Орта мектепте химияны билингвалды негізде оқытуды ұйымдастыру
Автор: didanyarkyzy07 • Апрель 27, 2020 • Дипломная работа • 7,387 Слов (30 Страниц) • 609 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Наушабекова Д.Д.
Орта мектепте химияны билингвалды негізде оқытуды ұйымдастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011900 – «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығы
Қарағанды 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе...................................................................................................................... 7
1 Екі тілде оқытудың теориялық негіздері. Мектепте химия пәнін екі тілде оқыту...................................................................................................... 10
1.1 Қазақстан мектептеріндегі екі тілде білім берудің рөлі............................. 10
1.2 Химия пәнін ағылшын тілі пәнімен кіріктіре оқыту.................................. 25
2 Экспериментті жүргізу әдістемесі. Тапсырмалар кешенін құрастыру 33
2.1 Топтық оқыту технологиясы ……………………….................................... 33
2.2 Сабақ жүргізу барысында глоссариймен жұмыс жасау……………......... 37
2.3 Екі тілге негізделіп құрастырылған мәтінмен жұмыс жүргізу.................. 39
3 Эксперименттік бөлім............................................................................... 43
3.1 Билингвалды оқыту негізінде жүргізілген сабақтарға талдау жасау..... 43
3.2 8Б (ІІІ) сыныппен химия сабағын екі тілде өткізеген эксперименттің нәтижелері.......................................................................................................
48
Қорытынды......................................................................................................... 52
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................... 55
Қосымша-(лар).................................................................................................... 57
2 Экспериментті жүргізу әдістемесі. Тапсырмалар кешенін құрастыру
2.1 Топтық оқыту технологиясы
Оқушыларды білім деңгейіне қарай топтарға бөлу, тақырып бойынша алған білімін бекіту, іс жүзінде қолдану үлгілерін меңгерту, оқу тапсырмаларын орындау, күрделі мәселелерді шығару, орындаған тапсырмаларды тексеру т.б. кеңінен қолданылады. Бұл технологияны «топтық оқыту технологиясы» деп те атайды.
Оқу материалын толайымды меңгеруіне шарт түзу мақсатында оқушыларды 5-7 оқушыдан бөліп сынып ұжымы ішінде «топ» құру немесе топтарға бөлу жаңа технологияларды пайдаланудың басты шарттарының бірі [26].
Топтың оқыту форма және әдіс немесе технология ретінде де қарастырады. Осыған орай «топтық оқыту технологиясы» деген ұғым пайда болды. Бұл бір неше ғана емес, бірнеше ондаған шәкірттерді топтастырып білім берудің ең тиімді жолдарын, әдісі мен тәсілдерін біріктіру дегенді білдіреді.
Топтық оқыту технологиясы дегеніміз – ұстаздың, оқушылар арасында өзара қарым-қатынас орнату арқылы оқытуды ұйымдастыру арқылы ұтымды нәтижеге қол жеткізу. Бұнда топ мүшелерінің бірін-бірі оқытуы және әр қайсысының берілген мәліметтерді меңгеруі, білуі. Бұл технологияны жекелеген топты оқыту үшін және ірі ұжым құрамындағы топтарды білім деңгейлері, іс-әрекет белсенділігі т.б. қарай арнайы тапсырмалар беру арқылы оқыту.
Ғалымдар бұл технологияға оқытуды сыныптық сабақ түрінде ұйымдастыру; дәрістік – семинарлық; ойын түріндегі; лабораторлық жұмыстарды топтасып орындау т.б. деп бөлістіреді.
Топтық оқытудың мынандай психолого-педагогикалық ғылыми негізі анықталған:
-
...