Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәтінді есептерді шығару арқылы бастауыш мектеп оқушыларының логикалық қабілеттерінің даму деңгейін эксперимент арқылы зерттеу

Автор:   •  Март 4, 2021  •  Курсовая работа  •  4,762 Слов (20 Страниц)  •  732 Просмотры

Страница 1 из 20

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...........................................................................................................

1.Мәтінді есептерді шығару арқылы бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері.

1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың ерекшеліктері ……………………………………………………………….......

1.2 Мәтінді есептерді шешу процесінде қолданылатын ойлаудың логикалық әдістері...................................................................................................

2.Мәтінді есептерді шығару арқылы бастауыш мектеп оқушыларының логикалық қабілеттерінің даму деңгейін эксперимент арқылы  зерттеу

2.1 Мәтінді есептерді шығару арқылы бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту әдістемесі

2.2 Мәтінді есептерді шығару арқылы бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерінің даму деңгейлерін эксперимент арқылы зерттеу нәтижесі

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................

КІРІСПЕ

         Қазақстанда білім беруді және ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. 2015 жылы республика өзіне Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына, оның ішінде бәрін қамтитын және әділ сапалы білім беруді және баршаға арналған өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз етуді көздейтін 4-мақсатына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді қабылдады. Оған қол жеткізу үшін әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды: мектепалды даярлықты қамтамасыз ету, 12 жылдық мектеп білімінің моделі, оқушылардың бойында 21 ғасыр дағдыларын дамыту, арзан және сапалы ТжКБ мен жоғары білімге тең қол жеткізу. Аталған бағыттар қазақстандық білім беру жүйесі үшін де басым болып табылады.

Математикалық білім беру бүкіл білім беру құрылымында ерекше рөл атқарады. Математика жаратылыстану ғылымдары мен экономиканың негізі ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушыларының интеллектуалды дамуының маңызды компоненті болып табылады. [1]

"Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге; есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын қолдану дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және деректерді беру машықтарын қалыптастыруға бағытталған. [2]

 Алайда отандық білім және ғылым жүйесінде шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелер бар. Қазақстан халқының сауаттылық және құзыреттілік деңгейін бағалау әлемнің көптеген елдерінен елеулі артта қалғанын куәландырады. ЭЫДҰ-ның ересектердің (16-65 жас) құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасының (PIAAC) нәтижелері бойынша Қазақстан оқу бойынша 34-орынды, математикалық сауаттылықтан (39 елдің ішінен) 33-орынды және ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласындағы сауаттылық бойынша (36 елдің ішінен) 32-орынды иеленді. Қазақстанның нәтижелері ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің және Ресей Федерациясының орташа көрсеткішінен (оқу бойынша 9-орын және математикалық сауаттылық бойынша 15-орын) әлдеқайда төмен. Білім және ғылым жүйесіндегі бұл жағдай өзгермейтін болса, таяу перспективада ұлттық адами капитал одан әрі нашарлап, кәсіби кадрлардың азаюы және еліміздің экономикалық әлеуетінің төмендеуі орын алады. [1]

...

Скачать:   txt (69.8 Kb)   pdf (310.5 Kb)   docx (490.9 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club