Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Табиғатты аялайық

Автор:   •  Февраль 27, 2019  •  Реферат  •  2,502 Слов (11 Страниц)  •  1,553 Просмотры

Страница 1 из 11

Ашық тәрбие сағаты.

Өтілетін күні: 12.10.2017ж

Бағыты: Экологиялық тәрбие

Тақырыбы: Табиғатты аялайық

Сабақтың білімділік мақсаты: Табиғатты қорғау әр адамның мәндеті екенін ұғындыру. Семей жерінде орналасқан сынақ полигонының қоршаған ортаны ластағаны, әкелген қасіреті жайлы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру.

Түзету мақсаты: Сөздік қорын молайту, сөйлеу барысында әрбір дыбыстың анық айтылуын қадағалау.

Көрнекі құралдар: Табиғат көріністерімен суреттер, табиғат орта туралы өлең-шумақтар, мақал-мәтелдер. «Табиғат-алтын бесік», «Біз табиғат қорғаны», қанатты сөздер. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстардың суреттері.

Әдісі: әңгіме түрінде түсінгенін баяндау, топтық жұмыс.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу

ә) аппаратты іске қосу

б) құлаққапты киіп, есту мөлшерін анықтау

-Сен қалай естисің?

2. Тіл бұрышымен жұмыс.

(буындарды оқу, сөздерді оқу, сөйлемдерді оқу)

3. Күнделікті сөздер.

- Экология дегенімізді қалай түсінеміз?

- Табиғи ортаны бүлдірмеу, ластанудан сақтау, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану.

- Қызыл кітап дегеніміз не?

-  Табиғаттан құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар тіркелген кітапты қызыл кітап дейді.

- Қазақстанда қандай өзендер бар?

- Жайық, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария.

- Қорық дегеніміз не?

- Еліміздің өсімдіктері мен жануарлары арнайы қарғалатын табиғи аймақты айтамыз.

- Семей полигоны қай жылы жабылды?

4. Жаңа сабақ

Құрметті қонақтар, оқушылар!

Бүгінгі өткізгелі отырған ашық тәрбие сағатымыз табиғат жайлы болмақ.

               Бабалар табиғатты аялаған,

               Малын бағып, бауырына салмаған,

               Табиғатты «Ана» деп ардақ тұтып,

                Қамқорлығын ешқашан аямаған...

деп, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Сөздік жұмыс

Қоршаған орта-тау, тас, аспан, күн, жер.

Тірі организм-жан жануар, өсімдік, адам.

                       Экология-тұрақ, үй, мекен.

                Полигон-қару жарақпен әскери техниканы сына жүргізуге орналған алаң.

Экология нені зерттейді? Экология тірі организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Алғаш рет экология деген ұғымды 1868 жылы неміс ғалымы Эрнест Геккел енгізген. Экология гректің «ЭКО» - тұрақ, үй, мекен, «ЛОГОС»

ғылым деген сөзден шыққан. Экология бұл табиғатты қорғау, үнемдеу туралы ғылым. ХХ ғасырдың екінші жартысында дүние жүзі елдерінің көпшілігінде табиғатты қорғауға ерекше мән беріп отыр, арнайы заң қабылдай бастады.

  Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Табиғат пен адам егіз. Табиғат адам қорғаушысы, асыраушысы деуге болады. Айналамыздағы өзімізді қоршап тұрған жер, күн, аспан, тау, тас, жәндік атаулының бәрі – табиғат. Балалар, күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың бізге тартқан сыйы.

    Балалар, сендер табиғатпен дұрыс қарым- қатынас жасай білулерің керек. Дұрыс қарым-қатынас дегеніміз ағаштардың бұтақтарын сындырмау, көшеге лас қоқыстарды тастамау. Егер осы айтылғандар дұрыс орындалмайтын болса, біздің қоршаған ортамыз өзгеріп, өмірімізге қауіп төнеді. Сонау, 1949 жылдан бастап Повладар, Қарағанды, Семей даласында ядролық қаруды жарып, сынақ жүргізіліп келеді. Халыққа сынақ туралы ескертілмеді, олардың қаншама денсаулықтарынан айырғандарды ешкімді де ойландырмады. Ядролық жарылыстар туралы халыққа тек 1953 жылдан бастап ескертіле бастады. Жарылған кезде бөлінген газдар ауаны ластады, сол ауамен демалған соң, сол жердің тұрғындары әртүрлі ауруларға душар болды. Қатерлі ісік, тері ауруларына, өмірге келген жас сәбилер кемтар блып тууы кең өріс алды. Олжас ағамыздың ұйымдастырумен «Невада – Семей» қозғалысының талабы бойынша осы сынақтарды жүргізуге тыйым салуға қол жеткізді.

...

Скачать:   txt (16.7 Kb)   pdf (95.5 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club