Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) мəліметтері
Автор: simbat_00.22 • Май 20, 2020 • Реферат • 3,193 Слов (13 Страниц) • 680 Просмотры
Тақырып: Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) мəліметтері.
Жерді қашықтықтан зондылаудың мəліметтерін өңдеу тəсілдерін классификациялау
Аэрокосмостық түсірілімдер арқылы жасалған шикі мəліметтер жинағы əр түрлі бұрмалануларды жоятын бірнеше сатылы өңдеуден өтеді:
- 0 деңгей (level-О) – пайдалы сигналды ажыратып, кедергілерді жою;
- деңгей 1 (level-1. орташа деңгей) – радиометриялық түзету жəне калибровка (деңгей асты 1А), географиялық байланыс (1В):
- деңгей 2 (level-2. жоғарғы деңгей) – жүйелік жəне геометриялық коррекция, сонымен қоса – тіреу нүктелерін пайдалана отырып түзету жəне картографиялық проекцияны келтіру (деңгей асты 2А) жəне жер бедерінің сандық үлгісін пайдалана отырып ортотрансформациялау. (подуровень 2В).
Əдетте 0 жəне 1 деңгейлер түсірім жасаған жүйенің операторларымен техникалық ақпараттарды пайдалана отырып типтік процедураларды жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Суретті алу мен оны түзету теориясы əр түрлі факторларды есепке алатын құрылғылар арқылы жасалады. Оларға кіреді: түсіруші аппараттың геометриялық сипаттамалары, жарықтандыру деңгейі, жер бедері, атмосфера сипаттамалары жəне т.б. Сонымен қоса түсірілім жасайтын аппараттың тіркелетін ориентация мүшелері де есепке алынады (тангаж, қисаю, жорту, түсірілім уақыты жəне т.б). Математикалық модельдер аэрокосмостық суреттерге алдын-ала жасалатын өңдеулерге берілетін мағлұматтарға қойылатын талаптар мен тəсілдедің шектеулерін анықтайды. Мəліметтердің кейбір түрлеріне атмосфералық түзетулер жасалуы жəне əртүрлі кеңістіктік айқындығымен жасалған түсірілімдерді қосу арқылы сурет ашықтығы жақсартылуы мүмкін (fusion операциясы).
Мəліметтер бөлігі (мысалы, LANDSAT тісірілімдері) тіреу нүктелерін негіз қыла отырып жəне жер бедерінің глобальді сандық рельефін пайдаланып автоматты түрде 2 өңдеу деңгейінде қолжетімді болуы мүмкін.
Жерді қашықтықтан зондтау əдістері
Ғарыштан алынған ЖҚЗ фотографиялық əдісі.
Əдістің жалпы принциптері. Ғарыштан алынған ЖҚЗ фотографиялық əдісі ҒҰА алғашқы ұшыруларында қолданылады.
Ғарыштық фототүсірістердің сан алуан түрлері мыналарға байланысты жіктеледі:
– камераның оптикалық осінің жағдайы (жоспарлық, келешектік, конвергенттік);
– қолданылатын фотопленкаларының типтері (ақ-қара, түрлі-түсі, спектрозоналдық);
– ғарыштық түсіріс камераларының типтері мен сипаттамалары (топографиялық, топографиялық емес, көп аймақтық, кадр пішіні бойынша, фотокамералардың фокустық арақашықтығының ұзындығы бойынша жəне т.б.).
Мақсаттарына байланысты фототүсірістер ЖҚЗ фотографиялық əдісінің түрін таңдауды жүргізеді.
Фототүсіріс процесс сұлбасы бойынша электромагнитті сəулелену спектрінің көрінетін диапазонында жүргізіледі:
1. түсірілетін беттік күн сəулесімен жарықтандырылған;
2. шағылысқан сəуленің атомосфера арқылы өтуі;
3. бейнелеуді оптикалық жүйелермен қалыптастыру;
4. жарықты сезетін материалды жасырын бейнелеуді белгілеу;
- ҒҰА бортында немесе жерүсті жағдайларында жасырын бейнелеуді көрнекілеу.
Фототүсіріс процесінің тізбеленген кезеңдерінің əрқайсысы зондтаудың мақсаты мен міндетін байланысты түсірістердің əдістері мен параметрлерін таңдауға ықпал етеді.
ЖҚЗ фотографиялық əдісін қолдану саласын кеңейту, ең алдымен, қамту қабілетін арттыру арқылы қол жеткізілген фотобейнелеуден алынған ақпараттылықты көтеруге, шолу аймағын кеңейтуге, берілген спектрлік таңдамалық əдіспен алуға, түсірістердің жоғары фотографиялық, фотометрлік жəне фотограмметрлік параметрлеріне тəуелді. Ақпараттылықты көтерудің тізбеленген əдістері бір уақытта шешілмейді, өйткені бір параметрді жақсарту əдістері басқасын нашарлатуға алып келеді. Мысалы, түсіріс биіктігін төмендету арқылы қамту ауқымын көтеру шолу аймағын азайтуға алып келеді, фокустық қашықтықты ұлғайту есебінен көлемді ірілендіру арқылы бір кадрмен қармау алаңын қысқартуға жəне түсіріс аппараттарының габариттері мен салмағының артуына алып келеді, бұл өз кезегінде зымыран-тасығышқа, жер серігінің қызметтік жүйесіне, отын қорына талаптарды қатаңдандыруға алып келеді.
...