Мысық-кафе "Neko"
Автор: karina.erlanovna • Февраль 16, 2018 • Реферат • 420 Слов (2 Страниц) • 976 Просмотры
[pic 1]
Мысық-кафе "Neko"
[pic 2]Орындағандар:
Ақбай Айжан, Ашкентаева Мөлдір,
Жашибекова Карина,Қасымова Алия,
Уахитова Асем, Арх-21.
Астана 2017
Мазмұны
- Резюме
- Өнімнің (қызметтің) сипаты
- Өндірістік жоспар
- Маркетингтік жоспар
- Техникалық жоспар
- Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер
- Жобаны жүзеге асыру
- Өнімге жұмсалатын шығындар
- Жалпы және әкімшілік шығындар
- Қаржылық жоспар
- Жобаның тиімділігін бағалау
Резюме
Жобаның мақсаты - "антикафе" форматындағы шағын дәмхана ашу, бұл жерде төлем сағатына алынады, төленген сағаттың ішінде келуші мысықтармен өз уақытын өтізе алады. Бұл жобаның артықшылығы бәсекелестің аздығы, ең көп салып жарнамалық жылжытуға бағытталады. Кафеде болатын мысықтар жергілікті жануарлар панасынан алынады немесе дала мысықтары, толықтай ветеринарлық бақылаудан өткізіледі. Бұл кафе олардың баспанасы болады, тамағы және жеке жататын орны толық қамтылады, келуші өзіне ұнаған мысықты тегін алып кете алады. Кафе келушілері негізінен мысықтарға бей-жай қарамайтын адамдар. Негізінен бұл балалары бар ата-аналар, қыз-келіншектер, қос жұптар, студенттер және мектеп оқушылары.
Ең алғашқы мысық-кафе Тайбей қаласында 1998 жылы ашылды. Әлем бойынша бар жоғы 200 осындай кафе бар. Астана қаласында алғашқы мысық-кафе 2014 жылы ашылды.
Мысық-кафеде келесі қызмет түрлері бар: кафеде бос уақытын өткізу, жануарлармен ойнау, үстел ойындарын немесе теледидарлық ойындарды ойнау, кафе уйымдастыратын кештерге қатысу, тегін ішімдіктерді ішу(шай, кофе, шырындар), өзіне немесе мысықтарға тіскебасар алу немес әкелу.
Келушілерден төлем алу схемасы: кафеде 1 сағат өткізу - 900г., бір сағат өткен соң минуттық трафик. Дүйсенбі-жұма күндері минуттық трафик 15тг., ал сенбі-жексенбі күндері 20тг. Кафенің танымалдылығы өскен сайын өткізілетін шаралар ауқымын көбейтуге болады. Яғни, балаларға арналған мастер-класстар, тематикалық кездесулер және мерекелік кештер.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 11:00-22:00 аралығы, сенбі-жексенбі күндері сағат 10:00-23:00 аралығы.
Мысықтар мен келушілердің денсаулықтары үшін, мысықтардың бөлек бөлмесі болады, ол жерге бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады. Залға аяқ киіммен және сырт киіммен кіруге болмайды. Мысықтардың өзара тартыстары болмас үшін арнайы баулар өолданылады.
Бұл жобаны іске асыру үшін міндетті түрде жергілікті салық органында тіркеліп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен(СЭҚ) және өрт қауіпсіздігінен рұқсат алу қажет. Себебі кафенің жұмысы адамдарға беймәлім, сол себепті міндетті түрде қажетті қағаздарды қолда ұстау қажет.
"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде міндетті түрде сауалнама жүргізіп, адамдардың қызығушылығын анықтап, бос уақытын біліп, қандай уақытта қарбалас сәт (час-пик) болтынын есептеу керек. Бұрындары өткізілген сауалнамаларға сүйенсек ең ыңғайлы уақыт сағат 12:00-22:00 аралығы, ең ыңғайлы күн реінде сенбі күні таңдалды.
https://www.olx.kz/obyavlenie/sdam-pomeschenie-pod-lyuboy-vid-deyatelnosti-ID9Hjf3.html#0541b7a870
http://business-poisk.com/biznes-plan-antikafe-kak-otkryt-antikafe.html#3.-proizvodstvennyj-plan
...