Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өмір, қымбатсың маған!

Автор:   •  Март 24, 2018  •  Творческая работа  •  2,199 Слов (9 Страниц)  •  909 Просмотры

Страница 1 из 9

«Өмір, қымбатсың маған!» атты

тәрбие сағатының мақсаттары:

 Ғылымилығы: Студенттердің бойына  салауатты өмір салтын дарыта отырып,  жаман әдет ғұрыптан аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.

Тәрбиелік мақсаты: Дені сау, жаны таза, адамгершілігі мол, Отансүйгіш қоғамымыздың нағыз азаматын тәрбиелеу.

Дамытушылық  мақсаты: студенттерге тілші, нарколог, биохимик, статист, құқық қорғау қызметкері, психолог мамандықтары бойынша түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне қатысты сауатын дамыту.

Көрнектілігі: газет журнал материалдары, қабырға газеттері, буклет, нақыл сөздер жазылған плакаттар.      

      Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студент шәкірттер бүгінгі

біздің «Өмір, қымбытсың маған!» тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат

етіңіздер!

     Адамдардың өмірінде шарықтау  сәті бар, ал оны олар қолынан шығарып

алады, бұдан кейінгі  күні « тар жол, тайғақ кешумен ұласады » деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты  – ол оның мәні де,сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де сәнді өтуіне оның  басты байлығы – денсаулығы тікелей әсер етеді.

 «Денсаулық – зор байлық», « Дені саудың – жаны сау » деп  халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке орай, адамзатпен  ХХІ  ғасырға аузын арандай ашқан сұм ажалдың төресі «Нашақорлық», «Ішімдік»,       Ішкен адамда алкоголь зардабы жиырма бір күнге созылады екен. Ішімдік адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады. Маскүнемдердің балаларының 38 % – кемтар.

    Нашақор адамның өмірі өте қысқа. Нашақорлықлардың ең төменгі жасы 9 –да. Нашаның 0,5 гр иіскеу үшін, ал тамырға салуға 0,1 гр сананы улауға жеткілікті.Бүгінгі таңда Қазақстанда  ресми тіркелген наша қорлардың  саны

40 505,тіркелмегені қаншама. Жылына елімізде  10 тонндан астам есірткі заттар тәркіленеді.

    Қазіргі кезде елімізде 3257– ден астам СПИД кеселін жұқтырған адам тіркелген.Әрбір төртінші ВИЧ жұқтырушы Алматыда тіркелген.

«Темекі», «СПИД» бірге аяқ басты. Қаншама бәйкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады.

    Темекі, ішімдік секілді зиянды әдеттердің шығу тарихи жайлы ......................... баяндама оқиды.

   

    Баяндама: «Темекі мен ішімдіктің шығу тарихы»  

Адамзат бірнеше жүз мыңдаған жыл бойы ішімдікті білген жоқ. Спирт ішімдіктерінің шығуы орта ғасырда этил спиртінің алғаш рет алынуынан басталды. Оны жай ғана технологиялық әдіспен жасайтын болған. XVI ғасырда алхимиктер арақ жасап, дәріханада дәрі ретінде сатқан.

    Арақ Ресейге XVI ғасырда әкелінді. 1649 жылдан бастап 1795 жылға дейін халыққа тек қазыналық арақ сатылды. Спирттік ішімдіктердің сатқызбай маскүнемдіктен біржолата арылуға тыйым салудан ешқандай нәтиже шықпады. Мәселен, 1914 жылы Ресей де, АҚШ – та да спиртті ішімдіктерді өндіруге, сатуға тыйым салынған еді. Мұның салдарынан адамдар арақ – шарап жасауға, жасырын сатуға мәжбүр болды.

    Ал, темекі Америкадан шыққан. Ескі Қытай құмыраларында шылым шегіп тұрған адамдардың суреттері кездескенімен, Колумб ашқан жаңалыққа дейін Ескі Дүниеде темекіні білмеген.

    Темекінің еріксіз баурап алатын сиқырлы күшінің арқасында Гаити аралындағы Табаго провинциясының атымен аталған бұл өсімдік басқа елдер мен құрлықтарға таралаған. Х.Колумбтың екінші жарығынан кейін темекінің тұқымы Испанияға әкелінді. Одан Еуропаның көршілес елдеріне тарайды да, теңіз және керуен жолдарымен жер шарының түпкір – түпкіріне жеткізілді.

    Темекінің тез таралуына, әрине, оның тез баурап алатын қасиеті себепші болды. Адамға оның алдында өзін ұстау қиынға түсті. Біз қазір никотиннің есіртуші қасиеті туралы білеміз, бірақ ол кезде темекінің ерекше қасиеті бар деп танылды. Мысалы, темекі шипалы, оның түтіні ауруларды, жын – шайтанды және тағы басқаларды аластайдыдеп есептелді.Сондай – ақ темекі адамға қуат беретін және тыныштандыратын құрал деп біледі. Темекі жапырағы емдік зат ретінде қолданылады.

    Жүргізуші: Ғасыр дерті саналған есірткі мен СПИД – тің шығу тегі мен таралуы жайында мәлімет беру мақсатында .......................  баяндама оқиды.

...

Скачать:   txt (25.1 Kb)   pdf (125.1 Kb)   docx (22.7 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club