Жалпы білім беретін мектептерде және колледждерге қатардағы жауынгердің ұрыс әрекетін оқыту әдістемесі
Автор: Armat Moldagaliev • Март 1, 2022 • Дипломная работа • 20,896 Слов (84 Страниц) • 319 Просмотры
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
2021 ж.
.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жалпы білім беретін мектептерде және колледждерге қатардағы жауынгердің ұрыс әрекетін оқыту әдістемесі.»
5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы
-2021
Мазмұны
Кіріспе .....................................................................................................................4
1 Тарау. Тактикалық дайындық қимылдары.
1.1 Жалпыәскерлік ұрыс сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттері...............6
1.2."Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптері...................................... 1
1.3 Тактикалық дайындық талаптарын орындау .............................................. 20
2. Тарау. Тақтикалық дайындықтан практикалық сабақты өткізудің түрлері мен әдістері
2.1 Оқушыларды тактикалық дайындық талаптарын орындауға үйрету
жолдары................................................................................................................. 35
2.2 Тактикалық дайындық ережелерін әдістемелік тұрғыда қарастыру..........41
Қорытынды ........................................................................................................ 63
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................. 66
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қызмет ету – әр азаматтың міндеті. Бұл – еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге халықтың білдірген сенімі.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп көрсетті: «Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз – аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету» (Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2050». Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы). Халықаралық жағдай күн сайын шиеленісіп жатқан бүгінгі кезең Республика Қарулы Күштерінің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен қырағылығын талап етіп отыр [1.23 бет].
Жоғарғы моральдық рух, мықты әскери тәртіп, интернационалдық бірлік жауынгерлерге бейбіт уақытта да, сонымен бірге Ұлы Отан соғысы жылдарында да жауды жеңуде жетістіктерге қол жеткізуге, жауынгерлік әзірлікті нығайтуға ықпал еткен.
Отан қорғауға дайындалу үстінде жастар Қарулы Күштерінде қызмет етуге және құрамалардың түрлерін, қарулар мен әскери техникаларды жауынгерлер мен матростар игеру қабілеті Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуға қосылған нақты үлес болып саналады. Техника қаншама дамып жетілгенімен, ойлайтын парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды, техника не бәрі жауапкершілік қасиетін толықтырып, күшейте түседі, сондықтан да барлық әскер түрлерінің негізгі және басты тірегі, діңгегі адам болып қалады, техниканың өзі соғыспайды, техникамен қаруланған және оны игеретін адам соғысады.
Қарулы Күштер түрлері әр түрлі әскер бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерден тұрады. Бірақ құрлықтағы жауды толық түрде талқандауда құрлық әскерлері мен аэро –ұтқыр әскерлері шешуші рөл атқарады.
Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы әскерлерге-инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік әскерлер және т.б. жатады [2 34 бет].
Мотоатқыштар әскерлеріне мотоатқыштар бөлімшесі, бөлімдер мен құрамалар жатады. Мотоатқыш бөлімшелері – тактикалық бөлімшелер болып табылады. Ол мотоатқыш бөлімінің негізін құрайтын және жалпы әскери бөлімше болып табылатын мотоатқыш взводына кіреді және жалпы әскери бөлімше болып табылады. ЖҰМ атомға қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған. Қарулы күштер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен жабдықталған және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.
...