Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы
Автор: Aygerim970808 • Май 2, 2018 • Лекция • 43,293 Слов (174 Страниц) • 2,041 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ [pic 1]
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
Алиева К.С.
«Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәнінен лекциялар жинағы
5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Оқу түрі: күндізгі және кешкі, қашықтықтан
Шымкент
2017
ӘОЖ 74.262.21
Құрастырушы: Алиева К.С.
Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы пәнінен лекция жинағы. Шымкент:ОҚМПИ, 2017-76 бет.
Лекция жинағы 5В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі » мамандығының студенттері үшін арналған.
Лекция жинағы оқу жоспарының және «Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бағдарламасына сай лекция сабағына қажетті барлық мәліметтерді қамтиды. Лекция жинағы жалпы лекциялық сабақтарды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері және жүргізілуіне қойылатын талаптар, студенттердің міндеттері көрсетілген. Сондай-ақ математиканы оқыту теориясы мен технологиясы пәнінен жүргізілетін сабақ тақырыптары және оларды өткізуге арналған нұсқаулар беріледі.
Пікір жазған:
Жетпісбаева Г.О.-п.ғ.к.,М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Лекция жинағы Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының № 1__хаттама, «31» 08. 2017ж, Педагогика-гуманитарлық факультеті әдістемелік комиссиясында талқыланып, ұсынылды №1 31. 08. 2017
C Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, 2017
Түсіндірме жазбасы
Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы курсы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудағы негізгі пәндердің бірі болып табылады. Аталмыш курс мектеп мұғалімінің кәсіби дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Математиканы оқыту теориясы және технологиясы психологиялық педагогикалық пәндерді, сонымен бірге математиканың теориялық иегіздерін оқып болған соң қарастырылады. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы пәнін оқытып-үйрету барысында математика пәнінің өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, жалпы теориялық қағидалар нақтылана түседі. Математикадан әдістемелік курс енгізілгенге дейін математика курсында математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер мен іс- әрекет тәсілдерін, педагогика курсында дидактикалық принциптерін және оқыту мен тәрбиелеу барысын құрудың әр түрлі тәсілдерінде көрініс табатын зандылықтарды, жалпы, жас және педагогикалық-психология курстарынан бала дамуының және білім, білік, дағдыны меңгертудің психологиялық заңдылықтарын, жоғарыда аталған курстардан ғылыми педагогикалык зерттеулердің әдістерін оқып-үйрену жүзеге асырылған болатын. Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы: педагогика, психология, педагогикалық зерттеулер әдістемесі, математика, қазақ тілін жане басқа дербес пәндерді оқытудың теориясы және технологиялармен тығыз байланысты.
Пәнді оқыту барысында алатын студенттердің білім мен дағдысы:
- әдістемелік ғылымның объектісі, пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері, сондай-ақ кіші жастағы оқушыларға математиканы оқыту теориясы мен бағыттары жайлы түсініктері болуы тиіс;
- бастауыш сыныптардағы математика курсын құрайтын негізгі ұғымдар мен әрекет тәсілдерінің мазмұнын және оның ішінде бастауыш сынып оқушылары курсты оқып-үйрену барысында меңгеруге тиісті білім, білік және дағдылардың мазмұнын (сонымен бірге олардың өзара байланысын) білуі керек;
...