Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Arduino контролерінің негізінде компьютердің жұмыс істеу жүктемесін көрсететін робот

Автор:   •  Май 31, 2021  •  Курсовая работа  •  3,246 Слов (13 Страниц)  •  815 Просмотры

Страница 1 из 13

КІРІСПЕ

Курстық жоба тақырыбы «Arduino контролерінің негізінде компьютердің жұмыс істеу жүктемесін көрсететін робот». Проект құруда алдыма қойған мақсат, компьютер пайдаланушыға жүктеуші мониторинг жасау. Бағдарламаны жасауда таңдалған тілдің мүмкіндіктерін пайдалана отырып қойылған міндеттерді бағдарламалық іске асыру үшін Arduino тілі қарастырылады.

Алдыма қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындауға бел будым:

- қажетті бөлшектер мен материалдарды қолданысқа алу.

- берілген тапсырмаға сәйкес бағдарламасын әзірлеу.

- талаптарға сәйкес түсіндірме жазбаны дайындау.

Курстық жобаға берілген тапсырма бойынша ол проект құруда Arduino тілінің  мүмкіндіктерін пайдалану.

Arduino IDE – бұл, Arduino тақталарында, сондай-ақ басқа өндірушілердің тақталарында бағдарламалар құруға және жүктеуге арналған, C және C ++ тілдерінде жасалған Windows, MacOS және Linux операциялық жүйелер үшін біріктірілген даму ортасы. Ыңғайлы мәтіндік редакторда бағдарламалар құруға, оларды машиналық кодқа компиляциялай алатын және барлық нұсқаларды Arduino-ға жүктеуге мүмкіндік беретін қосымша. Қосымша толығымен тегін болып табылады, соңғы нұсқасын осы сілтеме бойынша табуға болады: http://www.arduino.cc/en/Main/Software

 Arduino IDE-ні кез-келген операциалық жүйеге орнатуға болады: Windows, Linux, MacOS X. Қажет операциялық жүйені оң бағаннан таңдап алып, «JUST DOWNLOAD» батырмасын басу қажет.

          Arduino-да (tone) деп аталатын,зуммерді әртүрлі жиіліктегі дыбыс шығаруға мәжбүрлейтін кіріктірілген пәрмен бар

Ардуиноныны таңдаған себебім, әмбебап жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін контроллерлер мен басқару тақталары көп. Сонымен қатар Arduino бірнеше артықшылықтарға ие:

•        Бағдарламалаушы қажет емес

•        Микроконтроллерлерді бағдарламалау туралы терең білім қажет емес

•        Arduino жобасы толығымен ашық

Arduino – арнайы білімі жоқ, қызығушылығы жоғары қолданушыға арналған автоматика және робототехника салаларындағы әртүрлі электронды құрылғылар жасауға арналған құрал.  Arduino бөлшегі  датчиктерден сигнал қабылдап, көптеген орындаушы құрылғыларды басқара алады. Ол автономды режимде немесе компьютермен бірге жұмыс жасайды. Arduino (Миы)- Atmega тобының микроконтроллері. Микроконтроллер бір микросхемада іске асырылған жады және әртүрлі перифериялық құрылғылары бар микропроцессор болып табылады . Шын мәнінде , бұл қарапайым тапсырмаларды орындай алатын бір кристалды микрокомпьютер. Ардуино тілін төрт бөлімге бөлуге болады: мәліметтер (айнымалылар мен тұрақтылар), функциялар және кітапханалар. Arduino отбасы әртүрлі микроконтроллерлермен жабдықталған. Arduino-ның өзіндік бастапқы коды бар, сондықтан тәжірибелі бағдарламашылар оны өзгертіп және толықтыра алады. Arduino тілінің мүмкіндіктерін C ++ кітапханаларының көмегімен кеңейтуге болады. Бұл AVR C тіліне негізделгендіктен, техникалық бөлшектерді түсінгісі келетін озық пайдаланушылар Arduino-дан C-ге оңай ауыса алады немесе AVR-C кодының бөлімдерін тікелей Arduino бағдарламаларына енгізе алады. Arduino - ақылды құрылғыларды құруды білуге болатын бірнеше технологиялардың атауы. Ардуино университеттің студенттік ортасында ойлап табылған, сондықтан бұл платформа ашық және өте қол жетімді. Arduino-мен оңай әрі нәтижелі жұмыс істеу үшін қосымша кітапханаларды пайдалануға болады. Arduino кітапханалары нақты тапсырмаларды орындауға арналған бағдарламаның бөлігі болып табылады.

Ардуино негізінде автономды және компьютермен байланысты жобаларды құруға болады. Arduino тақтасында USB қосылған кезде жасыл жарық диоды жанады.

1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1.1 Пәндік аумақты сипаттау

Бұқаралық санада "робот" сөзі негізінен 20-21 ғасырлардағы ғылыми жетістіктермен және идеялармен байланысты. Әсіресе, бұл терминді техникалық салаларда аз білетін адам Ғылыми фантастика шығармаларында - Айзек Азимовтың романдарында, "Терминатор", "Трансформерлер" және т.б. Фильмдер сериясында кездестіреді. Алайда, адамзаттың көптеген басқа ұлы идеялары сияқты, әртүрлі операцияларды өз бетінше орындай алатын автоматтандырылған механизмдер туралы түсінік әлдеқайда ертерек пайда болды және оның ұзақ даму жолынан өтті.

...

Скачать:   txt (45.7 Kb)   pdf (546.5 Kb)   docx (378.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club