

125

150

175

200

Берілген қиылыста негізгі жолдың  екі бағыты бойынша көлік құралдарының қарқындылығы 2500 авт./сағ. құраса, ал қосалқы жол бойынша бір аса жүктелген бағыты бойынша 264 авт./сағ. құрайды. Бұл кестедегі көрсетілген мәндерден бірнеше есе көп. Сондықтан бағдаршамдық реттеуді енгізудің 1 шарты орындалды деп қорытынды жасауға болады. 

...

Скачать:   txt (13.9 Kb)   pdf (123.5 Kb)   docx (13 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club