Болатты жақсарту термиялық өңдеуінің теориясы мен технологиясы
Автор: Anel_Myrzabekova • Сентябрь 30, 2021 • Реферат • 4,305 Слов (18 Страниц) • 629 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
"ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАР" КАФЕДРАСЫ
ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Тақырыбы: «Болатты жақсарту термиялық
өңдеуінің теориясы мен технологиясы»
Орындаған студент:Орынбасарова А
Тексерген: Ержанова А.Е
Мазмұны
1.Кіріспе
Жеке тапсырма
1.1 Болатты термиялық өңдеу әдістері
1.2 Болатты қыздырып өңдеу
1.3 Болатты шынықтыру және қайтару
1.4 Болатты өңдеу әдістері
1.5 Болатты жиілігі жоғары токпен қыздырып өңдеу
1.6 Болатты лазермен қыздырып өңдеу
1.7 Болатты химиялық-термиялық өңдеу
1.8 Болатты термиялық-механикалық өңдеу
2.Қорытынды
3.Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.1 Болатты термиялық өңдеу әдістері
Термиялық өңдеу түрлеріне: жұмсарту, шынықтыру, босаңдату, ескіру. Жұмсарту деп - тепе-теңдік күйге жақын құрылым түзілетін термиялық өңдеудің түрін атайды. Қорытпаны фазалық түрлену температурасынан жоғары қыздырып, тез суытуды шынықтыру дейміз. Қорытпаны шынықтыру барысында тепе-теңсіз құрылым түзіледі. Шыныққан болатты босаңдату немесе ескіруден өткізу арқылы құрылымды тұрақты күйге келтіреді.
Болатты фазалық түрлену нүктелерінен (Ас1,Ас3) жоғары температурада қыздырып, белгіленген уақыт ұстағаннан кейін жедел жылдамдықпен суыту арқылы өңдеу шынықтыру деп аталады.
Жедел жылдамдық ретінде қыздырған болатты суытқанда аустениттің тікелей мартенситке өзгеруін қамтамасыз ететін ең кіші жылдамдық алынады, ол Vкр арқылы белгіленеді. Қыздыру температурасына байланысты толық және толық емес шынықтыру деп ажыратылады. Болатты шынықтыру нәтижесі қыздыру температурасына тікелей байланысты. Эвтектоидқа дейінгі болатты қыздыру Ас3 нүктесінен 30-50ºС жоғары температурада жүргізіледі. Перлитті-ферритті (П+Ф) құрылым қыздыру кезінде аустенитке (А) өзгеріп, Vкр жылдамдықпен суытуда мартенсит түзіледі. Мұндай шынықтыру толық шынықтыру деп аталады.
Толық емес шынықтыру кезінде болатты Ас1 температурасынан 30-50ºС жоғары, бірақ Ас3 немесе Аст нүктелерінен төменде қыздыру керек. Мұндай жағдайда эвтектоидқа дейінгі болаттың құрылымы аустенит пен ферриттен, ал эвтектоидтан кейінгі болат аустениттен және екінші текті цементиттен тұрады. Шапшаң суытылған
аустенит мартенситке өзгереді. Мартенситтің қаттылығы құрамындағы көміртегінің мөлшеріне қарай қалыптасады.
Эвтектоидқа дейінгі болаттарды толық емес Ас1+( 30-50ºС) шынықтыруға болмайды, себебі қаттылығы төмен феррит өзгермей сақталып, болаттың қаттылығын төмендетеді. Эвтектоидтан кейінгі болат үшін қыздыру температурасы Ас1 температурасынан 30-50ºС жоғары алынады. Vкр жылдамдықпен суытқан болатта мартенсит және цементит түзіледі. Екі құрылымның да қаттылығы жоғары (цементит 750НВ, мартенсит 700НВ) болғандықтан, шынықтырылған болаттың қаттылығы жоғарылайды. Эвтектоидтан кейінгі болаттар құрал-саймандар жасауға қолданылады. Құрал-сайман жасайтын болаттарға қойылатын бастапқы талап – олардың қаттылығы. Эвтектоидтан кейінгі болатты толық шынықтыру кезінде, оның құрылымындағы мартенситпен қатар қалдық аустенит орын алады да, болаттың қаттылығын төмендетеді.
...