Өрескел қателіктері болған жағдайда саны көп бақылаулары бар тура өлшеулер нәтижелерін өңдеу
Автор: madikemelbek • Ноябрь 10, 2023 • Лабораторная работа • 1,604 Слов (7 Страниц) • 176 Просмотры
Зертханалық жұмыс №2. Өрескел қателіктері болған жағдайда саны көп бақылаулары бар тура өлшеулер нәтижелерін өңдеу
Мамандығы:
Орындаған:
Группа:
Тізім бойынша:
Тексерген:
______________________«_______»____________2022 жыл
(бағасы) (қолы)
Алматы 2022
Зертханалық жұмыс №2. Өрескел қателіктері болған жағдайда саны көп бақылаулары бар тура өлшеулер нәтижелерін өңдеу
Жұмыс мақсаты: өрескел қателіктер (мүлттер, шығарылулар) болған жағдайда саны көп бақылаулары бар тура өлшеулерді орындаудың әдістемесімен танысу. Осындай жағдайлардағы бақылау нәтижелерін өңдеудің және өлшеу нәтижелерінің қателіктерін бағалаудың дағдыларын алу.
Зертханалық жұмысқа тапсырма
Келесідей тапсырмаларды орындаңыз:
- виртуалды зертханалық жұмыстың экранында көрсетілген екі әртүрлі өлшеу құралдарының құрылымдық сұлбалары мен техникалық сипатамаларын оқыңыз;
- аталған өлшеу құралдарымен берілген кірудегі шаманы өлшеуге имитациялық тәжірибелерді өткізіңіз;
- имитациялық тәжірибелердің нәтижелерін статистикалық өңдеңіз;
- аталған өлшеу құралдарының қателіктерінің таралу заңдарын бағалыңыз;
- асимметрия және эксцесс коэффициенттері көмегімен бақылаулар нәтижелерінің қалыпты таралу заңына сәйкестігі туралы гипотезасын тексеріңіз;
- ν бақылау функциясы деп аталатын статистикасымен және «үш сигма» ережесі көмегімен күдікті X i бақылау нәтижесінің өрескел қателігі болмайтыны туралы гипотезаны тексеріңіз.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
- Зертханалық жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз:
- Metlab.exe файлын қосыңыз, бас мәзірден орындалатын зерханалық жұмыстың нөмірін таңдаңыз: студенттің тіркелу терезесі пайда болады (1.1 сурет);
- өзіңіздің аты жөніңізді, топ нөмірін енгізіңіз;
- зертханалық жұмыстың берілген нұсқасын енгізіңіз;
[pic 1]
2.1 сурет –Студентті тіркеу терезесі
Тапсырма:
12-нұсқа
Провести статистическую обработку результатов измерения температуры t=50 °C, используя: 1) первичный преобразователь ТХК-0179; 2) вторичный прибор КСП-2-03. Определить значение критерия согласия Пирсона при P1=0,997; P2=0,95
2.2.2 «Первичные преобразователи» бетінде термопаралар мен термокедергілердің ұсынылған тізімінен таспырмаға сәйкес бірінші ретті түрлендіргіштің типін таңдаңыз. «Проверить правильность выбора прибора» батырмасын басыңыз.
2.2.3 Егер де бірінші ретті түрлендіргіш дұрыс таңдалынған болса, сол жақта төменде «Первичный преобразователь выбран верно» жасыл лампа жанады.
[pic 2]
2.2 сурет – Прибор таңдау. Первичный преобразователь. ТСМ-7501
2.2.5 Жұмыстың келесі кезеңі «Имитациялық тәжірибе» болып табылады. Ол үшін «Статистическая обработка результатов» бетіне көшіңіз. Пайда болған «Имитационный эксперимент и статистическая обработка результатов» (2.4 сурет) терезесінде кірудегі температураны өлшеуге имитациялық тәжірибелерді екі өлшеу құралымен өткізуге мүмкіншілік бар. Бақылау санын «25» деп енгізіп, осы терезенің оң және сол жақтарындағы екі «Имитационный эксперимент» батырмаларын басыңыз.
Бірінші ретті түрлендіргішпен өлшенген кірудегі шаманың 25 мәнінен тұратын екі тік жолы және екінші ретті аспабымен өлшенген кірудегі шаманың 25 мәнінен тұратын екі тік жолы пайда болады. Олар кірудегі температураның мәнінің кездейсоқ тәртібімен алынған өлшенген нәтижесі болып табылады.
Жұмыстың келесі кезеңі «Нәтижелерді статистикалық өңдеу».
Бірінші ретті түрлендіргішпен өткізілген имитациялық тәжірибелерді статистикалық өңдеңіз. Ол үшін «Excel» батырмасын басыңыз, сонда өлшенетін шаманың 25 мәнінің сұрыптауы автоматты түрде «.xls» кеңейтілуі бар файлда орнатылады. Пайда болған терезеде кеңейтілуі «.xls» болатын файл атын енгізу керек.
...