Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылжымалы тізбектің маршруттағы жұмысының техникалық пайдалану көрсеткіштерін есептеу

Автор:   •  Май 16, 2018  •  Курсовая работа  •  3,192 Слов (13 Страниц)  •  1,432 Просмотры

Страница 1 из 13

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1.     Жалпы жағдайлар

2.     Әдістемелік нұсқаулар

2.1.  Жүкті арту бекетіне бос автомобильдің  қайтуының  тиімді      

жоспарын іздестіру

2.1.1. Сызықтық бағдарламалаудың жалпы  есебін құрастыру

2.1.2. Сызықтық бағдарламалаудың  көліктік есебін құрастыру

2.1.3. Жүкті арту бекеттеріне бос автомобильдердің қайтуының тиімді жоспарын анықтау

2.2.   Жылжымалы тізбектің жұмысының қолайлы  маршруттарын

құрастыру

2.3.   Жылжымалы тізбектің айналмалы маршруттағы жұмысы кезіндегі жүкті артудың  бірінші нүктесін анықтау

3.     Жылжымалы тізбектің маршруттағы жұмысының техникалық пайдалану  көрсеткіштерін есептеу

3.1.  Жылжымалы тізбектің түрін таңдау

3.2.  Жылжымалы тізбектің кері қарай бос жүрісі маятникті маршруттағы жұмысын есептеу

3.3.  Жылжымалы тізбектің айналмалы маршруттағы жұмысын есептеу

4.     Автомобильдердің қозғалыс кестесін құрастыру

5.     Маршруттағы жүк ағындарының  эпюрасын құрастыру

        Пайдаланатын әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

        Автомобильдерден тасымалдаудың дамуының ең алдыңғы түрі – орталықтанған тасымалдауларды дамыту, автокөліктік кәсіпорындарды ірілендіру, тасымалдаулар көлемін арттыру, көліктік жұмыстарды басқарудың қалыптары мен әдістерін жетілдіру тасымалдаулардың нақты математикалық және экономикалық заңдарына негізделген жоспарлау мен ұйымдастыру әдістерін талап етеді.

        Автокөлік кәсіпорындарының жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа әдістеріне өтуіне байланысты объективті заңдардың автомобиль тасымалдауларын жоспарлаудағы, ұйымдастыру мен орындаудағы рөлі көліктік құралдар өнімділігінің өсуіне, тасымалдаулар өзіндік құнының кемуіне, автокөліктің жұмыс рентабельдігінің артуына, жұмысшылардың ынтасын, олардың өз кәсіпорындарының өндірістік және қаржылық қызмет нәтижелеріндегі қызығушылығын дамыту мен демеуге мүмкіндік бере отырып, елеулі түрде артты.

        Автомобильдер мен тасымалдауды орынды ұйымдастыру жоспарлаудың ғылыми деңгейін арттыруда талап етеді. Көліктің жұмысын ұйымдастырудың тиімді вариантын іздестіру – математикалық әдістердің көмегімен тез әрі нәтижелі жүргізіледі.

        Мемлекетіміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың көлік жұмысына жасалған стратегиялық бағыт бағдары еліміздің өркениетті болашағына арналған. Автомобильдермен тасымалдауды жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерін шешуге іздестіру – математикалық әдістерін, электронды – есептеу машиналарының мүмкіншілігін барынша орынды қолдану, жұмыстың дұрыс әрі тиімді атқарылуына септігін тигізеді. Мұның бәрі болашағымыздың талабы.

1.ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР

Автомобильдер тасымалдауларын орынды ұйымдастыру жоспарлаудың ғылыми деңгеиін арттыруды талап етеді, өйткені автомобиль көлігінің жұмысын басқару міндеттері мүмкін болатын варианттарының ішінен ең жақсысын – нақты жағдайлардағы автокөлік жұмысының тиімді вариантын тез таңдауды қамтамасыз ете алмайтын қарапайым арифметикалық әдістермен шешіле алмайды. Мұндай есептерді шешудің күрделілігін мынадай мысалмен көрсетуге болады: біртекті жүктің 3 жеткізушісімен 3 тұтынушысы болған кезде, жұмысты ұйымдастырудың мүмкін боларлық варианттар саны 90 құрайды, 3 жеткізушімен 3 тұтынушы болса – 6256 және т.с.с

        Көліктік жұмысты ұйымдастырудың тиімді вариантын іздестіру математикалық әдістердін көмегімен тез әрі нәтижелі жүргізіледі. Көліктік жұмысты ұйымдастырудың тиімді вариантын іздестіруге мүмкіндік беретін обьективті әдіс ретінде сызықтық бағдарламалау әдісі болып табылады.

        Сызықтық бағдарламалаумен шешілетін есептер үшін 3 негізгі моменттер тән:

  • өз ара байланысқан факторлық жүйесінің болуы;
  • тиімділікті бағалаудың түрін табу;
  • қолда бар ресурстарды пайдалануды шектейтін шарттарды анықтау.

        Есептерді сызықтық бағдарламалау әдісімен шешкенде тек осы үш факторларды ғана есепке алған жөн, олардың ішінде ең маңыздысы тиімділік түрін таңдау болып табылады, оның негізгі бөліктері мыналар:

...

Скачать:   txt (44 Kb)   pdf (335.4 Kb)   docx (67.4 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club