Тасымалдау күш-көліктері түрлері, қысқаша сипаттамалары, мемлекеттік. ветеринариялық-санитариялық қызметпен бақылауларға жататын жүктер
Автор: Madinosha • Январь 26, 2024 • Реферат • 2,553 Слов (11 Страниц) • 151 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Реферат
Такырыбы:. Тасымалдау күш-көліктері түрлері, қысқаша сипаттамалары, мемлекеттік. ветеринариялық-санитариялық қызметпен бақылауларға жататын жүктерді тасымалдау амалдары мен тəсілдері
Орындаған: Тлеубаев Д
Тексерген:Нуркенова М.К
Семей 2023
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Тасымалдау күш көліктері туралы сипаттама
- Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринарлық- санитарлық талаптар
- Жүру кезінде жануарларды ветеринарлық-санитарлық бағалау
- Келу стансасында жануарларды ветеринарлық- санитарлық бағалау
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының ветеринария заңы бойынша темір жол, әуе, су,автокөлік арқылы тасымалдау тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтан алынған, клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, ал табындық және қолданылатын жануарлар, диагностикалық зерттеулерден өңдеуден өткеннен соң жіберіледі. Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін табындық жануарларды профилактикалық оқшауға қояды, ол мерзімде диспансеризация өткізіледі, 3 күннен кем емес аралықта жануарлар тасымалдау кезіндегі азықтандыру режиміне бейімделу қажет, ал союға дайындалатын жануарларды 4-5 күннен кем емес аралықта транспорттық режимге ауыстыру керек.
Темір жол, су, автокөлік, әуе жолдары арқылы жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан әкелінген жануарларды тек клиникалық тексерістен өткізген соң тасымалдауға болады.
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 19 мамырдағы бұйрықпен жануарларды тасымалдау Ережелерін бекітті,. сонымен, жануарларды тасымалдау кезінде иесі немесе жауапты адам мыналарды қамтамасыз етуі керек делінген:
- жануардың ветеринариялық құжатының болуы;
- азық, су, ауа, қозғалыс, табиғи қажеттіліктерді жіберу, сондай-ақ жануарларды оларға зиянды сыртқы әсерлерден қорғау қажеттіліктері.Тасымалданатын жануарлардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін көлік кеңістігінің көлемі;
- тасымалданатын жануарлардан жолаушылардың, көлік қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіпсіздік.
Бұл ретте аурудың айқын белгілері бар – ашық жаралары, іріңдеуі, қыналары, жағымсыз иісі бар, қауіп төндіретін немесе мазасыз мінез-құлықты көрсететін жануармен жолаушыларды тасымалдауға жол берілмейді. Ауру жануарлар ветеринариялық көмек көрсету үшін тасымалдауға жатады. Оларды тасымалдау оқшауланып жүзеге асырылады, басқа жануарлармен байланысқа жол берілмейді
Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринарлық- санитарлық талаптар
Транспорттық ветеринарлық қадағалау тасымалдауға дейін жануарларды тексеріп қараудан өткізіп, келесі ауруға зерттеулер өткізілуін қадағалау керек: ірі қара малды бруцеллез, туберкулез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, хламидиоз, паратуберкулез, трихомоноз ауруына; қойларды - бруцеллез, листериоз, вирустық іш тастау; ешкілерді - бруцеллез, лептоспироз, инфекциондық эпидидимит, туберкулез, меди-висна, аденоматоз, энцефалит-артрит, листериоз, блутанг, паратуберкулез, хламидиоз; шошқаларды - классикалық шошқа обасы, репродуктивті-респираторлы синдром, бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, Ауески ауруы, хламидиоз, вирусты трансмиссивтік гастроэнтерит, шошқа тұмауы, атрофиялық ринит, парвовирусты инфекция, шошқаның везикулярлы ауруы; жылқыларды - маңқа, киеңкі, сурру, пираплазмоз, инфекциондық метрит, бруцелез, инфекциялық анемия, туберкулез, лептоспироз, везикулярлы стоматит, вирусты артерит; есек пен қашарларды - маңқаға; түйелерді - бруцеллез, туберкулез, маңқаға, су-ауру, блутанг, паратуберкулез, контагиозды плевропневмония, африкандық обаға; бұғыларды - бруцеллезге, некробактериозға, туберкулезге; құстарды (тауық) - пуллороз, туберкулез Марек ауруына қарсы егілу керек; ит және мысықтарды - етқоректілердің обасы, құтырық, гепатит, вирусты энтерит, лептоспироз; түбітті аңдар (қара түлкі) алеут ауруына; қояндарды - эймериозға; араларды - варроатоз, акарапидоз, браулез, іріңді ауруға, аскофероз; балықтарды - тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы, описторхоз Басқа да зерттеулерді мемлекеттік ветинспектор келісімімен атқарады.
...