Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тілдік норма және жаңа қолданыстар

Автор:   •  Апрель 6, 2019  •  Лекция  •  1,766 Слов (8 Страниц)  •  2,929 Просмотры

Страница 1 из 8

Ақтау есептік-технологиялар колледжі

 

Келісемін:                                                                     Бекітемін:

Колледж әдіскері                                                         Директордың

_______ Өтесинова Д.М.                                         оқу ісі жөніндегі  орынбасары                        _______Г.А. Чилимбаева

                                                                                                       

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Тілдік норма және жаңа қолданыстар

 

  

   

                                                             Оқытушы: Лекерова Г.А.

                                                                   Тобы: ПМ қ/б

Ақтау 2017ж

Күні: 06.12.2017ж

Пәні:  қазақ тілі

Тобы: “Шаштараз өнері және сәндік косметика”

Ашық сабақтың тақырыбы: Тілдік норма және жаңа қолданыстар

Сабақтың мақсаты: Тілдік норма және жаңа қолданыстардың пайда болуы туралы студенттерге мағлұмат бере отырып білімдерін тереңдету.

Білімділік: Тілдік норма туралы алған білімдерін тереңдету, жаңа қолданыстағы сөздерге ерекше мән беру.

Тәрбиелік: Студенттерді адалдыққа, шынайы достыққа, еңбексүйгіштікке, табиғат сұлулығын сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттердің сөйлем мағынасына мән беріп, логикалық ойлай білуін, талдай білуін дамыту .

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: аукцион сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, слайд, сұрақ-жауап, талдау, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, математика

Сабақтың өтілу барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

- студенттерді түгендеу;

- студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;

-студенттерді “аукцион” әдісі арқылы топтық жұмыс жасауға дайындау;

-студенттердің зейінін сабаққа аудару;

Студенттерді үш топқа бөлу;

  • “Кәсіпкерлер” тобы;
  • “Серіктестер” тобы;
  • “Қызығушылар” тобы.

II. Үй тапсырмасын пысықтау.  Бұл кезең “Алғашқы капитал” деп аталады.

Үйге берілген тапсырма “аукцион” әдісі бойынша тексеріледі. Үлестірме карталардағы тапсырма ауызша талданады. Пысықтауға арналған сұрақтар қойылады. Әр сұрақ 1000-3000 теңге аралығында бағаланады. Сатылымда әлемдік классика Оскар Уайльдтің “Дориан Грейдің портреті” шығармасы.

III. Өткен тақырыпты пысықтау

-Тілдік норма мен дағдының бір-бірінен  айырмашылығы неде?

-Орфографиялық норма нені қарастырады?

-Офоэпиялық норма нені қарастырады?

-Қатаң норма қалай жасалады?

-Босаң норманың ерекшелігі неде?

IV.Жаңа сабақ. Жаңа тақырып бойынша ақпарат беру.

А) Ой қозғау кезеңі

Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Тілдік норма- әдеби тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі. Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тіл нормасын дұрыс қолдану деген сөз. Өзге тілдік нормалардан әдеби тіл нормасының өз ерекшелігі бар. Әдеби тіл нормалары оқулықтарда көрсетіліп, тиісті сөздіктерде тіркеліп отырады. Ал тиісті әдебиетте көрсетілген қағида, нормаларды сақтамау- нормадан ауытқу. Бірақ сөздіктерде тіркелмеген, түрлі оқулық пен анықтағыштардан ұшырата бермейтін сөздерді де күнбе-күн кездестіруіміз мүмкін.                                                                                                        

...

Скачать:   txt (17.6 Kb)   pdf (239 Kb)   docx (24.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club