Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу,гомогенді және гетерогенді катализ
Автор: Диана Баймышева • Март 24, 2023 • Контрольная работа • 299 Слов (2 Страниц) • 850 Просмотры
№4-Зертханалық жұмыс
Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу,гомогенді және гетерогенді катализ.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы.
Реактивтер: мыс (II) сульфатының, аммоний гидроксидінің, сутек пероксидінің 10%-дық ерітінділері; марганец (IV) оксиді.
Химиялық ыдыстар мен мен құрал-жабдықтар: 250 мл цилиндрлер; өлшегіш 100 мл, 25 мл, 10 мл цилиндрлер, спиртшам, тұрғы.
Жұмыс барысы :
1-тәжірибе. Гомогенді катализ
Көлемі 250 мл үш цилиндр алып, оның біріншісіне мыс (ІІ) сульфатының 50 мл ерітіндісін, екіншісіне аммоний гидроксидінің 50 мл ерітіндісін, үшіншісіне мыс (ІІ) сульфаты мен аммоний гидроксидінің ерітінділерінің әрқайсысынан 25 мл-ден құйындар. Үш цилиндрге де сутек пероксидінің 10 мл-ін қосыңдар. Үш цилиндрдегі оттектің бөліну жылдамдығына назар аударып, тиісті қорытынды жасандар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2-тәжірибе. Гетерогенді катализ
Сынауыққа 1 мл сутек пероксидін құйып оған шала жанған шыраны жақындатындар. Не байқадыңдар? Сутек пероксидіне марганец (IV) оксидінің бірнеше кристалын қосып, шала жанған шыраны қайта жақындатындар. Не байқадыңдар ? Марганец (IV) оксидінің рөлі кандай? Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсері жөнінде қорытынды жасап, тиісті реакция теңдеулерін жазындар.
Реактивтер: темір (ІІІ) хлоридінің, калий роданидінің КCNS 0,01 М және 1 М ерітінділері; кристалды 10 г калий хлориді.
Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал-жабдықтар: стақандар (500 мл, 250 мл); өлшегіш 25 мл цилиндрлер, шыны таяқша, ақ экран.
Жұмыс барысы :
Тәжірибе. Көлемі 500 мл стақанға темір (ІІІ) хлориді мен калий роданидінің (KCNS) сұйылтылған ерітінділерінің әрқайсысынан 100 мл-ден құйып шыны таяқшамен араластырыңдар. Нәтижесінде Fe(CNS)3 түзілгенін көрсететін қызыл түс пайда болады:
FeCl3 + 3KCNS = Fe(CNS)3 + 3KCI
Осы қызыл түсті ерітіндіні төрт стақанға теңдей бөліп құйындар. Оларды ақ экранның алдына қойыңдар. Бірінші стақандағы ерітіндіні салыстыруға қалдырыңдар. Екінші стақанға 5 мл 1 М темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін, үшіншісіне 5 мл 1 М калий роданидінің ерітіндісін қосып, ерітінділерді жақсылап араластырыңдар. Екінші және үшінші стақандардағы ерітінділердің бояуының түсінің қанығуы күшейеді. Төртінші стақанға 5 г құрғақ калий хлоридін қосып араластырыңдар. Калий хлоридінің еруі барысында стақандағы ерітіндінің түсі әлсірей бастайды.
...