Қазақстандық қоғамда тәрбиешінің алатын орны
Автор: anara2001 • Март 28, 2020 • Реферат • 954 Слов (4 Страниц) • 786 Просмотры
Қарағанды мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы университеті
Педагогика факультеті
Тақырыбы:Қазақстандық қоғамда тәрбиешінің
алатын орны
Орындаған:Итемген А.А
Тобы:ДОиВ-12
Тексерген:Искакова М.Б
Қарағанды,2019
Қазақстандық қоғамда тәрбиешінің алатын рөлі
Дәрігерден де тәрбиешінің көп
болғаны артық,дәрігер адамның
денесін сауықтыратын болса,
тәрбиеші адамның ақылын,
мінезін,жанын сауықтырады.
Ж.Аймауытов
Қазіргі танда мектепке дейінгі мекемелердің көбеюінің бастау алып жаткандығы қоғамымыздың қуантарлық жаңалығы деуге болады.Бұл дегеніміз ертеңгі болашағымыз артымыздан келе жатқан ұрпағымыздың заман талабына сай,өз жас ерекшелігіне байланысты білім алу,бойына адамгершілік сезімін сіңіру,отанға,елге,отбасына,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке ие болуы.Ал бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілген,бойында ұлттық сана,ұлттық дәстүр қалыптасқан,инабатты да, ибалы,мейірімді,адамгершілігі мол,рухани бай азаматты тәрбиелеп өсіру – балабақшаның бірден-бір міндеті.Бұл міндеттің жүзеге асырылуына үлес қосатын тәрбиеші-педагог екені белгілі.Сондықтан да осы таңда туындайтын сұрақтардың бірі тәрбиешінің біздің қоғамдағы алатын орны қандай?
Бұрынғы қазақ қоғамында тәрбиеші деген ұғым болмаған.Баланың мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарымен ата-анасы айналысқан. Бала және оның тәрбиесі үшін отбасының ықпалы зор болған.Анасы бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіре отырып тәрбиелеген.Жалпы ұлттық тәрбие деген сөздің астарында елге-жерге,тілімізге,дінімізге деген құрмет жатыр.Бірақ қазір тәрбие ана құрсағынан бастау алып,оны білім теңізінің балабақша,мектеп атты кемесінде ұлттық құндылығымызбен жетілдіру болып отыр.Ендігі ұлттық тәрбиенің жандануы тікелей тәрбиешіге байланысты болмақ.
Тәрбиеші-жеке тұлғаны қалыптастырушы,тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,арманын қанаттандырушы тұлға,әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің,бәсекеге қабілетті болуының басты ошағы тәрбиеші берген тәлім-тәрбие,білім.Сондықтан дамудың көкжиегінен көрінгісі келетін ел білім саласын алға қойып әрдайым жаңашыл,замануи болуды мақсат ету керек.Қазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты талабы.Себебі,еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы білімге,мәдениетке және ұлттық тәрбиеге байланысты.Тәрбиенің қуатына тең келетін рухани күш,қуат көзі жоқ екенің жақсы түсінеміз.Ұлттық тәрбиеден нәр алған адам-рухани құндылықтарды бойына сіңіріп биік дәрежеге көтеріледі.Оның ең маңыздысы адамды ойлануға бағыттайды,жеке тұлға болып қалыптастырады.
...