Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Табиғаттағы су айналымы оның атмосфералық жауын шашын

Автор:   •  Октябрь 28, 2019  •  Реферат  •  936 Слов (4 Страниц)  •  1,316 Просмотры

Страница 1 из 4

Табиғаттағы су айналымы оның атмосфералық жауын шашын

Табиғаттағы су айналымы оның атмосфералық жауын шашын (қар, жаңбыр, бұршақ)  түрінде жер бетіне түсуінен және булануы есебінен жүреді. Сонымен бірге атмосфераға бұрын табиғатта болмаған жүздеген түрлі заттар түседі. Олар атмосферан ластаушылар- күкіртті газ, азот, көміртегі  оксидтері, хлор, формальдегид. Тіпті атмосфераға түскенде қауіпсіз болып саналатын заттардың өзі күн сәулесінің әсерінен улы қосылыстарға айналуы мүмкін.

        Қар атмосфераны механикалық және химиялық ластанудан тазартады. Қар түскен соң қала үстінде тұратын тұмшадан (қышқылдар булары, автомобильдің өңделген газдары, аэрозольдер, түрлі формадағы радионуклидтер) арылады. Бірақ қар көктемде адсорбцияланған ластаушылар барлығы  қар суымен жерге сіңіріледі.

        Біздің өлкеміздегі қар жамылғысының орташа ұзақтығы 6 айдай мерзімде. Ол қазан айының аяғынан басталып, наурыздың ортасын бұзыла бастайды. Қар жамылғысының ластану деңгейін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын көктемде қар ерігенде бастадым.

 Жауын-шашын көптеген табиғи процесстерде үлкен рөл атқарады. Ол атмосфера ауасынан түсетін аэрозольді ластаушы заттардың (ЛЗ) эффективті жинақтауышы болып табылады. Жергілікті бақылаулар кезінде және атмосфераға тасталыну есептеулері деректерімен байқауға алынбаған ластағыш заттар жауын-шашында бақылануы мүмкін. Жауын-шашынның сапасы, жер беті атмосфера ауасының әр түрлi ластаушы көздерінің әсерiн жарыққа көрсетедi.

Жауын-шашынның сапасын талдау алынған аймақ бойынша ластайтын заттардың кеңiстiкте таралуын қадағалауға және қоршаған ортаның күйiне нақты өнеркәсiптiк кәсiпорындары мен тағы да басқа нысандардың әсер ету аймақтарын анықтауға мүмкіндік бередi. Жауын-шашынның химиялық құрамын зерттеу нәтижелері елеулi қашықтықтарға зиянды қосындылардың тасымалдануы туралы ақпарат бере алады.

Ластаушы заттар ауада таралмайтын, тек қана күн радиациясынан фотохимиялық реакциялардың жүретіндігінен, нәтижесінде атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың қауіптілігін айқындайтын химиялық қосылыстардың туындайтынын көрсетеді. Ауаны ластауды ескертуде заң шығарушы тәртіп бойынша атмосферадағы зиянды заттегілердің белгілі бір концентрациясы ғана бекітіледі. Атфосфералық ауаны ластайтын әрбір заттегі үшін бір рет қолданатын және орташа күндік-шама бекітіледі. Атмосфералық ауа сапасы, сонымен қатар ауаны ластаушы ретінде көрсеткіш деп беріледі (АЛК). Бүгінгі таңдағы көрсеткіш бойынша Семей қаласы Қазақстан Республикасының қалаларының ішінде 8-орынды иеленуде.

Мемлекеттік санитарлық, эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің мамандары өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде, олар Семей қаласындағы және Өскемен қаласындағы 9 өндірістік кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарының мазмұнына бақылау жүргізеді. Ірі қалалар мен бүкіл облыс бойынша атмосфералық ауаның негізгі ластануы түрлі-түсті металлургиямен жылу энергетикасы кәсіпорындары шығаратын шығарындыларға байланысты болып отыр. Кәсіпорындарға неғұрлым "таза" технологиялармен қазіргі заманғы өнімдерді енгізбей тұрып, экологиялық жағдайды өзгерту мүмкін емес. Олардың негізі болып - автоклавты технология бойынша жасалған қорғасын және мыс өнімдері табылады. Мемлекеттік санитарлық, эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің мамандары өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде, олар Семей қаласындағы және Өскемен қаласындағы 9 өндірістік кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарының мазмұнына бақылау жүргізеді. Ірі қалалар мен бүкіл облыс бойынша атмосфералық ауаның негізгі ластануы түрлі-түсті металлургиямен жылу энергетикасы кәсіпорындары шығаратын шығарындыларға байланысты болып отыр. Кәсіпорындарға неғұрлым "таза" технологиялармен қазіргі заманғы өнімдерді енгізбей тұрып, экологиялық жағдайды өзгерту мүмкін емес. Олардың негізі болып - автоклавты технология бойынша жасалған қорғасын және мыс өнімдері табылады.

...

Скачать:   txt (14.2 Kb)   pdf (95 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club