Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектептік математикадағы координаталық-векторлық әдіс

Автор:   •  Октябрь 12, 2024  •  Курсовая работа  •  7,247 Слов (29 Страниц)  •  22 Просмотры

Страница 1 из 29

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Мектептік математикадағы координаталық-векторлық әдіс»

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Мектептік математика курсында координаталық-векторлық әдісті қолданудың теориялық негіздері

1.1 Координаталық әдістің пайда болу тарихы

1.2 Вектор ұғымының қалыптасуы туралы түсінік

1.3 Математикалық есептерді шешуде координаталық-векторлық әдісті қолданудың ерекшеліктері

2 Мектептік математика курсында координаталық-векторлық әдісті қолданудың әдістемесі

2.1 Алгебрада векторлық әдістің қолданылуы

2.2 Координаталық-векторлық әдістің көмегімен шығарыатын геометриялық есептер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің қазақ халқына жолдаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кезекті жолдауында еліміз тарих толқынының жаңа кезеңіне аяқ басқанын айта кеткен болатын. Сонымен жолдаудың басым бағыты елбасымыз айтқандай осы тарих толқынының жаңа кезеңінде қазақ халқының әрбір ұрпағы білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу және ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, саналы, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу болып табылады.

Жолдауда тек ұлттық құндылық, бәсекеге қабілеттілік, ұлттық сана мәселелерін ғана қозғап ғана қоймай, сонымен қатар білім беру жүйесіндегі мәселелерде қарастырылған болатын. Осы мәселе бойынша елімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, түрлі жобалар іске асырылуда. Тәуелсіз елімізде жас ұрпақтардың білім алу, жетілдіру үшін біршама қадамдар жасалуда. Сондықтан, қазақ халқының әрбір азаматы жаңа білімді меңгеруге, саналы, бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуы керек деп ойлаймын. [1]

Геометрияда есептерді шешудің әртүрлі әдістері қолданылады - бұл таза геометриялық әдіс, түрлендіру әдісі, сонымен қатар векторлық-координаталық әдіс және басқалар. Әдістер алгебра және геометрия әдістеріне бөлінеді. Геометриялық әдістер: үшбұрыштар әдісі, аудандар әдісі, көмекші фигуралар әдісі, координаталық әдіс, векторлық әдіс және т.б. олар мектепте әртүрлі орын алады. Негізгісі геометриялық әдіс болып саналады, ал басқаларының ішінде координаталық-векторлық әдіс ең жоғары позицияға ие, өйткені ол геометриямен тығыз байланысты.

Координаталық-векторлық әдіс геометриялық нысандарды (фигуралар, түзулер, т.б.), белгілі бір алгебралық қатынастарды салыстырудың әмбебап әдісі болып табылады. Басқаша айтқанда, координаталық-векторлық әдіс – бұл геометриялық тілден алгебраның тіліне аударудың бір тәсілі, содан кейін геометриялық қатынастар мен фактілер алгебраға айналады, ал геометриялық есептерді шешу үшін алгебралық әдістерді қолдануға болады.

Геометриялық есептерді шешудің дәстүрлі әдістері көбінесе қиын және күрделі болып табылады, әдетте көп уақытты қажет етеді. Ал белгілі бір жағдайларда дәлелдеулерді құруға және көптеген есептерді координаталық-векторлық әдістің көмегімен шешу таза геометриялық әдістен гөрі оңайырақ болады және есепті шешу уақытын үнемдейді. Сондықтан оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың қазіргі кезеңінде координаталық-векторлық әдісті игеру жалпы білім беретін мектепте геометрия курсының ажырамас бөлігі болып табылады.

Мектеп математика бағдарламасында координаталық әдіске салыстырмалы түрде аз көңіл бөлінеді. «Геометрия курсын оқу мақсаты» бөлімінде «Теоремаларды дәлелдеу және есептерді шығаруда геометриялық түрлендірулер, координаталық және векторлық әдістер қолданылады» делінген.

Демек, бағдарламада координаталық әдісті оқытудың мақсаты оны есеп шығарудың бір әдісі ретінде қойылмайды. Бағдарламада «Геометрия курсын оқу нәтижесінде жеңіл стандартты есептерді шығару үшін координаттарды пайдалана білуі керек» делінген. Оқушылар координаталық әдісті теоремаларды дәлелдеу және есептерді шығару үшін меңгеруі керек деп айтылмаған. «Қиын емес стандарт есептерге» көңіл бөлінеді, ал координаталық әдісті қолдану стандартты емес және айтарлықтай күрделі есептерді шығаруға ыңғайлы екендігі даусыз.  

...

Скачать:   txt (78.4 Kb)   pdf (402 Kb)   docx (861 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club