Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың түрлері және олардың негізгі сипаттамалары
Автор: 010324600954 • Февраль 24, 2023 • Контрольная работа • 445 Слов (2 Страниц) • 490 Просмотры
4.1. Тақырып №1. Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың түрлері және олардың негізгі сипаттамалары.
4.2. Дәріс мақсаты: Органикалық қосылыстардағы байланыстардың түрлерін яғни, жай байланыс, еселі байланыс сонымен қатар гибридтенудің түрлерін студенттерге жеткізу.
4.3 Дәріс тезисі
Химиялық байланыстың, негізінен, иондық және коваленттік болып бөлінеді. Органикалық қосылыстарға коваленттік байланыс тән. Бұл байланыс электртерістіктері бірдей немесе электртерістіктерінің айырмалары аз атомдардың арасында түзілетіндігімен де таныссыңдар.Атомдар арасында химиялық байланыс түзілген кезде электрон орбитальдары неғұрлым көбірек қаптасып, түзілген электрон бұлты неғұрлым тығыз болса, байланыс соғұрлым берік болады.
Дара және еселі байланыстар
Коваленттік байланыстың түрлері — дара және еселі байланыстар. Химиялық байланыс бір электрондық жұбы арқылы пайда болса, онда дара (жай) байланыс түзіледі. Мұндай байланыс σ (сигма) - байланыс деп аталады. Бұл жағдайда орбитальдарының қаптасуы нәтижесінде пайда болған электрон тығыздығы атом ядроларын қосатын түзудің бойында жатады және σ-байланыстың бірнеше жағдайы болады. Ол s—s, s—p,p—p, s—гибр., гибр.—гибр. т.б. орбитальдардың қаптасулары нәтижелерінде түзілуі мүмкін.
Электрон бұлттарының қаптасуы нәтижесінде пайда болған электрон тығыздығы атом ядроларын қосатын түзудің (жазықтықтың) екі жағында болса, -байланыс түзіледі. Ол р-электрон бұлттарының екі жерден қаптасуынан түзіледі және - байланыс түзілуінің тек бір жағдайы ғана болады. Бірақ кеңістікте әр түрлі бағытта (координаталар бойынша) орналаса алады.
-байланыс түзілгенде, электрон орбитальдары қаптасқан кезде пайда болатын электрон тығыздығы σ-байланыстың электрон тығыздығынан азырақ болады. Сондықтан -байланыс
...