Проективті әдістер
Автор: kazbayevasholpan • Сентябрь 24, 2021 • Контрольная работа • 3,845 Слов (16 Страниц) • 1,052 Просмотры
Проективті әдістер
Адамның ішкі дүниесін символикалық алмастырулар арқылы сыртқы заттар көмегімен зерттейді.
“Өмірде жоқ жануардың суреті”
“Өмірде жоқ жануар”тесті өмірде ең көп қолданылатын проективті
әдіс. Респондент бұл тесті көбінесе қиялын зерттеуге арналған деп
ойлайдыда, қорғаныстық іс-әрекетін әлсіретеді. Тесті жүргізу үшін
стандартты ақ бет қағаз және қарындаш қажет. Қаламсапты, пламастерді
және жұмсақ қарындашты қолдануға болады, алайда бұл жағдайда
диогностикалық көрсеткіш батыру күшін анықтай алмай қаламыз.
Нұсқау: ақ бет қағазға өмірде жоқ жануардың суретін салып, оны
өмірде жоқ есіммен атаңыз.
Өңделуі: ортада орналасса - қалыпты жағдай. Егер сурет оң жақта
орналасса ол қазіргі уақытпен немесе балалық кезеңіне, жағымды эмоциямен
байланысты. Егер сурет төменде сол жағында орналасса, ол өткен уақытпен,
жағымсыз эмоциямен және пассивтілікпен байланысты. Сурет неғұрлым
жоғары орналасса зерттелушінің өзін-өзі бағалауы жоғары және қоғамда өз
орнына разы емес, қоршаған адамдардың көңіл бөлуінің жеткіліксіздігіне
қарай оның өзін-өзі көрсетуі жоғары екенін байқатады. Егер сурет беттің
төменгі жағында орналасса респондент өзіне-өзі сенімсіз, өзін-өзі бағалауы
төмен, айналасындағы адамдарға да сенбейтін, көңіл күйі төмен болып
жүретін адам.
2-критерий: Жануардың басының бағыты. Егер жануардың басы оң
жаққа қарап тұрса, ол адам өзі жоспарлаған істерін міндетті түрде
орындатады. Егер жануардың басы, сол жаққа қараса, мұндай сурет салған
адам бір нәрсе істеу үшін көп ойланады және оның біраз бөлігі ғана
орындалады, кейде ол белсенді іс-әрекеттер көрсетуге қорқады. Ал егер басы
тура қараса – бұл эгоцентризм ретінде қарастырылады.
3-критерий: Бас бөлшектерінің мағынасы. Құлақ-жаңалықтарға деген
қызығушылығы айналасындағылардың өзі туралы көзқарасына мән беруі,
эмоционалды түрде қабылдайды, бірақ өз іс-әрекетін өзгертпейді. Сәл
ашылған ауыздан тілдің байқалуы - орынсыз көп сөйлейтін адам. Ерін салу
сезімталдық. Ауыздың ашық болып, ерінсіз, тілсіз ерекше сурет қорқыныш,
сенімсіздік, қауіптенуді білдіреді.
Тістердің салынуы: вербалды агрессияның белгісі.
Көз: егер көздері ерекше айшықталынып салынса, адамның
қорқынышын білдіреді.
Кірпіктер: адамның өзін-өзі көрсетуі, яғни іс-әрекетінен, сыртқы
киім кию ерекшеліктерімен айналасындағыларды таң қалдыруға көп көңіл
бөледі.
Басында қосымша бөлшектер: (тырнақ, сақалдары) агрессияның басқа
түрлерімен байланысты.
Қанаттары, қауырсындары: өзін-өзі сәндеуге, өзін-өзі ақтап алуға
арналған қасиеттері жақсы дамыған.Жалы, жүндері: сезімталдық, сексуалдық рөлде өз жынысын айқын
түрде байқататын адам.
Аяқтары: егер аяқтары фигура өлшеміне қарағанда (денесіне қарағанда)
дұрыс негізделіп салынса, ол адамның негізділігін, ойлау, шешім қабылдауда
радционалдылығын көрсетеді.
Нәзік аяқтар: немесе болмаса, қортынды шығаруда импульсивтілікті
байқатады, бір типті, қаталанбалы болуы ой-пікірінің стандарттылығын
көрсетеді. Аяқтарының детальдарының әртүрлі орналасуы – ой-пікірінің
оригиналдылығы өз беттілігін, ерекше ойлау қабілетін көрсетеді.
Фигура деңгейінен жоғары шығып тұрған бөлшектер: қанаттары,
қысқыштары, антена – адамның өмірінің әр аймағын қамтуға ұмтылысы.
Басқаларды шетке шығарып өзіне жақсы орын тандай алады. Батылдығы,
қуаттылығы, өзіне сенімділігі байқалады.
...