Шыны
Автор: Shyryn Ramazan • Декабрь 20, 2023 • Лекция • 1,545 Слов (7 Страниц) • 195 Просмотры
Шыны. Химиялық және термиялық тұрақтылықтың жоғары көрсеткіштеріне кремнеземнен (99,5 % SiO2) тұратын кварцты шыны жатады. Кварцты шыныдан химиялық ыдыстарды, термопаралар қаптамаларын, оқшауландырғыштар және басқа да бұйымдар жасау үшін қолданылады. Сынықсыз шынылар (триплекс). Бұл бірнеше қабат әдеттегі және органикалық шыныдан құралатын күрделі құрамды шыны. Бұл қабаттарды желімдейді және жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шынықтырылған шыныларды желімдеуге болады. Үшкір жарықтары жоқ шынылар ұшақтарды, автокөліктерді, су көлігін, сонымен қатар жоғары температуралар мен қысымдарда жұмыс істейтін аспаптарды шынылау үшін қолданылады. Пеношыны. Оны газ түзуші (бор, көмір, кокс) қосу жолымен 700 – 900 °С температурада балқытылған шыныны көпіршіту арқылы алады. Пеношынының тығыздығы төмен, оны жылу және дыбыс оқшауландырғыш материал ретінде қолданады. Құрылыста 1 тонна пеношыныны қолдану 85 – 90 тонна қызыл кірпішті үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар пеношыныны өте жоғары химиялық тұрақтылық талап етілетін фильтрлер дайындау үшін қолданады. Шыныкристалды материалдар – ситалдар. Олар әдеттегі шыныдан тек құрамы ғана емес, кристалдық құрылымымен де ажыратылады. Шынылар – аморфты, ситалдарды шыныға кристализациялық орталықтардың түзілуіне әсер ететін катализаторлар енгізу жолымен алады. Оларды 400 – 600 °С температураға дейін қайта қыздыру кристалдардың түзілуін тудырады. Ситалдардың кристалдану дәрежесі 95 % дейін жетеді. Ситалдар жоғары қаттылыққа, термотұрақтылыққа (700 – 800 °С дейін) және химиялық тұрақтылыққа ие болады. Ситалдардан басқарылатын снарядтың обтикателі, іштен жану қозғалтқыштарының поршеньдері мен цилиндрлерін, 540 °С температураларға дейінгі температуралар кезіндемайлаусыз жұмыс істейтін мойынтірек обоймаларын жайындау үшін қолданады.
Ағаш материалдары. Ағашты машина жасауда (автокөліктің борттары мен едендерін, вагондардың кейбір құрылыстары, мойынтіректер, тісті дөңгелектер және т.с.с.) кеңінен қолданылады. Әсіресе ағаштың машина жасау саласындағы кең қолданылатын аймағы үлгілік құймаларды қамтамасыз етуі. Тамақ өнеркәсібінде ағашты ыдыс (қаптау жәшіктері) ретінде кеңінен қолданылады. Ағаштың ерекшеліктері – тығыздығы төмен, айтарлықтай жоғары меншікті беріктігі, соққы және дірілді жүктемелер кезінде жақсы қарсыластық көрсетуі, жылулық кеңеюдің температуралық коэффициентінің төмендігі (болатқа қарағанда 2 – 3 есе төмен), бірқатар қышқылдарға, тұздарға, майларға тұрақтылығы жоғары болады. Ағаш жоғары технологиялық қасиеттерге ие – білдектерде жақсы өңделеді, желімденеді, шеге немесе шуруппен жақсы біріктіріледі. Ағаштың кемшіліктерне оның ағаш бұйымдарының өлшемдерін, пішінін және беріктігін өзгертетін, жоғары су сіңіргіштігін, сонымен қатар шіруге бейімділігін, отқа тұрақтылығының жоқтығын жатқызуға болады. Ағаштан жасалған бұйымдарды шіруден қорғау үшін бояу – сыр бүркемелерімен немесе пластмасса қаптамаларымен қаптайды. Қорғаудың химиялық әдістерінен тұз ерітінділерімен NaF, ZnCl2, CuSO4 және т.б. сіңдіруді қолданады. Ағаштардың жылдам тұтануын төмендету үшін оттан қорғайтын бояу мен сырлар қолданылады. Ағаш талшықты материал болып табылады, сондықтан бұйымдарда тура қабаттарды кесе көлденең қабаттармен үйлестіреді, ол өз кезегінде бұйымның беріктігін жоғарлатады. Ағаштың маңызды сипаттамаларының бірі оның тығыздығы болып табылады. Ағаштың өте жеңіл және жиі қолданылатын түрлері – қарағай, шырша, жөке, көктерек, қандыағаш; өте ауырлары – емен, граб, алмұрт, самшит ағаштары. Ағаштың өңделгіштігі оның қаттылығына байланысты болады. Ағаштың тығыздығынан оның тозуға төзімділігі де байланысты болады. Әртүрлі ағаш түрлерінің кейбір салыстырмалы қасиеттері 15.1 – кестеде келтірілген.
...