Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инклюзивті білім берудің мәні, тарихы және негізгі түсініктері

Автор:   •  Февраль 13, 2025  •  Курсовая работа  •  2,598 Слов (11 Страниц)  •  187 Просмотры

Страница 1 из 11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ

Физика, математика және цифрлық технологиялар институты

Информатика  кафедрасы

ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫС

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕГІ ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН ОҚУШЫЛАРҒА ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ

Пән атауы: Ғылыми зерттеулер негіздері (информатикада)

Білім беру бағарламасы, курс: 6B01506 – Информатика, 3 курс

Орындаған: Дөненбай Ұлдар

Тексерген: Базаева Жулдыз Болатхановна 

Алматы, 2024

Мазмұны:

КІРІСПЕ........................................................................................................................

3

І. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

6

  1.  Инклюзивті білім берудің мәні, тарихы және негізгі түсініктері......................................................................................................................

6

  1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларға арналған оқыту ерекшеліктері және әдістері.......................................................................................

7

  1. Информатика пәнін оқытуда қолданылатын арнайы технологиялар......

8

  1. Мұғалімдер мен қосымша мамандардың рөлі................................................

9

ІІ. ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН ОҚУШЫЛАРҒА ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ

10

2.1.  сұхбат арқылы анықтау.................................

10

2.2. сауалнама арқылы анықтау............

11

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................

12

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................

13

ҚОСЫМША

11

КІРІСПЕ

Тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларға арналған инклюзивті білім беру – заманауи білім беру жүйесіндегі өзекті және маңызды бағыттардың бірі. Бұл мәселе тек білім беру процесіне ғана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың әлеуметтік бейімделуі мен қоғамға кірігуіне тікелей әсер етеді. Тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларға толыққанды білім беру – олардың әлеуетін жүзеге асыру, тең мүмкіндіктер жасау және қоғамның біртұтастығын нығайту жолындағы маңызды қадам.

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін дамыту – білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі. Бұл бағыт ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуына қол жеткізуді көздейді. Қуандықов Ә. Ө. (2015) инклюзивті білім беруді балалардың тең құқықтарын қамтамасыз етудің негізгі құралы ретінде сипаттай отырып, бұл жүйенің қоғамдағы әлеуметтік теңдік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететінін атап өткен. Сонымен қатар, мұндай балаларды білім беру процесіне қосу арқылы олардың қоғамда өз орнын табуы жеңілдейді. Тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушылардың білім алуында кездесетін кедергілер, олардың оқу процесіне толыққанды қатысуына шектеу қоюы мүмкін. Бұл кедергілерді жою үшін оқыту мазмұнын бейімдеу, арнайы технологияларды енгізу және педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру қажет. Мұхамбетова С. (2015) ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуына жағдай жасауда педагогикалық қолдаудың рөлі зор екенін көрсеткен.

Информатика пәні – тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушылардың танымдық және техникалық қабілеттерін дамытуда ерекше рөл атқаратын пәндердің бірі. Салгараева Г. И. (2022) информатика пәнін оқытуда қолданылатын арнайы технологиялар мен әдістердің маңыздылығын атап өтіп, олардың оқу процесіне қатысу деңгейін арттыруға көмектесетінін көрсеткен. Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану олардың оқу материалдарын игеруін жеңілдетіп, білім алуға деген ынтасын арттырады.

...

Скачать:   txt (42.5 Kb)   pdf (210 Kb)   docx (205.3 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club