Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

14-16 жасар қыз баланың тамақтану рационы

Автор:   •  Ноябрь 24, 2018  •  Курсовая работа  •  1,361 Слов (6 Страниц)  •  1,412 Просмотры

Страница 1 из 6

 КІРІСПЕ

Тамақтану – адам өмір сүруінің алғы шарттарының бірі болып табылады. Ағзаның ана жатырында дамуының өзі осы тамақтану арқылы жүреді. Біздің күнделікті белсенділігіміз, қуатымыз, ақыл-ойды қолдану немесе дамыту қабілеттеріміз біздің жеген азығымызға және оның құрамдас бөліктерімен тығыз байланысты. Әр адамның тамақтануының өзіндік нормалары болады. Бұл нормалар онын күнделікті іс-әрекетіне, атқаратын еңбегінің түріне, қоршаған ортасына, табиғат жағдайына және тағыда көптеген факторларға тәуелді. Осы ерекшеліктерге байланысты тамаққа қосылатын ингредиенттер мен олардың мөлшері өзгертіледі. Мысалы, физикалық немесе ақыл-ой  белсенділіктерінің басымдылығына байланысты офис жұмыскері құрылысшыға қарағанда энергетикалық құндылығы азырақ, бірақ мидың жұмысын реттеуге қажетті микроэлементтер мен нутриенттерді көбірек жеуі тиіс.

Ал осы тамақтану ерекшеліктерін қарастыратын, ас әзірлеумен, диетологиямен және адам денесінің (нақтырақ ас қорыту жүйесі) құрылысымен  тікелей байланысты ғылым саласы – тамақтану физиологиясы деп аталады. Тамақтану физиологиясы нақты ғылым және көптеген нормативті документтер мен зерттеулерге және статистикалық мәліметтерге сүйенеді. Олардың негізгілерін өндейтін ұйымдар:

  • ФАО — БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы. Штаб-пәтері Римде орналасқан. Бұл арнайы мекеме 1945 жылдан бастап әлемдегі азық-түлік ресурстары мен ауыл шаруашылығы дамуының мәселелерімен айналысады.;[1]

  • Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу; [2]
  • Кедендік одақ комиссиясы (2011 жылғы 9 желтоқсандағы №880 шешімімен бекітілген КО ТР 021/2011"Тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы" тамақ өнімдеріне қатысты техникалық регламентті) тамақ өнімдері, тамақ өнімдеріне қойылатын талаптар , тамақ өнеркәсібі өнімдерін шығару ( өндіру) процесстері, сақтау, тасымалдау (жеткізіп беру), сату, өткізу және утильдеуге байланысты талаптар. [3]

Ұйымдардан бөлек тағамдардың қауіпсізділігін және стандартталғандығын кейбір бекітілген құжаттар көмектеседі. Госстандарт бекітуі бойынша құрылған құжаттар(ГОСТ Р №50762-2007; ГОСТ Р №50764-2009; СанПиН 2.3.2. 1078-01; СанПиН 2.3.6. 1079-01 и отраслевые стандарты).

Бекітілген талаптарды орындамау, немесе қандайда бір ескермеушіліктер тұтынушының денсаулығына нұқсан тигізуі мүмкін. Жалпылағанда тағам мен оның құрамдас бөліктерінің мөлшері нормаға сай болмауы түрлі ауруларға әкелуі мүмкін (алиментарлық маразм, квашиоркор, алиментарлық қортық, анемия, кахексия; цинга, ақшам соқыры, бери-бери, пеллагра; эндемии-ялық зоб, кариес, рахит; КҚМҚ жетіспеушілігі: бойының өсу интенсив-тілігінің төмендеуі, ағза-ның қарсылық күшінің репродуктивті функция-сының төмендеуі т.б).

Барлық талаптардың орындалуы мен халық тамақтануын реттеуде мемлекет рөлі өте зор. Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Кемелденген мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында халық тамақтануындағы денсаулық сақтау министірлігінің(ДСМ) ролі мен міндеттері нақты айқындалады. Осы жолдауда көп көңіл жас-өспірімдер тамақтануына бөлінген болатын.

Бұл жұмыста жас-өспірімдердің, оның ішінде 14-16 жасар қыз баланың тамақтану ерекшеліктері қарастырылады. Жас ерекшелігімен айналысатын ісіне байланысты адам тамақтануы өзгереді. Мысалы, балаларда негізгі зат алмасу үрдісі ересектерге қарағанда 1,5-2 есе жоғары және 6-9 жастағы балалардың дене салмағының 1 кг-ға шаққандағы тәуліктік энергетикалық қажеттілігі 80 ккал, немесе 335 кДж болса, 14-16 жастағылар үшін - 65 ккал, немесе 274 кДж. 14-16 жасар қыз баланың тәулігіне 3,5-4 сағаттық үзіліспен 4 рет тамақтанғаны дұрыс. Толығырақ осы және де басқа тамақтану ерекшеліктері жұмыстың негізгі бөлімінде қарастырылады.

...

Скачать:   txt (19.3 Kb)   pdf (163.8 Kb)   docx (20.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club