Қоршау конструкция элементін жылу техникалық есептеу
Автор: Шахизат Кулбаева • Февраль 18, 2018 • Курсовая работа • 5,968 Слов (24 Страниц) • 1,588 Просмотры
Мазмұны
Нормативті сілтемелер......................................................................................5
Анықтамалар......................................................................................................7
Белгілеулер мен қысқартулар...........................................................................8
Кіріспе................................................................................................................9
1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы...........................................................11
1.1 Құрал-сайман цехтың сипаттамасы.........................................................12
1.2 Кәсіпорынның бас жоспары....................................................................14
2 Үйлердің көлемдік жоспарлық және конструкциялық шешімдері........15
2.1 Ұстын торын таңдау..................................................................................16
2.2 Конструкциялық элементтер және олардың шешімдері.......................17
3 Қоршау конструкция элементін жылу техникалық есептеу...................21
4 Техника қауіпсіздік.....................................................................................23
5 Қоршаған ортаны қорғау............................................................................25
Қорытынды......................................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................28
Нормативті сілтемелер
ҚР ҚНжЕ 12-03-2006 Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі
ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010 Құрылыс климатологиясы
ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 Құрылыс жылу техникасы
ҚР ҚНжЕ II-89-80 Өндірістік кәсіпорынның бас жоспары
ГОСТ 12.506-81 Өндірістік үйлердің терезелері. Конструкция түрлері және өлшемдері
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 Қоғамдық үйлер және қосымшалар
ҚР ҚНжЕ 5.03-37-2005 Көтеруші және қоршау құрылымдар
ҚР ҚНжЕ 2.04-19-2004 Құрылыс құрылымдарын тоттанудан қорғау
ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 Табиғи және жасанды жарықтандыру
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Өрт қауіпсіздігі
ГОСТ 23.840-79 Өндірістік, көмекші және қоймалы үйлер
ГОСТ 23.838-79 Бір қабатты өндірістік үйлер
Анықтамалар
Бұл курстық жобада келесі анықтамалар қелтірілді
Бас жоспар - өзіңдік жобаланатын және іс атқарушы үйлердің, ғимараттардың негізгі өткелдердің көгалдандырумен орналасқан, жобаланатын өнеркәсіптік комплекстің масштабты сызбасы.
Үйлердің қоршау элементтері – үйлерді атмосфералық әсерлерден қорғауға және ішінде температуралық ылғалдылық режимді қамтамасыз ететін элементтер.
Ғимараттар – жерде орналасқан құрылыстар.
Азаматтық ғимарат - адамдардың тұрмыстық және қоғамдық-мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған ғимараттар.
Өнеркәсіптік ғимарат – көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттар.
Аралық – жабын элементінің көтеруші конструкциялық элементтің ұзындығына теңгерілген шама.
Ұстын қадымы – жабын элементінің көтеруші конструкция элементінің осьтері арасындағы арақашықтық.
Байлау – бөлу өсінен конструциялық элементтің геометриялық өсіне немесе қырына дейінгі арақашықтық.
Негіздер – үйлер мен ғимараттардың оларға әсер етуші барлық жүктемелерді қабылдаушы сілім қабаты.
Табиғи негіздер – негіз ретінде өздігінен туындалып төселген сілім қабаты.
Жасанда негіз – қажетті көтергіштік қабілетке ие болмайтын , қосымша қатайтуды қажет ететін сілім қабаты.
Іргетас – үйлер мен ғимараттардың жер бетінен төмен орналасқан үйлердің жүктемелерін қабылдап, оны өзінен төмен орналасқан сілім қабатына беретін элементт.
Іргетас табаны – іргетастың сілімге жанасуы жазықтығы.
Іргетастың шөгу тереңдігі – сілім жазықтығының іргетас табанына дейіңгі қашықтық.
Ауа кеңістігі – бұл талап адам еңбегінің денсаулықты жағдайынан өнімге қойылатын талапты және технлогиялық жабдықтың сақталуын қамтамасыз ететін кеңістік.
...