Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Математика сабағын талдаңыз

Автор:   •  Февраль 17, 2024  •  Реферат  •  896 Слов (4 Страниц)  •  110 Просмотры

Страница 1 из 4

                     Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым министірлігі

                       Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

                                        Педагогика жəне Психология институты

     [pic 1]

                                                                          БОӨЖ 1

Тақырыбы: Математика сабағын талдаңыз.

Орындаған: Адилова Аягөз,

Пән: Сурдопедагогика

                                                 

                                               

                                              Алматы-2024

                              Мұғалімнің өзі өткізген сабағына талдау

Пәні: Математика        Өткізген күні: 15.02.2024                       Сынып: 1 «А»

Сабақты өткізіп талдаушы: Бастауыш сынып мұғалімі Адилова Аягөз.

Сабақтың тақырыбы:

Санды өрнектерді салыстыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

1.2.1.1  санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма) теңдік пен теңсіздікті құру, оқу, жазу жəне білу

1.5.2.2 «+», «-», «», «» белгілерін /цифрларды/ белгісіз санның символын қолдану (􀂅)

1.5.2.4 өрнектерді оқу жəне жазу кезінде қосу, азайту амалдары компоненттерінің атауларын пайдалану

1

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?

Оқушылардың ойлау, еске сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, тақырыппен байланыстыра  есептер шығару көзделді.

2

Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?

Жаңа сабақ. Өткен тақырып «Қосу және азайту кестесімен есептер шығарамыз» сабағымен байланысты.

3

Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?

Барлық оқушылар: сандық өрнектерді құру,оқу,жазу,есептеуді біледі.

Көптеген оқушылар: өрнектерді қосу, азайту амалдарының компененттерінің атауларын пайдалана отырып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар: оқулықтан тыс берілген логикалық тапсырмаларды орындайды,

4

Аталған міндеттерді шешуге сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?

Сабақта жаңа педагогкалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып әртүрлі есептер шығара отырып, сабаққа  қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде  әртүрлі бағыттағы тапсырмалармен түрлендіріп отырдым.

5

Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Алға қойылған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері бір-бірімен байланысып, жүйелі қортындыланып өз уақытында өтті.

6

Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс- тәсілдерінде қандай үйлесім болды?

Әдіс- тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру

 «Миға шабуыл» әдісін пайдалану барысында логикалық есептер шығару тапсырмасын орындады.

«Еркін есептеу» әдісі бойынша берілген үлестірмелі қағаздағы белгісіз санды табу үшін, текшені екі рет лақтыру арқылыоның жоғары жағындағы нүкте санына сәйкес санды қосып есепті шығарды.

«Галерия шарлау» әдісі дайындалған есеп атауларына, берілген үлестірмелі қағаздағы тапсырмаларды орналастырды

«Салыстырып көр» әдісі арқылы оқулықта берілген  есептердің мәндерін есептеп шығарды.

 

Пайдаланған әдіс- тәсілдер жаңа  тақырыпты ашу, дамыту, ойлау, іздену, жеке ,бірлесе, топпен жұмыс жасау мүмкіндіктерін ашу мақсатында  бір- біріне үйлесімді болды.

7

Оқушымен жеке жұмыс болды ма?

Ол қалай ұйымдастырылды?

Оқушылардың логикалық ойлау  қабілеттерін дамыту және дұрыс есептеуге арналған есептерді берілді.Олар тақтада , дәптерде орындауда ұйымдастырылды.

8

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма?

Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар тапсырмаларды тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді,белсенділіктері мен қызығушылықтары артты.

9

Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал- жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?

Сабақ математика пәні бойынша болғандықтан тақырыпқа сәйкес көрнекіліктермен жабдықталды , сергіту минуты , сабақ презентацияларын көрсету үшін  интерактивтік тақта, қосымша тақталар, молберт пайдаланылды.

Сондай – ақ қазіргі дүние жүзінде болып жатқан вирустың алдын алу шараларына арналған антисептик, маска, қолғаптар болды.

10

Сабақ барысында оқушылардың арасында дұрыс психологиялық қарым- қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты

Сабақ барысында оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге және ұйымшылдыққа, бірін –бірі тыңдауға тәрбиеленді.Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету басшылыққа алынды.

11

Үй тапсырмасын беру

Қосымша жұмыс дәптерлеріндегі есептерді шығарып салыстыру.

12

Қандай да бір жағдайда артық әдіс- тәсіліңіз бар ма?

Сабақтың барысында келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілдер қолданамын.Бүгінгі сабақта сондай жағдай бола қалса мен уақытты дұрыс пайдалану үшін сынып бөлмесіндегі жан-жануарлар, құстардың мүсінді ойыншықтарын пайдалана отырып есептер құрастырып,мәнін салыстыруға тапсырма беруші едім.

13

Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?

Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. «Миға шабул» логикалық тапсырмасы, «Галлерия» ,әдісі мен, «Еркін есептеу» сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты.

Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (132.6 Kb)   docx (31.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club