Өңдеу кезiндегi техникалық бақылаулар
Автор: Birzhan Zhumabai • Май 12, 2020 • Лекция • 658 Слов (3 Страниц) • 467 Просмотры
Детальдың сызбасындағы проекциялардың түгелдiгiн, өлшемдерiнiң дұрыс қойылуын, өңделетiн беттердiң дәлдiгi мен кедiр-бұдырлығына қойылатын талаптардың орындалуын және басқа да техникалық шарттардың негiзделулерiн мұқият бақылап, тексерiп шығу керек. Кейде конструкторлар өңдеу дәлдiгiн себепсiз көтерiп, оның кедiр-бұдырлығын тым азайтып қояды, бұл технологияны қымбаттатып жiберетiн жай. Бұл жағдайда технологконструктормен ақылдасып, мүмкiн болса тиiмдi шешiмдерге келiсулерi қажет. Жұмыс сызбасын бақылауда, оның технологиялылығын жақсартуды да қарастырады. өңдеудiң еңбектi көп қажетсiнуiн кемiту үшiн өңделетiн беттердiң өлшемiн мүмкiндiгiнше қысқартуға тырысу, детальдың серпiмдi қатаңдығын көтеру арқылы өнiмдi көп аспапты өңдеулер қолдану, көп жүздi аспаптар мен жоғары өнiмдi кесу режимдерiн пайдалану, қосымша уақытты азайту үшiн аспаптың кесу зонасына икемдi кiрiп, шығуын қарастыру, детальдың конструкциялы элементтерiнiң пiшiндерiн бiрыңғайландырып, өлшемдiк және профильдiк асапатардың номенклатурасын азайту, дайындамаларды сенiмдi және ыңғайлы базалауды қамтамасыз етiп, мүмкiндiгi болса технологиялық базалар мен өлшем базаларын сайлап, көп орынды өңдеулердi өндiруге жол ашу. Детальдың технологиялылығын жақсарту арқылы технологиялық процестiң еңбек сыйымдылығын және өзiндiк құнын күрт кемiтiп жiберуге болады. 2. Өңдеу кезiндегi техникалық бақылаулар. Технологиялық процестердi жобалауда өндiрiс өнiмдерiнiң сапасын арттыру үшiн техникалық бақылаудың алатын орны ерекше. Өндiрiс процесiнiң барлық сатыларындағы сапаны арттыру және оны қамтамасыз ету шаралары, мүмкiн болатын өнiмнiң ақауларын мезгiлiнде табу және одан сақтану әрекеттерiмен тығыз байланысты. Ол үшiн алдын ала профилактикалық бақылаулар жүргiзiлуi тиiс; мұнымен көршiлес өндiрiс шығаратын шикiзат және бастапқы дайындамалардың сапасын, құрал-жабдықтардың күйлерiн тексередi; сонымен қатар жүрiп жатқан технологиялық процестiң дұрыс өтуiн бақылайды. Механикалық цехтардағы өнiмнiң сапасын өңдiрiстiк жұмысшылар, құрал-саймандарды келтiрушiлерi және цех мастерлерi тексередi. Арнайы бақылаушылардың жүмыс аумағы өте көп болмайды. Ол дайын детальдарды қабылдап, цехтан-цехқа берiлетiн дайындамаларды тексерумен болады. Өңдеу маршрутында арнайы нөмiрмен тексеру операциялары көрсетiлуi шарт. Кейбiр алдын ала өлшемдi аспаптармен жүргiзiлетiн операцияларда, арнайы бақылау операциясын көрсетпейдi; өйткенi алдын ала келтiрiлген құрал-саймандар және өлшем аспаптарының тұрақты өлшемдерi процестi дұрыс өткiзедi деп жорамалданады. Мысалы, көп шпиндельдi тесу станогында алынған бiрнеше тесiктердiң диаметрiн, тереңдiгiн және осьаралық қашықтығын зейiн салып тексерiп жатпайды. Бақылау операцияларын жүргiзу орнына қарай тұрақты және жылжымалы деп бөледi: бiрiншiсiн тұрақты бақылау пункттерiнде, ал екiншiсiн тiкелей жұмыс орнында жүргiзедi. Тұрақты бақылау операцияларын бiркелкi мол детальдарды арнайы тексеру қондырғыларын рабайсыз үлкен детальдарды
...