Түйе – төрт түліктің төресі
Автор: naz.rz • Декабрь 25, 2021 • Научная работа • 5,889 Слов (24 Страниц) • 215 Просмотры
Кіріспе
Түйе – сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Түйені – төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін – «Ойсылқара», кей жерде «Қаусылқазы» деп атайды. Түйе түлігін қастерлеп, «ұлық» деп те атайды. Түйешіні «ұлық баққан» деп құрметтеген.
Түйенің пайдасы өте зор. Соның ішінде бізге беретін сүті. Түйе сүтінің түсі əдетте аппақ болады, дəмі тұщылау – тəтті немесе тəттілеу – тұздылау болып келеді, қою, бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда қатты көпіреді. Түйе сүтінің ерекшелігі май, белок, минералдық заттары жəне басқа құрамдық элементтерінің мөлшері көп болып келеді; оның үстіне аса нəрлі. Оның мұндай қасиеттерін өте ертеден-ақ білген. Мықты шаршамайтын мініс атын өсіру үшін, мысалы, құлынға түйе сүтін берген.
Түйе сүтінде бие сүті мен сиыр сүтіне қарағанда қоректік заттар көп болғандықтан, оның калориясы да жоғары болып келеді. Ол 787 килокалория мен 911 килокалория арасында ауытқып отырады, ал бие сүтінікі 499-528 килокалорияға тең. Түйе сүтінің қоректік, емдік қасиеттері ежелден белгілі.
Шұбат жеңіл қорытылады, асқазан жолының бездерінен сөл шығаратын қасиеті бар. Қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің қызметін жақсартады. Тəбет ашып, қарындағы ауруды басады. Ол қанның құрамдас бөліктеріне жəне қанның түзілуіне қолайлы əсер етеді. Қанның қызыл жəне ақтүйіршіктері артады. Бауырдағы зат алмасу қалпына келеді. Шұбат созылмалы гастрит ауруына шалдыққан кісілердің осы науқастан айығуына жақсы əсер етеді. Қарын сөлінің қышқылдығы төмен кісілер де шұбатпен емделіп, жазыла алады. Шұбат созылмалы колитке шалдыққан кісілерге де бірден-бір шипа. Шұбаттың құрамында белок, май, т.б. қоректік заттар сүттен ашытылатын басқа өнімдерге қарағанда мол болады.
Шипалық қасиеті мол, дəмі тіл үйірер шұбат сусынына бүгінде шетелдіктер аса қызығушылық танытып отырғаны белгілі. Өйткені көптеген Азия елдері əрі тағам, əрі киімге шикізат, дертке дауа ретінде пайдаланатын түйе сүтінің емдік қасиеттері күннен-күнге ғалымдарды таңғалдыруда.
Тақырыптың өзектілігі: Бабамыздан жеткен ұлттық сусынымыз шұбат – адам денсаулығы үшін өте зор пайдасын тиізеді. Оның құрамы түрлі дəрумендерге бай. Жəне қатерлі дертке де қарсы шипа ретінде пайдаланады. Шұбат жəне одан өндірілген өнімдер де экономикамыздың дамуына да септігін тиізуде. Осындай сапалы, құнды, шипалы сусынды үнемі пайдаланып отырсақ, халқымыздың денсаулығы жақсарып, экономикасы ілгерілей түсер еді.
Ғылыми жұмысының максаты. Түйе малынаналынатын өнімнің бірі – сүттің қасиеттерін тани отырып, шұбаттың химиялық құрамын зерттеп білу, оның адам ағзасына тигізетін пайдасы мен емдік қасиеттерін анықтау.
Ғылыми жұмысының міндеттері:
- Төрт түліктің төресі – түйе малының қадір-қасиетіне сипаттама беру;
- Түйеден алынатын өнімнің бірі – сүттің мәні мен маңызын таныту;
- Шұбаттың химиялық құрамы және адам ағзасына әсерін зерттеп білу;
- Шұбаттың емдік қасиеттерін анықтау;
- Шұбаттың жасалу жолдарына сипаттама беру;
- Түйе сүті мен шұбаттан өндірілген өнімдерді танып білу.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Түйе – төрт түліктің төресі
Түйе – қасиетті, киелі жануар. Түйе түлігін қастерлен «ұлық» деп те атайды. Түйешіні «ұлық баққан» деп құрметтеп, оған көпшілік жиналған жерде төрден орын берген. Осыған байланысты түйе жануарына Құраннан екі жерден орын нәсіп еткен екен. Біріншісі: Аллаһтың: «Олар түйеге қалай жаратылғанына қарамай ма?..» («Әл-Ғашия»:17)-деген аяты. Адам кей кезде ойланып жүргенін ұмытып, кейде өз ақылнан тыс нәрселерді ойлап, алдында тұрған заттың негізінде асылында қандай екендігін білмеуі де мүмкін. Ал Аллаһ адамға, оның ішінде сол уақыттағы арабтарға да, басқаларына алдарында жүрген, мініп жүрген түйелеріне қарауды бұйырып жатыр. Имам Абн Касир осы аятты былай деп тәпсірлеп ашықтайды: «Аллаһ Өзінің құдіреті мен ұлықтығына сілтеме болатын заттарға, оның ішінде түйеге қара деп бұйырып жатыр. Ол жануар өзінің иірімділігімен қоса ауыр жүктер мен, шөлейт жерлерде еш сусыз немесе тамақсыз төзімділігімен ерекшеленеді, әлі кетіп қалған өзін ұстап жүрген адамға жол көрсетеді, онымен қоса адамға азық болады, өркеші мен етін жеп азықтанады. Оған қоса бұл түйе арабтардың көбінесе қазіргі кездегі «Мерседес» немесе «Ауди» секілдес көздері үйренген көліктері болатын. Ал екінші аталған жері «Міне Аллаһтың іңгені сендерге бір мұғжиза. Оны еркіне қойыңдар; Аллаһтың жерінде оттасын…»
...