Лекции по "Математике"
Автор: GulmiraSerykovna • Октябрь 15, 2023 • Курс лекций • 1,855 Слов (8 Страниц) • 111 Просмотры
ЛЕКЦИЯЛАР 2023-2024 оқу жылы
1 бөлім. Функция, оның қасиеттері және графигі
Тақырып 1. Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру.
Функция ұғымы математиканың негізгі ұғымдарының бірі болып табылады.
Егер D жиынының әрбір х элементіне E жиынының бір ғана у элементі сәйкес қойылса, онда D жиынында y = f ( x)функциясы берілген деп атайды.
х – аргумент – тәуелсіз айнымалы; y – тәуелді айнымалы; ол f заңы арқылы табылады. D жиыны функцияның анықталу облысы болып табылады, ал E жиыны функцияның мәндер жиыны деп аталады.
М1, Аргумент мәндерінің жиыны- сендердің өз жеке бастарын, ал функцияның мәндер жиыны- сендердің аты- жөндерін. Бірақ біз сандық тізбек функциясын қарастырудамыз. Яғни D және Е жиындары – сандық жиындар. Яғни сандық тізбек функциясы бұл бірінші элементтері бірдей болмайтын (х,у) парын айтады.
Функция қалай беріледі? Ең негізгісі формуламен, онда х арқылы у табылады.
Мысал: f(x) = x2 +x +3. х = 2 қойсақ, у = 9 аламыз.
Функция бірнеше аналитиалық өрнек түрінде берілуі мүмкін:
Мысал:
⎧⎪x2, егер x < 0;
y = ⎨
⎪⎩x, егер x ≥ 0
Кейбір жағдайда функциялық тәуелділікті аналитикалық түрде беру мүмкін емес, ондай кезде функцияның кестелік берілуі қолданылады.
x | -3 | -1 | 0 | 3 | 5 | 6 | 8 | 11 | 13 |
y | 45 | 22 | 12 | 2 | -4 | 3 | 13 | 25 | 34 |
Және ең соңғысы: егер алдыңғы 2 жағдайда функцияны беру мүмкін емес болса, онда графиктік тәсіл қолданылады. Өздеріңнің кардиограммаларыңды еске түсіріңдер.
Функцияның анықталу облысын табудың жолдарын қрастырайық:
1-мысал: f(x)= √1-x2 функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу керек. Анықталу облысы [-1;1] кесіндісі болады. Ал мәндер жиыны у-тің қабылдайтын мәндері, яғни: [0;1]
2-мысал: f(x)=1/х функциясы берілсін.
Анықталу облысы 0- ден өзге сандардың барлығы, ал мәндер жиыны: Е(f)= (-∞;0) U(0;+∞) болады.
3-мысал: f(x)= sin х функциясының анықталу облысы бүкіл сан түзуі болады. Ал мәндер жиыны [-1;1] кесіндісі болады.
Функция графиктерін қарапайым түрлендіру.
Функцияның аналитикалық берілуінде біз оның анықталу облысын тапқанбыз, ендігі графиктері бойынша оның мәндер жиынын тауып көрейік. Мына функциялардың графиктері бойынша олардың мәндер жиынын анықтаңдар.
[pic 1][pic 2]
[pic 3][pic 4]
y = k
x
x ∈(−∞;0) ∪(0; +∞)
[pic 5]
Осы функциялардың графиктерін түрлендірудің бірнеше ережесін жазып алайық:
- f(x)+c функциясының графигі f(x) функциясының графигін у осі бойынша с бірлік жоғары немесе төмен жылжытқаннан пайда болады.
Мысал1.
у=х+2 және у=х-2 функцияларының графигін қарастырайық.
f(x)[pic 6][pic 7][pic 8][pic 9]
g(x)
[pic 10]
s(x)[pic 11]
x, x, x
Берілген функциялардың графиктері у=х функциясының графигін с>0 болғанда сонша бірлік жоғары, теріс болғанда төмен жылжытқаннан пайда болады.
- f(x+c) функциясының графигі f(x) функциясының графигін с бірлік х осі бойынша оңға не солға жылжытудан пайда болады.
Мысал2.
у=(х+2)2 функциясының графигі у=х2 функциясының графигін 2 бірлік солға қарай жылжытудан пайда болады. Ал бұл функцияның графигі (0,0) бас нүктесі болатын парабола екендігін өздерің білесіңдер.
...