Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алифатты органикалық қосылыстардың сапалық анализі

Автор:   •  Апрель 12, 2023  •  Лекция  •  3,520 Слов (15 Страниц)  •  272 Просмотры

Страница 1 из 15

№3 Лекция 

Тақырып: Алифатты органикалық қосылыстардың сапалық анализі

1. Органикалық заттарды бөлу (идентификациялау).

2.Алифатты органикалық қосылыстар, функциональдық топтар

Органикалық затты бөлу (идентификациялау) студенттен органикалық қосылыстардың негізгі кластарының  физикалық және химиялық қасиеттерін білуді талап етеді.

Органикалық затты бөлуді (идентификациялау) екі сатыда жүргізеді: белгілі заттың мысалында және содан кейін белгісіз затты.

Белгілі затты идентификациялау.

І. Алдын ала сынау

  1. Физикалық қасиеттері:

агрегаттық күйі (жеңіл қозғалғыш сұйық, ауыр сұйық, қатты зат)

түсі (түссіз, боялған)

иісі (иіссіз, жағымды, өткір)

  1. Тұрақтысы (константасы)

балқу температурасы

сыну көрсеткіші

  1. Суда ерігіштігі (жақсы, шектеулі, ерімейді)
  2. Индикаторға реакциясы (қышқылды, сілтілі, бейтарап)
  3. Галогендерге сынау

1.Алкандар.

Алкандар қалыпты жағдайда белсенді емес. Олар қаныққан күкірт қышқылымен, азот қышқылымен, сілтілермен және сілті балқымасымен де әрекеттеспейді. Алкандар KMnO4  мен HBr (бром суын) түссіздендірмейді. Алкандардың осы қасиеті арқылы басқа қосылыстардан ажырата аламыз.

2. Алкендер.

Алкендер қалыпты жағдайда KMnO4  бейтарап ерітіндісіне тотығады. Осы тотығу кезінде марганец анионының MnO-4  күлгінді-көк бояуы жайылып, марганец қос тотығына  MnO2  тән қоңыр түс реңі пайда болады:

CH2=CH2 + [O] +H2O [pic 1] CH2 ОН– CH2ОН

Этиленгликоль

3CH2=CH2 +2KMnO4 +4H2O [pic 2]3CH2ОН – CH2ОН + 2MnO2  2KOH

                                                         

  1. Бромды қосу реакциясы. Судағы және төртхлорлы көміртектегі бром ерітіндісі арқылы жібергенде, бром қос байланыспен әрекеттесіп, ерітінді түссізденеді.

CH3 – CH = CH2 + Br2 [pic 3] CH3 – CH – CH2

                                                     ׀          ׀

                                                      Br        Br

1,2 дибром пропан

3. Алкиндер

1) Ацетилендерді галогендеу, олефиндермен салыстырғанда баяу жүреді де, транс – галогеналкендер түзіледі.

                                  H              Br[pic 4][pic 5]

HC [pic 6] CH [pic 7][pic 8]     C = C [pic 9]                   [pic 10]  CHBr2 - CHBr2[pic 11][pic 12]

                                Br               H

        транс 1,2- дибромэтан                    1,1 -2,2 – тетрабромэтан

2)Сілтілік ортада калий перманганатымен тотықтырса, алкин молекуласы үштік байланыс бойынша ыдырай бөлінеді  де, карбон қышқылдары түзіледі.

CH3 – CH2 – С [pic 13] С -  CH3   [pic 14]  CH3 – CH2 –СOOH + CH3 – СOOH

          Пентин -2                                       пропан                         сірке

                                                                    қышқылы                    қышқылы

Бейтарапты ортада калий перманганатымен әсер еткенде, алкин рутений тетраоксиді және селен диоксидімен [pic 15]   дикетондарға дейін тотығады:

R –C [pic 16]   C – R/       [pic 17] R – CО – CО – R/       

                                                [pic 18] -  дикетон

4.Спиртті қалай анықтауға болады

Спиртті анықтауда ең қарапайым әдіс – түсін өзгерту. Егер хром ангидридін (CrO3) күкірт қышқылының сулы ерітіндісінде ерітсек хром қышқылының (Н2CrO4) мөлдір қызғылт сары түсті ерітіндісі түзіледі:

...

Скачать:   txt (12.4 Kb)   pdf (326.2 Kb)   docx (634.3 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club