Қозғалыстың техникалық жылдамдығы
Автор: totyak01 • Апрель 23, 2018 • Курсовая работа • 12,809 Слов (52 Страниц) • 818 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1.АЯЛДАМАЛЫҚ ПУНКТАРДЫҢ АРА–ҚАШЫҚТЫҒЫН АНЫҚТАУ
1.1 Аялдамалардың ара-қашықтығы 5 1.2 Бастапқы пункттан келесі пункттарға дейінгі қашақтық 5 2. АВТОБУСТЫҢ РЕЙС УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ
2.1 Рейс туралы жалпы түсінік 7 2.2Автобустың қозғалыс уақыты 7 2.3 Рейс ішіндегі автобустың аралық пункттарда тұру уақыты 8 2.4 Қатынас уақыты 9 2.5 Рейс уақыты 9 2.6 Айналма рейс уақыты 9 3. АВТОБУС ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН АНЫҚТАУ
3.1 Қозғалыстың техникалық жылдамдығы 10 3.2 Қозғалыстың қатынас жылдамдығы 10 3.3 Қозғалыстың пайдалану жылдамдығы 11 4. ЖОЛАУШЫ АҒЫМ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ
4.1 Жолаушы ағым түсінігі 12
4.2 Маршрут бойынша жолаушы ағымды анықтау 14 5. ТАСЫМАЛДАНАТЫН ЖОЛАУШЫ САНЫ
5.1 Тасымалданатын жолаушы санын анықтау 17 6. ТАСЫМАЛҒА ҚАЖЕТТІ АВТОБУСТАР САНЫН АНЫҚТАУ
6.1 Жылжымалы құрам түрін таңдау 20 6.2 Автобус қозғалысының интервалын анықтау 21 6.3 Автобус қозғалысының жиілігін анықтау 21 6.4 Жанар-жағармай шығындарын анықтау 22 7. АВТОБУС ҚОЗҒАЛЫС КЕСТЕСІН АНЫҚТАУ
7.1 Қозғалыс кестесіне қойылатын талаптар 25 7.2 Жүргізушілердің жұмыс және демалыс уақыттарының нормасы 26 ҚОРЫТЫНДЫ 29
ӘДЕБИЕТТЕР 30
ҚОСЫМША А ҚОСЫМША Б
КІРІСПЕ
Автомобиль көлігі —жалпы көлік кешеніндегі қоғамдық көліктің ең көп пайдаланатын түрі болып табылады. Жолаушы автомобиль көлігі өзінін жаңа даму сатысына көтерілді, бұрынғы кезге қарағанда қаладағы және ауылдағы халықты көлікпен қамтамасыз етуге сапалы және түбегейлі өзгерістер енгізілді.
Жалпы пайдалыныстағы автомобиль жолаушылар көлігі елдің жалпы көлік жүйесінің бір бөлігі болып табылады,сондай-ақ жолаушы тасымалында қызмет көрсететін барлық көлік түрлері сияқты әр түрлі қатынаста тасымал жасайды.
Автомобиль тасымалының әуе, су және теміржол сияқты көлік түрлеріне қарағандағы артықшылығы оның тасымалдық қабілетінің ауқымдылығы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы шапшаңдығы мен жақын ара-қашықтыққа тасымалдаудағы өзіндік құнының аздығы болып табылады.
Батыс Қазақстан орталығы Орал қаласында автобустық жолаушы тасымалының маңызы зор. Орал қаласында жолаушы тасымалында негізінен автобустар маршруттық шағын автокөліктер,таксилер қолданылады. Сонын ішінде автобустар қалалық,қаламанындық,қалааралық,халықаралық тасымалдарда қолданылады.Жалпы автомобиль көлігінін БҚО үшін маңызы жоғары. Себебі облыстың басым аумағында темір жол көлігі жоқ. Курстық жұмыстың мақсаты – «Жолаушы тасымалдау технологиясы және оны ұйымдастыру» пәні қорытынды ретінде берілген нұска бойынша өз бетінше теориялық және практикалық білімдерін кеңейту, сонымен бірге осы білімдерін жолаушы тасымалын ұйымдастыру кезінде нақты жұмыстарды орындау үшін қолдану, тасымалдаудың жаңа технологияларын қолдану, қазіргі кездегі жолаушы тасымалын ұйымдастыруда өз бетімше жұмыс істеу.
...