Оттегінің тірі табиғатта алатын орны
Автор: abutalip2024 • Октябрь 18, 2023 • Реферат • 2,278 Слов (10 Страниц) • 105 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
Тақырыбы: «Оттегінің тірі табиғатта алатын орны»
Орындаған:
Тексерген:
Өскемен, 2009 жыл.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................................................................................................3
- Оттегінің жалпы сипаттамасы...........................................................4
- Оттегінің физикалық қасиеті..............................................................5
- Оттегінің химиялық қасиеті..............................................................6
- Оттегінің алынуы, қолданылуы........................................................10
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................12
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................13
КІРІСПЕ
Оттекті 1772 жылы швеция ғалымы Карл Шееле ашты. Оттек табиғатта ең көп тараған элемент. Жер қыртысы массасының 47,2% оттектің үлесіне келеді. Оттек табиғатта бос күйінде де, қосылыс күйінде де кездеседі. Бос күйінде ол ауада болады. Ауада көлемі жөнінен 21% немесе массасы жөнінен 23% оттек болады. Қосылыс түрінде оттек судың (88,8%)> толып жатқан минералдардың (SіО2, СаСО3, СаSО4*2Н2О, NaNOз) кұрамында, өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде (60— 70%) болады.
ОТТЕК (лат. Охуgenium), О, О2 — элементтердің периодтық жүйесінің VI тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 8, атомдық массасы 15,9994. Табиғатта ең көп таралған элемент, үш изотопы (16О, 17О, 18О) бар. Оттегі элементі екі атомнан құралған О2 жай затын түзеді. Швед ғалымымен бірге оны 1774 ж. ағылшын ғалымы Джерми Пристли (1733 - 1804) ашқан. Оттегі — түссіз, иіссіз газ, тығыздығы 0°С және қалыпты қысымда 1,42897 г/л, қайнау 1 182,9°С-та көгілдір сұйықтыққа айналады, қату t -218°С, балқу t- 58,4К, суда аз ериді, тұтқырлығы өте аз, магнитке тартылады. Қосылыстарында екі валентті. Химиялық белсенділігі өте жоғары. Оттегі жеңіл инертті газдардан басқа барлық элементтермен әрекеттесіп, химиялық қосылыстар — тотықтар түзеді.
- ОТТЕГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Оттегі - 2-периодтың, ҮІ-топтың элементі. Атомның электрондық формуласы 1s2 2s 2 2p 4 , II және 0 тотығу дәрежелері тән. Оттегінің тотығу дәрежелерінің шкаласы:
+ІІ + ОҒ2
0+О2, О3, 0°
-I+Н 2О, Nа2 O2, ВаО2
-II + ОН- , Н 2О, SО3, NaОН, H2SO4,
К 3РО4, КА1(SО4)2
Электртерістігі жоғары (3,50; фтордан кейінгі екінші элемент), типтік бейметалдық қасиеттерді көрсетеді. Не, Ne, Аг элементтерден басқа элементтермен қосылыстар береді, көптеген оксидтер, гидроксидтер, оттекті қышқылдар тұздарының құрамына енеді.
Жер қабатында 55% және табиғи суларда ең көп таралған элемент, бос және байланысқан түрде кездеседі. Минералдар мен тау жыныстары (алюмосиликаттар, кұм, балшық, құмдақтар т.б.) құрамына енеді. Бос (таза) оттегі ауа кұрамында болады (= 1,1 • 1015 т).
Барлық организмдердің тіршілігіне өте қажетті элемент, органикалық заттар көбінің құрамында болады, сан алуан биохимиялық процестерге қатынасады, тіршілікті қамтамасыз етеді.
Оттегін 1769-1771 жылдары швед химигі К.В. Шееле ашты және одан тәуелсіз 1774 жылы ағылшын химигі Дж. Пристли қоса ашты. Олар оттегін НgО мен КNО3-ті қақтау арқылы алды.
...