Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Химии"

Автор:   •  Февраль 27, 2018  •  Шпаргалка  •  6,252 Слов (26 Страниц)  •  1,182 Просмотры

Страница 1 из 26

Аналитикалық, физикалық және каллоидттық химия пәнінің эмтихан сұрақтары

  1. Аналитикалық химия пәні және оның міндеттері.

Химия – заттардың құрылысын, құрамын және олардың айналуын зерттейтін ғылым. Заттардың химиялық қасиеті түзілетін заттардың, яғни молекула және атомдардың сыртқы электрон деңгейлерінің күйімен анықталады. Химиялық зерттеулердің объектісі химиялық элементтер және олардың түрлі комбинациялары, яғни жай және күрделі атомдар болады.

"Химия" сөзі грек сөзінен аударғанда «chemeia» - металл балқыту дегенді білдіреді. Бұл термин алғаш рет 5 ғ. Грек алхимигі Зосим қолданды. Жалпы химия бейорганикалық химия, органикалық химия, аналитикалық химия және т.б. болып бөлінеді.

Аналитикалық химия заттардың химиялық құрамын және құрылысын анықтайтын әдiстер туралы ғылым.

Заттың сапалық және сандық құрамы болады. Заттың құрамын анықтау үшін, заттың қандай компоненттерден (элементтерден, иондардан және т.б) тұратындығын және оның сандық қатынастарын табу керек.

Заттың құрылымы – заттың молекулалары немесе иондары арасындағы химиялық байланысты және олардағы атомдардың орналасу ретін көрсетеді.

  1. Сапалық және сандық талдау.

Сапалық талдаудың мiндетi – заттың құрамын (қандай элементтерден, иондардан, молекулалардан, функционалдық топтардан тұратындығын) анықтау, сондай-ақ стандартты ерітінділермен салыстыра отырып, құрамы белгісіз заттарды идентификациялау. Идентификациялау үшін әдетте бір ғана әдіс емес, сапалық талдаудың кешенді әдістерін қолданады.

Сандық талдаудың мiндетi – компоненттердің сандық құрамын немесе олардың өзара қатынасын анықтау. Алдымен сапалық, содан кейiн сандық талдау жүргiзiледi.

  1. Аналитикалық ерітінділерді дайындау. Ерітінді концентрациясын өрнектеу тәсілдері: еріген заттың массалық үлесі, молярлық концентрация, эквиваленттің молярлық концентрациясы, титр, олардың өзара байланысы.

Массалық үлес – зат массасының ерітінді массасына қатынасы, өлшем бірлігі бірлік немесе пайыз.

ω = m еріген зат  . 100%

            m ерітінді

      Молярлық концентрация – еріген заттың зат мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасын айтамыз. Өлшем бірлігі моль/л

      См(х)=n(x)=m(x)

                V(ер)    M(x)*V(ер)

      Эквиваленттің молярлық концентрациясы – заттың эквивалент мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасын айтамыз (моль/л)

      [pic 1]

     Титр – массасының көлемге қатынасы, яғни 1мл ерітіндідегі еріген заттың грамм мөлшері. (г/мл, г/см3)

     [pic 2]

    Молярлық конц. мен эквиваленттің молярлық конц.арасындағы байланыс:

      (x)[pic 3]

    Массалық үлес пен молярлық конц.арасындағы байланыс

      [pic 4]

    Массалық үлес пен эквиваленттің молярлық конц. арасындағы байл.

       [pic 5]

    Титр мен эквиваленттің молярлық конц. арасындағы байл:

     [pic 6]

  1. Сапалық талдаудың негіздері.

Сапалық талдаудың негізгі міндеті заттың құрамын (қандай элементтердер, иондардан, молекулалардан, функционалдық топтардан) тұратындығын анықтау, сондай-ақ стандартты ерітінділермен салыстыра отырып, құрамы белгісіз заттарды идентификациялау. Идентификациялау үшін әдетте бір ғана әдіс емес, сапалық талдаудың кешенді әдістерін қолданады.

  1. Бөлшектік және жүйелік талдау. Топтық реакциялар және реагенттер. Сапалық реакциялар.

Зерттелетін заттарды талдау үшін бөлшектік және жүйелік әдістер қолданылады.

Егер белгілі бір ионды кез келген басқа иондар қатысында, кез келген ретпен сол ионға тән ерекше реакциямен анықтауға мүмкіндік болса, онда әдісті бөлшектік талдау деп атайды.  Мысалы, аммоний катионын басқа иондар қатысында, сілті ерітіндісін қосқанда шығатын газдың аммиак иісінен анықтауға болады.

Жүйелік талдау әдісінде кедергі жасайтын иондарды белгілі ретпен бөліп алғаннан соң ғана, анықтайтын ионды ашады.  

Бейорганикалық заттар құрамын көп жағдайда ерітіндіде анықтайтындықтан әрбір ионның өзіне тән сапалық реакциялары болады. Жеке бір ионды анықтау үшін пайдаланылатын реакция мен реактив өзіндік (сапалық) деп аталады.

...

Скачать:   txt (97.5 Kb)   pdf (473.9 Kb)   docx (606 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club