Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жеміс шаруашылығының маңызы. Жемістік дақылдардың тіршілігіндегі экологиялық себепшарттар

Автор:   •  Январь 14, 2021  •  Лекция  •  2,513 Слов (11 Страниц)  •  623 Просмотры

Страница 1 из 11

1-тақырып. Кіріспе дәріс. Жеміс шаруашылығының маңызы. Жемістік дақылдардың тіршілігіндегі экологиялық себепшарттар

Сұрақтары: 1. Жеміс шаруашылығы, бақ шаруашылығы – ауыл шаруашылығы өндірісінің саласы.

        2. Жеміс-жидек өсімдіктерінің ботаникалық және өндірістік жіктелуі, шығу тегі.

        3. Жеміс-жидек өсімдіктерінің өсу және жеміс салу кезеңдері, жеміс салу заңдылықтары.

        4.Жарық,  жылу, ауа-газ, су, қоректену режимі  режимі  ретеу әдістері

Әдебиет: 1. Н.Г.Щепетков, М.Ә.Ысқақов. Жеміс-көкөніс шаруашылығы. Алматы, 2011.

2.  М.Ә. Ысқақов Жеміс шаруашылығы практикумы. Астана, 2007.

3. Н.Г.Щепетков, М.Ә.Ысқақов, Н.Ж.Жанбыршина «Жеміс шаруашылығы» курсынан зертханалық-іссаналық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. Астана, 2012.

        Дәріс желісі: Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды саласына жеміс шаруашылығы жатады. Жеміс шаруашылығының негізгі міндеті – халықтың азықтық қорегі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты саналатын – жемістерді, жидектерді және жүзімдерді өндіру.

        Жемістер, жидектер және жүзімдер көмірсуына өте бай келеді. Жемістерде дәрумен С өте мол болады, ол әсіресе қара қарақатта, таңқурайда, бүлдіргенде, қарлығада, алмада көп. Жемістердің басым бөлігінде азотты заттардың мөлшері 1%-дан азырақ, жүзімде, бүлдіргенде, таңқурайда, қарақатта – 1,5% дейін.

        Органикалық қышқылдар (лимон, алма, шарап, қымыздық) жемістердің, жидектердің ерекше дәмін анықтайды және ағзадағы қоректік заттардың жақсы сіңірілуіне ықпал етеді. Минералды заттардан жемістерде, жидектерде кальций, темір, фосфор, калий және т.б. бар. Бұл заттар адам ағзасының ұлпаларын қалыптастыруға қажет, физиологиялық үдерістерге белсенді қатысады, негізгі азықты тұтынғанда пайда болатын қышқылдарды бейтараптандырады – қан жасауға қатысатын темірдің мол мөлшері алмада, алмұртта, өрікте болады. Кальций – өрікте, алмада, алмұртта.

        Жемістердегі клетчаткалар мен пектиндер азықтың жақсы сіңірілуіне және ағзадан қорытылатын азықтың қалдығын шығару үшін қажет.

        Жемістер мен жидектердің негізгі рөлі – әртүрлі аурулардың (жүрек-тамыр, ішек-қарын, жұқпалы, қан аурулары) алдын алу.

        Жемістер, жидектер және жүзімдер техникалық өңдеулерде кең қолданылады: кептіріп, мұздатып, түрлі тосаптар, шараптар. Нәтижесінде халықты жыл бойы қамтамасыздандыру мүмкіндігі туындайды.

        Алмұрттың, грек жаңғағының, зәйтүннің және басқа да жемісті тұқымдарының сүректері ағаш өңдеу өнеркәсібінде бағаланады. Анардың, грек жаңғағының жеміс қаптары (қабықтары) тері илейтін, бояу өндіру және дәрі-дәрмек өнеркәсібінде пайдаланылатын иілік заттарға бай келеді.

        Бақ – ара шаруашылығы үшін маңызды жер.

        Жеміс шаруашылығының айналадағы ортаны қорғаудағы рөлі өте зор. Жеміс өсімдіктерінің жапырақтары шаңның бөлшектерін ұстап қалады және ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп, атмосфераны жақсартады. Жеміс өсімдіктерін бақ қорғайтын және жеміс қорғайтын қалқандар жасауға, елді мекендерді, тас жолдардың, темір жолдардың бойын көгалдандыруға пайдаланады. Бұлар мекен-жайды, халықтың демалыс орындарын көркейтеді, айналадағы ауаны жақсартады және сонымен бірге қосымша өнім береді. Жеміс дақылдары адамға игілікті, сүйкімді әсер етеді. «Кімде-кім бақ ауасымен тыныс алса, ол ләззаттанады, өмірдің қуанышын, әуенін сезінеді, ұзақ өмір сүреді», - дейді Л.П. Симиренко.

        Бір адамға жылына 100 кг жеміс-жидек өнімін өндіру қажет, оның ішінде 35 кг алма, цитрустар (лимон, апельсин, мандарин) – 10, жүзім – 8, әрқайсысынан 4-5 кг – шие, алмұрт, алхоры, таңқурай, қарақат, қалған бөлігі өрікпен, шабдалымен, қарлығамен, мүк жидекпен, жидекпен, қара жидекпен толықтырылады.

        Ғылыми жеміс шаруашылығы белгілі ғалымдардың – жеміс мамандарының – И.В.Мичуриннің, В.В.Пашкевичтің, Л.П.Симиренконың еңбектеріне негізделеді. Н.И.Вавиловтың ежелгі егіншілікті елдерге сапар шегуі селекциялық жұмыстарға құнды бастапқы материалдардың негізі саналынатын ауыл шаруашылық өсімдіктерінің әлемдік топтамасын (жинағын) жинауға мүмкіндік берді. Н.И. Вавиловтың маңызды мәдени дақылдардың шығу орталықтары туралы ілімі өсімдіктердің биологиясын зерттеудің теориялық негізі болып саналады.

...

Скачать:   txt (33.4 Kb)   pdf (131 Kb)   docx (18.1 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club