Тракторларға техникалық қамтуды жоспарлау нәтижесі
Автор: zhalgasomurzar • Апрель 12, 2023 • Курсовая работа • 5,221 Слов (21 Страниц) • 179 Просмотры
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
«Аграрлық техника және технология» кафедрасы
«ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРВИСТІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ»
пәнінен тәжірибелік сабақ бойынша есеп-түсіндірме жазба
Орындаған: 6В0851-«Агроинженерия» мамандығының
19-01 топ студенті Насруллаев Асқар
Жұмыстың тапсырылған күні__________
Қабылдаған оқытушы Асқаров Н.Қ
Қорғаған күні ____________
Рейтинг____________%
Астана
2023
Мазмұны
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ТРАКТОРЛАРЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТУ-ДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ...........................................4
1.1 Жұмыстың мақсаты, мазмұн, алғашқы мәліметтер және орындау тәртібі...............................................................................................................4
1.2 Тракторлардың техникалық қамтулары мен жөндеулерінің түрлері бойынша сандарын анықтау әдістері............................................................5
1.2.1 Графикалық әдіс.....................................................................................6
1.2.2 Аналитикалық әдіс...............................................................................8
1.3 Шебер-баптаушылар және қажет техникалық құралдар санын анықтау...........................................................................................................14
1.3.1 Шебер-баптаушылар санын анықтау.................................................14
1.3.2 Техникалық қамту құралдарының санын анықтау..................... ....16
Тракторларға техникалық қамтуды жоспарлау нәтижесі бойынша қорытынды.....................................................................................................17
Әдебиеттер.....................................................................................................18
Кіріспе
Ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру технологисында опера-циялардың агротехникалық талапқа сәйкес қысқа мерзімінде орындалып мол сапалы өнім алу жолында техникалардың тоқтаусыз жұмыс істеуінің орны ерекше. Әрине жұмыстардың мерзімінде орындалуына техниканың жеткілікті болуы өте қажет, сонымен қатар олардың ақаулықтары салдарынан мезгілсіз тоқтап қалуларын болдырмау керек. Бұл жағдайлар агроөнеркәсіп кешені мекемелерінің инженерлік-техникалық қамта-масыз ету жүйесінің техникалық сервис қызметінің жұмысына тікелей байланысты.
Агроөнеркәсіп кешені мекемелерінің инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйесі шаруашылықтың саласына, өндірілетін дақыл түріне, аймақтың табиғи-климаттық жағдайына сәйкес қажетті техника-лармен қамтамасыз етіп қоймай оларға қажетті қосалқы бөлшектермен, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етіп, техникалардың жұмыс істеу барысында және жұмыс істемейтін кезде ақаусыздығын қамтамасыз ету бағышында техникалық, ұйымдастыру, технологиялық, экономикалық шараларды орындауға міндетті.
Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы саласындағы, агроөнер-кәсіп кешеніндегі өзгерістерге байланысты, сонымен қатар бұрынғы қалыптасқан
агроөнеркәсіп кешені ірі мекемелерінің таратылып инженерлік-техника-лық қамтамасыз ету жүйесінің өзгеруі, шағын фермерлік шаруашылық-тарда техникалық сервис қызметінің нашарлауы, болашақ мамандарға қазірге кезде техникалық сервиспен байланысты, бұрынғы кездегі мам-андар айналыспайтын мәселелерді білулерін талап етеді. Бұл мәселелер, соңғы жылдары шаруашылықтарда алыс шетелдерінің және ТМД елдер-інің қымбат техникаларын сатып алу әдістері, әртүрлі сервис жүйелері-нің қолдану мүмкіндігі, елімізде машиналы-технологиялық стансалар-дың (МТС) құрылуы және т.б.
...