Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үлгі маған тұрақсыз болып көрінді

Автор:   •  Сентябрь 14, 2022  •  Реферат  •  7,296 Слов (30 Страниц)  •  209 Просмотры

Страница 1 из 30

Заңмен санасу

«Үлгі маған тұрақсыз болып көрінді».         – МАРК ХАРРИС, AXIOM LAW БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Kraft Foods 2011 жылы Солтүстік Америкадағы азық-түлік желісін сатпақ болды және аты Mondelez International болып өзгерді, көптеген заң жұмыстары жүргізілді – келіссөздерді аяқтау үшін мыңдаған контрагентпен қырық мыңға жуық келісімшарт жасау керек болды. Аса ірі тапсырма аяқталған соң, Корпоратив заңгерлер қауымдастығы (АСС) Mondelez және оның заңды фирмасы Axiom Law екеуін жылдық Value Challenge жеңімпазы етіп тағайындады. Bloomberg Law деректері бойынша, АСС бұл озаттық белгісімен «жоғары тиімділікті сақтай отырып, сот шығындарын азайтқаны, жақсы нәтижеге және клиент-сервис үлгісін іске асырғаны үшін марапаттайды».1

Edge International заң фирмасын басқару жөніндегі кеңесші Пэм Уэлдоудың айтуынша, Mondelez – Axiom әріптестігі «заңдық кәсіптегі түбегейлі өзгерісті» қамтып көрсетеді... Kraft компаниясы Axiom фирмасын өз жұмыстарының үлкен көлемін тексеру үшін шақырғанда, ол заңды цунами жасады (сірә, ол мұхитқа байланысты теңеулерді жақсы көретін болса керек). Не үшін мұндай «сейсмикалық төңкеріс» қажет болды? «Техникалық тұрғыдан біз заң фирмасы емеспіз», – деп мойындайды Axiom фирмасының Mondelez жұмыс жүктемесін алған Чикагодағы офисінің бас менеджері Томас Финке. «Axiom, – деп түсіндіреді Финке, – соттың талқылауымен немесе басқа да заңгерлік мамандықтармен айналыса алмайды, алайда коммерциялық келісімшарт жұмыстарын, зияткерлік меншік, заңды ұстану және қосылу мен жұтылу – айна қатесіз Mondelez компаниясы істеуі тиіс заңды жұмыстың түрі. Тағы бір айтатын жай – Axiom фирмасы өзі атқарып жүрген жұмысты «өте тиімді негізде» жүзеге асыра алады».

Бұл заңгерлік фирма болмаса, Axiom қалайша құқықтық болып танылады? Axiom заңгерлік фирманың экономикасымен айналысатын тәрізді, алайда заңгерлік фирмаға ұқсамайды, бұл арнайы ұйымдық атаумен бірге жұмыс істеп жүрген адвокаттардан тұратын және солар иемденген бизнес-кәсіпорын емес. Axiom әдетте қызмет көрсететін заңгерлік ұйымдардың балама түрі – инновациялық заңды бизнес үлгісі, оған Beaton Capital компаниясының сарапшысы Эрик Чин NewLaw категориясын бере келіп, «бұл фирмалар сырын» былайша түсіндіреді:

«Виртуал жұмыс кеңістіктері айналасында жобаланған және қарқынды өсуіне сүйенеді, қазір BigLaw фирмаларында жетіліп шыққан адвокаттар икемді жұмыс сағаттарын іздеп жүр... Қызмет көрсететін заңгерлік ұйымдар BigLaw деңгейіне ұқсас, алайда тек белгі бір салада жұмыс істейтін фирманың табыстылық шегінде немесе одан төмен деңгейде қызмет көрсете алады».

Үлкен бизнестер кең ауқымды құқықтық жұмысты талап етеді. Сол жұмыстардың кейбіреуін өз күшімен өңдейді, ал басқа жұмыстар құқықтық жұмыстың сипатына қарай шеттен келген мердігерлерге табысталады. Axiom – ірі аутсорсинг заңгерлік қызмет көрсетуші. Axiom – икемді жұмыс кестесін іздеп жүрген тәуелсіз адвокаттардан құралған виртуал заңдық фирма.

Axiom компаниясын 2000 жылы Марк Харрис құрды, ол Нью-Йорктегі беделді заң фирмасында 1990 жылдардың аяғында бірнеше жыл заңгер ретінде қызмет еткен. 1999 жылдың ақпан айының бір күнінде фирма Харрис бір жылдық жалақысын төлеуге жеткілікті жұмыс сағатын еңбегімен өтеп шыққанын түсінді, жылдың аяғына дейін тапқан оның әрбір доллары үстеме шығындарға не болмаса фирма әріптестерінің/иелерінің қалтасын толтыруға кетеді. «Үлгі маған тұрақсыз болып көрінді, – дейді Харрис, ол фирманың заңгерлері әдетте жұмысбасты екенін және олардың еңбектері жете бағаланбайтынын ешкім айтпай-ақ білген. Сонымен қатар фирмалардың «контракт бойынша заңгерлері» – шектеулі уақытқа арнайы тапсырмалармен жұмыс істеу үшін, агенттіктер уақытша жұмысқа алған заңгерлер екенін де білетін.

Харрис түңілген серіктестер мен құқықсыз контракт бойынша жұмыс істейтін заңгерлер ұсынатын ресурстардың басын қосып, бір жаңа заңды бизнес үлгісін жасау жолдарын ойластыра бастады, бұл жаңа үлгі дәстүрлі үлгінің Харрис құтылғысы келген кейбір кемшіліктерін жоюға мүмкіндік берер еді. Axiom алғаш компания болып құрылған кезде, ішкі бөлімшелер үшін уақытша жоғары сапалы қызмет көрсететін болып есептелген. «Бұл – анық жалған түсінік», – дейді Харрис, ол Axiom компаниясын түрлі машықтарды меңгерген адвокаттар паналайтын орын емес, дұрысы, мамандар командаларының пулы (картель) ретінде ашуды ұйғарды. Axiom компаниясы – әр клиенттің белгілі бір қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жасалған білікті заңгерлер командалары. Тапсырма орындалған соң команда таратылады, дегенмен ол келесі клиентке қажет кейбір қосымша қызметтерді атқару үшін басқа заңгерлерден қайта құрылуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (108.1 Kb)   pdf (305.3 Kb)   docx (41.2 Kb)  
Продолжить читать еще 29 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club