Орта мектепте ықтималдықтар теориясын қолданбалы бағытта оқыту
Автор: Kausar86 • Май 14, 2019 • Дипломная работа • 25,529 Слов (103 Страниц) • 1,357 Просмотры
Жоспары
Кіріспе........................................................................................................
І ТАРАУ.МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ - КӘСІБИ
БАҒДАРЫН ҚОЛДАНУ..............................................................................
1.1Математиканы орта мектепте пәнаралық байланыстар
негізінде оқытудың заманауи талаптары....................................................
1.2Орта және жоғары мектепте математиканы тұлғаға
бағыттап және қолданбалы-кәсіби бағдарлап оқыту..............................
1.3Ғылыми таным және оқушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастырудағы математиканың рөлі.........................
II ТАРАУ.ОРТА МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДА СТАТИСТИКА ЖӘНЕ ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ................................................................
2.1 Мектеп математикасын тақырыптар мен деңгейлер
бойынша оқытудың бағдарламасы мен мемстандарт талаптары...........
2.2 Орта мектепте ықтималдықтар теориясы мен
математикалық статистика элементтерін оқыту ,
оның дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілуі.........................
2.3 Бейіндік сыныптарда оқушыларға ықтималдықтар
теориясы мен математикалық статистикалық элементтерін
тұлғаға бағыттап , қолданбалы –кәсіби бағдарлап оқытуға
арналған дидактикалық материалдар.......................................................
Қорытынды................................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................................
Қосымша А. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық
статистика элементтерін тереңдетіп оқытуға арналған
деңгейлік дидактикалық тапсырмалар.....................................................
Қосымша В. Үлгі сабақ жоспары..............................................................
(сынып , тақырып бойынша )
КІРІСПЕ
Елімізде орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары 2002 жылы қабылданды. Осы стандарттар бойынша ТМД елдері ішінде бірінші болып мектеп математика курсына жаңа тақырып – статистика және ықтималдықтар теориясы элементтері (ғылыми-әдістемелік әдебиетте стохастика элементтері деп те аталады) енгізілген болатын. Сол кезең үшін бұл ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарағанда өте батыл шешім болды. Нақты айтар болсақ, бұл профессорлар Б.Жаңбырбаев пен С.Ескендирова және т.б. әдіскер-педагог ғалымдардың ғылыми-әдістемелік негіздеуінің нәтижесі еді.
Қазіргі таңда әрбір адам ықтималдық терминологиясын ғылыми жұмыстарда, саяси шараларда және күнделікті ауыз-екі сөйлескенде жиі қолданып жүр. Ауа райын болжағанда жаңбыр жауу ықтималдығы, саясаткер сөйлегенде статистика көрсеткіштерін талдай отырып, әрбір оқиғаның пайда болу мүмкіндігі бойынша, сондай-ақ, өндірісті ұйымдастырушының да әртүрлі болжамдар жасауы, т.б. ықтималдық терминологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Футбол ойындарында жанкүйерлер әрбір матчтың ойын нәтижесіне әсер ететін факторларды салыстырады.
Оқушылар кездейсоқтық туралы түсінікті күнделікті өмірді бақылау арқылы алады. Статистикалық мәліметтерді алу және оларды көрнекі жаза білудің маңызы зор. Сол статистикалық мәліметтерді жинақтау және оларды қарапайым кесте түрінде жазу, графиктер, диаграммалар арқылы көрсету оқушының белгілі дәрежеде түсінік тәжірибесінің бар екендігін білдіреді. Сөйтіп, оқушы санасында нақты құбылыстардың бірмәнді болмайтындығы, өзгеріп отыратындығы, нәтижелердің кездейсоқ, ақиқат және мүмкін емес болатындығы қалыптасады.Ол статистикалық жинақтардың түрлерімен танысады, олардың ерекшеліктері және жалпы қасиеттері туралы ой түзейді.
Химия, физика, биология пәндері бойынша оқушы лабораториялық және практикалық сабақтарда тапсырманы орындап қана қоймай, оның нәтижелерін ыңғайлы етіп жаза білулері керек, география, тарих, қоғамтану сабақтарында әртүрлі кестелерді, анықтамаларды пайдалана білулері қажет. Сөйтіп, статистикалық материалдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруы керек. Зерттеп отырған стохастикалық құбылыстардың сипатын түсіну үшін оның басты ерекшелігін байқап білудің, кестелерді, диаграммаларды, графиктерді оқып зерттегенде қажет бағыттарды анықтаудың маңызы өте зор.
...