Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шынықсаң – шымыр боласың

Автор:   •  Май 19, 2020  •  Эссе  •  461 Слов (2 Страниц)  •  6,996 Просмотры

Страница 1 из 2

         «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған.
         Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде жасөспірімдерді әскери қызметке, тәртіптілікке, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеуге, жастардың тек рухани ғана емес, дене қимылының дамуына да айрықша көңіл бөлініп келеді.
 

           Ел президенті Қ.К.Тоқаев  биылғы жолдаған Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек»,-деп атап өткендей, колледж ұжымында салауатты өмір салтын енгізуде, студенттер мен қызметкерлер арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарды жақсартуға үлкен көңіл бөлінеді. Ол үшін барлық жағдай жасалған: спорт және жаттығу залдары бар. Фитнес залы жұмыс жасайды. Облыстық СПИД, Салауатты өмір салтын қалыптастыру, Аудандық жастар  орталығы және Аудандық ішкі саясат басқармасымен  бірлесіп   түрлі тақырыптық акциялар, флешмобтар, кездесулер, ұйымдастырылып отырады. 

         Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақорлық та дендеп бара жатыр. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.
Қазақ халқы « тәрбие басы - тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Жат әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз қажет.

...

Скачать:   txt (5.9 Kb)   pdf (52.8 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club