Пропорционал шамаларды оқыту әдістемесі
Автор: Anuarbekova00 • Апрель 29, 2020 • Курсовая работа • 10,735 Слов (43 Страниц) • 1,162 Просмотры
Пропорционал шамаларды оқыту әдістемесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БӨЛІМ. ПРОПОРЦИОНАЛ ШАМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Пропорционал шамалардың, сандардың қатынасы, түрлері..............................5
1.2 Пропорционал шамалармен таныстыру және оларды оқыту әдістемесінің міндеттері.....................................................................................................................8
1.3 Пропорционал шамалардың түрлері...................................................................9
2 БӨЛІМ. ПРОПОРЦИОНАЛ ШАМАЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 Пропорционал шамалармен байланысты есептер.............................................17
2.2 Пропорционал шамалармен байланысты есептерді шешуге үйрету технологиясы.............................................................................................................20
2.3 Екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептер......................22
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................28
ҚОСЫМША...............................................................................................29-30
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Математикада тек қана обьектілер емес (сан, фигура, шама т.с) олардың арасындағы қатынастар, байланыстар да зерттеледі. Натурал сан ұғымын қалыптастыру - бастауыш математика курсының негізгі ұғымы және жалпы математика сандар арасындағы әртүрлі өзара байланысты зерттей отырып дамиды. Математикалық білім таным процесі және таным нәтижесі ретінде ұзақ тарихы бар күрделі құбылыс. О баста математиканың практикаға тікелей қатысы болғанымен, біртіндеп таным әдістері мен принциптерінің жинақталуы өзіндік, дербес тұжырымдардың қалыптасуына жағдай жасады. Осының нәтижесінде математикалық білімдер күнделікті тұрмыс қажеттіліктерінен бөлініп, таным логикасы бойынша реттелген жүйеге ауыса бастады.
Бастауыш пропорционал сыныптардағы шамалармен таныстыру және олардың арасындағы байланысын қарастыра отырып зерттеу, ұйымдастырудың мәні мен маңызын аша отырып, математикалық шамаларға сипаттама, оны қалыптастыру және дайындық кезеңінің сабақтарын ауызша өткізу жолдарын қарастыру.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы халыққа білім беру жүйесінің жұмысын жаңа сатыға көтеріп, оқу мен тәрбие сапасын арттыруды көздеп отыр. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сыныптар математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің берік игерілуін, тәрбие жұмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүзеге асырылуда.
Бастауыш сыныптар математикасындағы кейбір оқу материалын бағдарламадан алып тастау немесе оны ілгері сыныптарға ауыстыру арқылы негізгі және міндетті мәселелерді оқушылардың шала меңгеруін жою; қандай да бір түсінікті не ұғымды қалыптастыруда олардың мән-мазмұнын практикалық іс-әрекеттер арқылы айқындап, оқушылардың білімін, икемділігі мен машықтарын шыңдай түсуді қамтамасыз ететін методикалық мүмкіндіктер мен жағдайлар туғызу; оқулықтардағы жаттығуларды арнайы іріктеп, оларды жүйелі оқыту
...