Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Топографиялық карталар бойынша-инженерлік техникалық есептерді шығару

Автор:   •  Октябрь 19, 2023  •  Реферат  •  1,727 Слов (7 Страниц)  •  191 Просмотры

Страница 1 из 7

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

                                                                                                МІ және Г кафедрасы

«Геодезия» пәні бойынша

2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

UТақырыбы: «Топографиялық карталар бойынша-инженерлік техникалық есептерді шығару»

Қабылдаған:ағаоқытушы

Касымжанова А.Е.

Орындаған:ЦАФ-23-1 тобының

студенті Хайбышев Д.Ж

                                       Қарағанды 2023        

2 Топографиялық карталар бойынша-инженерлік техникалық есептерді шығару

Жұмыстың мақсаты: студенттер топографиялық карта бойынша

инженерлі-техникалық есептерді шығаруға дағды алу.

Жұмыстың орындалу жоспары:

 1. Топографиялы карталарды оқу, білу.

 2. Карта бойынша нуктенің координаталарын анықтау:

     2.1 географиялық (φ, λ);

     2.2 тікбұрышты (х, у).

        3. Бағыттың негізгі магниттік азимуттары мен дирекциондық

бұрышын анықтау.

        4. Нүкте белгілерін горизонтальдар бойынша анықтау.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

 2.1 Топографиялық картаны оқу

Картаны оқу дегеніміз - ол жергілікті жер туралы оның шартты

белгілер жене горизонтальдар арқылы сальнган бейнесі бойынша дұрыс тусінік алу. Картаны зерттеу кезінде жер бедерінің сипаттамасы, гидрография, тұрғын мекен, байланыс жолдары, өндіріс, өсімдік жане ауылшаруашылығының көзқарастарынан жергілікті жер туралы қажетті тусінік алу.

2.2 Карта бойынша нүктелер координаталарын анықтау

Жердің физикалық бетіндегі нуктелердің орындары координаталармен анықталады - қабылданған координат жуйесін анықтайтын бастапқы жазықтықтар, сызықтар мен нүктелерге қатысты нүктелердің орындарын сипаттайтын шамалар.

2.2.1 Географиялық, координаталарды анықтау

[pic 1][pic 2]Географиялық (геодезиялық) координаталар - ендік φ, жене бойлық λ.Географиялық ендік деп берілген нүктеде экватор жазықтығы мен эллипсоид бетіне жургізілген қашықтық арасында пайда болған φ, бұрышты атайды. Ендік экватордан берілген нүктеге дейін алынатын геодезияльқ меридианның доғасымен өлшенеді. Ендік солтүстік (+) және оңтүстік (-) болады.Ол нүкте қандай жарты шарда орналасқанына байланысты болады. Ендік экваторда 0°-тан полюстерге 90°-қа дейінгі шамаларға ие болады. (2.1-сурет).

2.1-сурет- Географиялық координатаны анықтау үлгісі.

 

Геодезиялық бойлық деп берілген нүктеде геодезиялық меридиан мен бастапқы меридианның жазықтығы арасындағы пайда болган екі қырлы λ бұрышы. Бойлық экватор доғасы немесе Гринвич меридианынан берілген нуктенің меридианына дейін алынған параллельмен өлшенеді. Ол 0°-тан 180°-қа дейін өлшенеді де,батыс (-) және шығыс (+) болуы мүмкін.

Топографиялық картаның (2.2-сурет) әрбір парағы солтүстікте және оңтүстікте параллельдермен, ал батыс пен шығыста - меридиандармен шектелген. Парақтың ішкі рамка бурыштарында олардың бойлықтары мен ендіктері жазылады. Нүктелердің географиялық координаталарын анықтау үшін градустық рамка салынған, ол қара жане ақ түсті шкала, онын әрбір бөлігі ендік немесе бойлық бойына бір минутқа сәйкес болады. А нуктесінің φ ендігін анықтау ушін олар арқылы градусты минуттық рамкага (батыс немесе шығыс) дейін параллельді жүргізеді.Онда А нүктесінің φ ендігі келесі екі шаманың қосындысы болып табылады:

...

Скачать:   txt (19.9 Kb)   pdf (644.3 Kb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club