Математикалық сауаттылық
Автор: asemzhuldyz • Март 1, 2023 • Тест • 465 Слов (2 Страниц) • 397 Просмотры
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісінің
"Математикалық сауаттылық" бағыты бойынша тапсырмалары (9 сынып).
1 нұсқа
1. Алматы мен Тараз қалаларын байланыстыратын темір жол желісі 13˚ бұрышпен, Тараз мен Шу қалаларын қосатын теміржол желісі 46° бұрышпен бұрылады. Шу мен Алматы қалаларын байланыстыратын темір жол желісі қандай бұрышқа бұрылатынын белгілеңіз.
[pic 1]
A) 151˚
B) 131˚
C) 121˚
D) 141˚
E) 111˚
2. Ивановтар отбасы шаршы пішінді жер телімін сатып алды. Осы жер телімінің бір жағын 2 есе ұзартса, оның ауданы қалай өзгереді?
A) 2 есе артады
B) 2 есе кемиді
C) өзгермейді
D) 4 есе артады
E) 4 есе кемиді
3. Марат пен Арыстан бір-бірімен қиылыспайтын түзу жолдармен жол жүрді. Егер Мараттың жолы y=2x-10 теңдеуімен берілген түзу сызыққа сәйкес келсе, онда Арыстанның жолына сәйкес келетін түзудің теңдеуін таңдаңыз.
A) y=2x+5
B) y=4x-2
C) y=0,5x+4
D) y=x-8
E) y=10x-2
4. Жаяу жүргінші суретте көрсетілгендей О нүктесінен В нүктесіне дейінгі қашықтықты жүріп өтті. OA сегментінің ұзындығы 1 бірлік. Жаяу жүргінші жүріп өткен жолдың ұзындығына тең өрнекті таңдаңыз.
[pic 2]
A) sinα·cosα
B) sinα
C)
D) cosα
E) ctgα
5. Атасы немересінен 5 есе үлкен, 15 жылдан кейін ол немересінен 3 есе үлкен болады. Қазір ата нешеде?
A) 72 жаста
B) 73 жаста
C) 74 жаста
D) 75 жаста
E) 76 жаста
6. Пластикалық терезелерді орнату мекемесінде 9 қызметкер жұмыс жасайды. Олардың арасынан директорды, бухгалтерді және менеджерді неше түрлі жолмен таңдауға болады?
A) 360
B) 504
C) 720
D) 244
E) 124
7. Шаршы гүлзардың ауданы 7 см2. Ұзындығының мәні екі тізбектес натурал сандардың ортасында орналасқан. Осы сандарды табыңыз.
A) 4; 5
B) 5; 6
C) 6; 7
D) 2; 3
E) 3; 4
8. Дүкеннен 23 адам кір жуғыш машина, 17 адам теледидар сатып алды. Сатып алушылардың ішіннен 9 адам кір жуғыш машинаны да, теледидарды да сатып алған. Дүкенде қанша тұтынушы болды?
A) 26
B) 32
C) 40
D) 31
E) 42
9. Найдите ширину озера АВ, если АС=12 м, угол С=600, ВС=15 м. В ответе укажите целое число метров.
АС=12 м, ВС=15 м, С бұрышы 600 болса, АВ көлінің енін табыңыз. Жауапты бүтін санмен көрсетіңіз.
[pic 3]
A)16
B) 12
C) 15
D) 13
E) 14
10. Құс фабрикасының иесінде ұзындығы 96 м дуал салуға материалы бар. Үйрек пен қазға арналған 540м2 тік төртбұрышты қораның қабырғаларын есептеңіз.
...