Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
Автор: abd1khalykova • Сентябрь 14, 2020 • Реферат • 1,245 Слов (5 Страниц) • 1,530 Просмотры
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары (Оксидтер, негіздер тұздар,қышқылдар)
Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт сыныпқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар. Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы ұғымдар алады. Соның ішінде оксидтер:
[pic 1]
Негіздік оксидтерге негіздер сәйкес, негіздік окситердің металл төменгі тотығу дәрежесін ТД көрсетеді (+1, +2).
Мысалы:
K2O – калий оксиді, KOH – калий гидроксиді
CaO – кальций оксиді, Ca(OH)2 – кальций гидроксиді
FeO – темір (ІІ) оксиді, Fe(OH)2 – темір (ІІ) гидроксиді
CrO – хром (ІІ) оксиді, Cr(OH)2 – хром (ІІ) гидроксиді.
Екідайлы оксидтерде металдар жоғары тотығу дәрежелерді көрсетеді: +2, +3, +4.
Мысалы:
Al2O3 – алюминий оксиді (ТД(Al) = +3, топ нөмеріне сәйкес)
Fe2O3 – темір (ІІІ) оксиді
Cr2O3 – хром (ІІІ) оксиді
ZnO – мырыш оксиді (ТД(Zn) = +2, топ нөмеріне сәйкес)
Қышқылдық оксидтер қышқылдарға сәйкес, құрамында бейметалдар:
CO2 – көміртек (IV) оксиді; H2CO3 – көміртек қышқылы
SO2 – күкірт (IV) оксиді; H2SO3 – күкіртті қышқыл
SO3 – күкірт (VI) оксиді; H2SO4 – күкірт қышқылы
P2O5 – фосфор (V) оксиді; H3PO4 – фосфор қышқылы
және жоғары тотығу дәрежелерін көрсететін (+5, +6, +7) металдар болады:
Cr2O3 – хром (VI) оксиді, хром ангидриді; H2Cr2O7 – дихром және HCrO4 хром қышқылдары сәйкес
Mn2O7 – марганец (VІІ) оксиді, HMnO4 – марганец қышқылы.
Оксидтердің алу жолдары
1. Жай және күрделі заттарды оттекпен тотықтыру арқылы:
2Ca+O2=2CaO
4P+5O2=2P2O5
4FeO+O2=2Fe2O3
2. Негіздерді, қышқылдарды, тұздарды термиялық ыдырау:
2Fe(OH)3→tFe2O3+3H2O
H2SiO3→tSiO2+H2O
2Cu(NO3)2→t2CuO+4NO2+O2
(CuOH)2CO3→t2CuO+CO2+H2O
Оксидтердің химиялық қасиеттері:
1. Сумен әрекеттесуі:
а) негіздік оксид + су = сілті
CaO + H2O = Ca(OH)2
б) қышқылдық оксид + су = қышқыл
SO3 + H2O = H2SO4
2. оксидтермен әрекеттесуі:
а) қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз
CO2 + CaO = CaCO3
б) қышқылдық оксид + екідайлы оксид = тұз
3SO3 + Al2O3 = Al2(SO4)3
в) негіздік оксид + екідайлы оксид = тұз
Na2O + ZnO = Na2ZnO2
3. Қышқылдармен және негіздермен әрекеттесуі:
а) негіздік оксид + қышқыл = тұз + Н2О
MgO + 2HCl = MgCl2 + H2O
б) қышқылдық оксид + негіз = тұз + Н2О
CO2 + 2NaOH = Na2CO3 + H2O
в) екідайлы оксид + негіз = тұз + Н2О
Al2O3 + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2O
г) екідайлы оксид + негіз = тұз + Н2О
натрийметааллюминаты Al2O3+2NaOH=t2NaAlO2+H2O натрийметааллюминаты
Оксидтердің физикалық қасиеттері:
Оксидтер үш агрегаттық күйде болады: мысалы,
CuO, CaO, Fe2O3, P2O5 - қатты заттар;
CO2, SO2, NO2 - газдар;
H2O, N2O3(t<0) - сұйық.
Оксидтердің түстері де әр түрлі:
Ғе2О3 - қызыл-қоңыр,
CuO - кара,
Сr2O3 - жасыл,
ZnO, MgO - ақ,
МnO2 - кою қоңыр,
SnO - кою көк түсті, т.б.
...