Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Органикалық қосылыстарды зерттеу әдістері

Автор:   •  Апрель 12, 2021  •  Лекция  •  14,680 Слов (59 Страниц)  •  760 Просмотры

Страница 1 из 59

Органикалық  қосылыстарды зерттеу  әдістері  

Лекция жинағы

2020 ж.

Лекция № 5

Заманауи аспаптық әдістер және олардың қолданылу обылыстары

Лекцияның жоспары:

1. Инновациялық зерттеулерді дамыту механизмі пәні.

2.Заманауи зерттеу әдістері: түрлері, қолданылуы.

3.Аспаптық әдістердің сезімталдығы және талдамалылығы.

        

1. Инновациялық зерттеулерді дамыту механизмі пәні.

Қазіргі уақытта өндірістерде, өнеркәсіптерде және мекемелерде (ғылыми орталықтар мен зертханалар) қолданылып келе жатқан талдаудың физикалық әдістері заттың сапасын тез әрі жоғары дәлдікпен  анықтау үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Кез-келген заттың сапасын талапқа сай түрде анықтау үшін сондықтан да фотоколориметр, спектрометр, хроматографтар және т.б. аспаптар қолданылады.

Пән мемлекеттік стандарт бойынша 050112- Химия мамандығы үшін базалық пәндердің міндетті компоненті болып табылады. Пәнді оқыту мақсаты – болашақ мамандық иегерлерін заманауи таладу құралдарымен және аспаптарымен (қондырғыларымен) жұмыс жүргізе білуге үйрету. Ол үшін студенттер әр бір аспаптың құрылысын, оптикалық сызбасын, жұмыс істеу принципін, жұмысты орындау барысын оқып білуі керек. Ал осы жұмыстың барлығын сапалы әрі жоғары деңгейде орындау үшін студенттерде сәйкес теориялық білім болуы керек. Мысалы, теориялық білімі болмаса студент спекордтың қандай талдаулар немесе қандай затты талдауға болатынын білмейді. Яғни, теориялық білімі бар студент қана берілген затты талдау жүргізу үшін дайындауды, аспапты дұрыс қосуды, онымен затты анықтауды, алынған нәтижелерді дұрыс интерпретациялай алады. Нәтижесінде заттың сапасына дұрыс баға беріледі.

Пәннің бағдарламасы бойынша студенттер дәріс сабақтарында және кеңес беру уақытында алған теориялық білімдерін зертханалық сабақтарда фотоколориметрде (КФК), спектрофотометрде (СФ-26 немесе Specord-75 IR), жалынды фотометрде (Flapho-4), атомдық-абсорбциялық спектрометрде (AAS N1), Varian фирмасының газ-сұйықтық хроматографында жұмыстарды орындау арқылы, және коллоквиум барысында сұрақтарға жауап беру арқылы бекітеді, яғни өз білімдерін шыңдайды.    

Химия саласындағы мамандардың қолданып жүрген физикалық әдістердің ішінде ультракүлгін және инфрақызыл, ядролық магниттік резонанс, электрондық парамагниттік резонанс, масс-спектроскопия, рефрактометрия және тағы басқа талдаудың физикалық спектрлік әдістері маңызды орын алады. Спектрлік әдістер қосылыстың молекулалық құрылымдары туралы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аспаптық талдау әдістерінің көлемдік әдістерге қарағанда басты айырмашылығы бар – өте аз мөлшердегі қоспаны анықтай алады. Ал көлемдік әдістерде мұндай мүмкіндік жоқ.

2 Заманауи зерттеу әдістері: түрлері, қолданылуы.

Талдаудың аспаптық әдістерінде жұмысты жүргізу барысында арнайы жабдықталған құралдарды немесе қондырғыларды қолданады. Аспап ретінде талдаудың негізгі сатыларын орындау үшін және оның нәтижелерін тіркеу үшін әр түрлі аналитикалық аспаптар қолданылады. ИЮПАК анықтамасы бойынша аспап дегеніміз – заттың сапалық қалпы туралы мәліметтерді бақылауға, өлшеуге немесе хабарлауға арналған, адамның жұмысын алмастыра алатын қондырғы. Аспаптық әдістерде қондырғылардың көмегімен тіркеліне алатын заттардың физикалық және физикалық-химиялық қасиеттері пайдаланылады. Талдаудың сезімталдығы және тіркеуші жабдықтардың дәлдігі субъективтік әдістерге қарағанда бұл жағдайда анағұрлым жоғары бола алады. Көптеген заттардың физикалық-химиялық қасиеттерінің арнайы болуына байланысты талдаудың талдамалылығы жоғары болады. Аспаптық әдістер көптеген талдаулар кезінде автоматтық түрде орындалады. Оларды сандық және сапалық талдауларда кеңінен қолданады.

...

Скачать:   txt (222.4 Kb)   pdf (1.4 Mb)   docx (974.1 Kb)  
Продолжить читать еще 58 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club