Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясат маған не береді?

Автор:   •  Сентябрь 11, 2023  •  Эссе  •  266 Слов (2 Страниц)  •  252 Просмотры

Страница 1 из 2

Саясат маған не береді? Осы сұраққа ұзақ ойландым. Себебі күнделікті өмірде бұл сұраққа еш ойланбайсың. Тіпті саясаттың не екенін де түсінбейтін едім. Ал іздене келе саясаттың не екенін аңғарып, оның біздің өмірімізде қолданып жүрген заттарғада қатысы бар екенін білдім.

Саясат дегеніміз не дейтін болсақ, ол мемлекетті басқару құралы. Ал мемлекет дегеніміз қоғам, демек саясат-адам мен қоғам арасындағы байланыс болып табылады.

Бірақ, саясат тек мемлекет басқармасында ғана емес , оданда үлкенірек аумақты қамтиды. Дизраэли айтқандай «саясатта маңызды емес нәрсе жоқ». Сондықтан біздің өміріміз тікелей саясатқа қатысты. Киіп жүрген киім-кешегімізден бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмек, үй  секілді нәрселердің барлығы саясатқа қатысты болады. Себебі біз олардың көп бөлігін шетелден аламыз. Не болмаса оған қатысты материалды аламыз. Ал сол шетел мемлекеттерімен қарым-қатынасымыз тікелей саясатқа байланысты. Одан бөлек білім алу, жетілу, қоғамда тұлға болып қалыптасу, еңбек ету, адамдармен қарым-қатынас орнатуда да саясат маңызды.

Менің болашақ мамандығым аударма ісі болғандықтан саясат жұмысымның бір бөлігі болып табылады.Басқа елдермен тікелей байланыста болғандықтан кейін, олардың тарихы мен саясаты жайлы біраз сараң ақпарат білуім қажет. Аударма ісі тілдермен жұмыс жасайды. Ал тіл белгілі бір мемлекеттің маңызды бөлшегі болып келеді. Болашақта жұмыс барысында екі мемлекеттің арасындағы мәселені шешу үшін аудармашы үлкен рөл атқарады.Басқа мемлекетпен жұмыс жасау барысында саяси жағдайларды да еске алу жөн.

Мошпалумбердің: «Сіз саясатқа араласпауыңыз мүмкін, бірақ саясат әлі де сізбен айналысады» деген сөзі есіме түседі. Басқаша айтқанда, біз бәріміз қоғамда өмір сүргендіктен саясатпен қандай да бір түрде байланыстымыз. Ал саясаттану негіздерін білмеу күнделікті өмірде жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

...

Скачать:   txt (3.7 Kb)   pdf (34.1 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club