Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат – түрік» энциклопедиялық сөздігіндегі көркем сөз үлгілері
Автор: Malika6 • Март 27, 2025 • Реферат • 1,187 Слов (5 Страниц) • 156 Просмотры
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оны оқыту әдістемесі кафедрасы[pic 1]
Реферат
Тақырыбы: Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат – түрік» энциклопедиялық сөздігіндегі көркем сөз үлгілері.
Мамандығы: 6В01603
Пәні: Ежелгі мен хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту жүйесі
Орындаған: Сейтбек Мәлике, 102 топ
Тексерген: Сатемирова Д.С
Алматы,2025
1. Кіріспе
2. Махмұт Қашқари және «Диуани лұғат ат-түрік»
• 2.1. Автор туралы мәлімет
• 2.2. Еңбектің жазылу мақсаты мен маңызы
3. «Диуани лұғат ат-түрік» құрылымы мен бөлімдері
• 3.1. Жалпы сипаттама
• 3.2. Негізгі бөлімдер мен олардың мазмұны
4. Көркем сөз үлгілері және олардың ерекшеліктері
• 4.1. Поэзиялық үлгілер
• 4.2. Мақал-мәтелдер
• 4.3. Шешендік сөздер мен афоризмдер
5. «Диуани лұғат ат-түрік» көркемдік ерекшеліктері
• 5.1. Өлең құрылысы мен түрлері
• 5.2. Тілдік бейнелілік және образдылық
• 5.3. Фольклорлық дәстүрдің көрінісі
6. Қорытынды
7. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кіріспе
Махмұт Қашқари – ортағасырлық түркі әлемінің ең көрнекті ғалымдарының бірі. Оның «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі тек сөздік қана емес, сондай-ақ сол дәуірдегі түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиетін зерттеуге арналған баға жетпес мұра. Бұл еңбекте көптеген көркем сөз үлгілері кездеседі, олардың ішінде өлеңдер, мақал-мәтелдер, афоризмдер мен шешендік сөздер бар. Бұл рефератта аталмыш еңбектегі көркем сөз үлгілері жан-жақты қарастырылады.
2. Махмұт Қашқари және «Диуани лұғат ат-түрік»
2.1. Автор туралы мәлімет
Махмұд ибн әл-Хусейн ибн Мухаммед әл-Қашқари – Орта Азияның түркі тайпаларынан шыққан орта ғасыр ғалымы.
Махмұдтың ата-мекені – қазіргі Қазақстан жері Барысқан қаласында 1029-30 жылдары туған.Махмұт Қашқари (XI ғасыр) – түркітанудың негізін салушы ғалым, лингвист, этнограф, әдебиеттанушы және географ. Ол «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») атты энциклопедиялық еңбегін жазған, бұл еңбек түркі халықтарының тілі, мәдениеті, тұрмыс-салты, әдебиеті мен тарихы туралы аса құнды дереккөз болып табылады.
Махмұт Қашқари XI ғасырда өмір сүрген ғалым, лингвист және әдебиеттанушы. Ол Баласағұн қаласында дүниеге келіп, кейін Қашқарда білім алды. Оның «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі түркі тілдерінің байлығын көрсететін тұңғыш энциклопедиялық сөздік ретінде саналады.
1. «Диуани лұғат ат-түрік» энциклопедиялық сөздігіне жалпы шолу
Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегін XI ғасырда 1074 жылы жазған. Бұл сөздік араб тілінде құрастырылған және сол кездегі түркі халықтарының тілдерін, мәдениетін, тарихын зерттеуге арналған. Бұл еңбек-тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған жасаған еңбек.
Көшірме қолжазбасы ХХ ғасырдың бас кезінде табылды. Бұл еңбектің қолмен жазылған түпнұсқасы сақталмаған. Авторлың өз қолжазбасынан көшірілген бір нұсқасы Стамбулдың Фатих кітапханасында сақтаулы. Оны көшірген хуснихатшының аты-Әбу Бәкір бин Абдулфотхат.
Осы туындының парақтарын ашқанымызда, алғашқы кіріспе тарауында Аллаға және Әзірет Мұхаммедке мақтау сөздері орын алған. Артынан түріктерді мақтайды. Артынан жазу стилі, түріктер қолданған 18 әріптен тұратын әліпби, түрік тайпалары және олардың Еуразия жерінде тарағаны, тілдерді классификациялау секілді маңызды мәліметтерге орын береді. Еңбектің маңызды бөлімі сөздік кезегінен тұратын барлығы 8 кітаптан тұрады. Сөздікте 8 мың шақты түрікше сөздің араб тіліндегі аудармасы берілген. Осы 8 бөлімде шығыс пен батыс түрік халықтарының тіл ерекшеліктері, олар орналасқан тарихи география, экономикасы, әлеуметтік өмірі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары, фольклоры, тұрмысы жайлы мәліметтерге көп орын берілген. Әсіресе сөздікте түрік ғалым тарапынан дайындалған және бүгінгі күнге жеткен алғашқы әлемдік карта орын алған. 638 бет немесе 319 парақшадан тұратын бүгінгі күнге жеткен жалғыз нұсқасы Стамбулда Ұлт жазба туындылар кітапханасында сақтаулы. Сөздік бүгінгі күнге дейін түрік, Әзербайжан, өзбек, қазақ, қырғыз, ұйғыр тілдеріне және неміс, ағылшын, орыс, парсы тілдеріне аударылған. Махмұд Қашқаридің арабтарға түрік тілін үйрету мақсатымен жазылған осы туындысы тысында «Түрік тілінің грамматикасы» атты кітабы да бар екенін білеміз. Ғылым әлемінің назарын аудаған осы туынды біздің дәуірімізге жетпеген болса да Махмұд Қашқаридің аты түрік әлеміне қосқан үлесіне байланысты мәңгі есте қалады.
...