Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бейорганикалық заттардын кластары

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Практическая работа  •  1,115 Слов (5 Страниц)  •  365 Просмотры

Страница 1 из 5

БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ КЛАСТАРЫ

 1.1 Бейорганикалық қосылыстар

Барлық заттар жай және күрделі болып бөлінеді. Жай заттар бір ғана элементтерден тұрады, ал күрделі заттардың құрамына екі немесе одан да көп элементтер кіреді. Жай заттар екі түрлі: металдар және бейметалдар болып бөлінеді. Металдарда ерекше өздеріне тән «металдық» жылтыры болады, тапталғыш, иілімді, жылу мен электрөткізгіштіктері жақсы. Бөлме жағдайында барлық металдар (сынаптан басқасы) қатты күйінде кездеседі. Бейметалдарда металдарға тән жылтыры болмайды, олар үгілгіш, жылу мен электрөткізгіштіктері нашар. Кейбіреулері кәдімгі жағдайда газ тәріздес болып келеді. Күрделі заттар органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып бөлінеді. Бейорганикалық химия периодтық жүйедегі барлық элементтер химиясын қамтиды. Органикалық қосылыстардың қасиеттері бейорганикалық қосылыстардан ерекше, ал элементорганикалық қосылыстар аралық орын алады. Бейорганикалық заттар құрамына сәйкес (екіэлементтік, немесе бинарлық, қосылыстар мен көпэле-менттік қосылыстар: оттекті, азотты т.б.) және осы заттардың химиялық реакцияда орындайтын функциясына, яғни химиялық қасиеттеріне сәйкес (қышқылдық-негіздік, тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш т.б.) әртүрлі кластарға жіктеледі.

Бейорганикалық қосылыстар – химиялық элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар, олар, негізінен, төрт класқа бөлінеді: оксидтер, негіздер, тұздар, қышқылдар. Олардың арасында генетикалық байланыстар болады.

Оксидтер – химиялық элементтердің оттекпен түзетін қосылыстары. Негіздермен (немесе негіздік оксидтермен) әрекеттесіп, тұз түзетін оксидтер қышқылдық деп аталады. Суды қосып алып (тікелей немесе жанама), қышқылдық оксидтер қышқылға айналады. Мысалы, күкірт (VI) оксиді SO3 сумен әрекеттесіп, күкірт қышқылын H2SO4 түзеді:

SO3 + H2O = H2SO4

Кремний диоксиді SiO2 - қышқылдық оксид. Ол сумен тікелей әрекеттеспейді, бірақ оған кремний қышқылы - H2SiO3 сәйкес келеді Қышқылдық оксидтерді алудың бір әдісі – сәйкес қышқылды сусыздандыру. Сондықтан қышқылдық оксидтерді «ангидридтер» деп атайды. Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесіп, тұз түзетін оксидтер амфотерлік деп аталады. Ондай оксидтерге мысалы, Al2O3, ZnO, PbO, Cr2O3 жатады. Тұз түзбейтін оксидтер қышқылмен де, негізбен де әрекеттескенде, тұз түзілмейді. Мысалы, азот (I) оксиді - N2O, азот (II) оксиді  - NO. Элементтердің оттекпен тағы да бір қосылыстары белгілі, олар құрамы бойынша оксидтер класына, ал құрылысы мен қасиеттері бойынша тұздарға жатады. Ондай заттардың мысалы ретінде металдар пероксидтерін айтуға болады. Мысалы, барий пероксиді - BaO2, натрий пероксиді - Na2O2. Табиғаты бойынша, металдар пероксидтері әлсіз қышқылдың  - сутек пероксидінің (H2O2) – тұздары болып табылады.

Негіздер – молекулалары металл атомдарынан және бір немесе бірнеше гидроксил топтарынан құралатын күрделі заттар.

Электролиттік диссоциациялану теориясы тарапынан негіздер ерітінділерінде гидроксид-иондарды бөлу арқылы диссоциацияланатын заттар. Негіздердің маңызды химиялық қасиеттері – қышқылдармен (қышқылдық және амфотерлік оксидтермен) әрекеттесіп, тұз түзу қабілеттері, мысалы:

KOH + HCl = KCl + H2O

Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3 + H2O

2NaOH + ZnO = Na2ZnO2 + H2O

Қышқылдар мен негіздердің протондық теориясы тұрғысынан негіздер сутек иондарын қосып алуға қабілеті бар заттар, яғни протондар акцепторлары. Мысалы: аммиак – сутек протонын қосып алып, аммоний – ионын  түзеді. Аммиак, негіздер тәрізді, қышқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді:[pic 1]

...

Скачать:   txt (13.2 Kb)   pdf (105.7 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club