Микротехника және микроскоппен жұмыс істеу. Препараттарды дайындау әдістері
Автор: Aruzhan1303 • Сентябрь 16, 2021 • Лабораторная работа • 812 Слов (4 Страниц) • 1,638 Просмотры
№1 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы : Микротехника және микроскоппен жұмыс істеу. Препараттарды дайындау әдістері
Сабақтың мақсаты : Қарапайым жарық микроскопының құрылысымен танысып, онымен жұмыс істеу ережелерін үйрену. Уақытша және тұрақты препараттар жасау әдістерін игеру.
Сабаққа қажетті материалдар: МБС-1, Биолам, МБС-1 микроскоптары, қол лупа, штативті лупа, микроскоппен жұмыс жасауға арналған жабдықтар (заттық және жабын әйнектер, пипетка, пинцет, қайшы, скальпель, сапты ине, дәке, су сорғыш қағаз, иод, глицерин), тұрақты препараттар.
Тапсырма
1. Микроскоптың құрылысымен, онымен жұмыс істеу ережелерімен танысу.
2. Микротехниканы қолдану әдістері.
3. Цитологиялық препараттарды дайындау.
4. Уақытша препарат дайындау әдістері
5. Тұрақты препарат дайындау әдістері
Жұмыстың қысқаша мазмұны.
Цитологияның негізгі зерттеу әдісі микроскопиялық әдіс.
Жарық микроскоптары клеткалық құрылымдарды, олардың функцияларын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік берді. Микроскоптың линзалар жүйесі объектив(зат), окуляр (ocelus-көз) тұрады. Жарық жинаушы конденсор (лат. Condensus-жинаушы) болады. Микроскоптың шешуші қабілеті 0,2 мкм немесе 200 нм ол адам көзінікі 0,1 мм.
Микроскоптың үлкейту дәрежесі объектив пен окулярдың үлкейтуіне тәуелді. Қазіргілердің шегі 1500 еседен артпайды.
Микроскоп өте күрделі де нәзік оптикалық құрал, сондықтан онымен жұмыс жасау аса сақтықты қажет етеді. Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі:
1.Микроскоп тұрақты жұмыс орнына штативі мен табанынан ұсталып әкелінеді.
2.Микроскоп жұмыс столының жиегінен 5-8 см арақашықтықта орналастырылады. Оның оң жағында сызу-жазу дәптерімен қарандаштар, ал сол жағында микроскоппен жұмыс істеуге қажетті құрал жабдықтар қойылады.
3.Микроскоппен жұмыс істеу алдында оның оптикалық линзаларын, айнасын жұмсақ матамен сүрту керек. Микроскопқа қарағанда екі көз де ашық болуы керек.
4.Препарат заттық стол тесігіне сәйкестендіріліп қойылады да, объекті табылғанша микровинттер мен макровинттер және конденсордың бұрандалары асықпай бұралады. Айнаның ойыс жағы жарық аз кезде, жазық жағы жарық көп кезде қолданылады.
5.Объект алдымен кіші объективпен, содан кейін үлкен объективпен бақыланыды. Объективтерді ауыстырған да ревальверден тырс деген дыбыс естілу керек, бұл объективтің орнына түскенін білдіреді.
6.Жұмыс аяқталған соң микроскопты кіші объективке ауыстырып, препараттарды заттық столдан алады. Микроскопты тұтас тексеріп, тазалап сүртіп, реактивтер мен қышқылдардан бөлек жабық шкафта немесе өзінің арнайы қабында сақтайды.
7.Микроскоппен жұмыс істеуге қажетті құрал жабдықтар: заттық және жабын әйнектер, сапты ине, жіңішке скальпель, шыны таяқша, пипетка, ұстара, сорғыш қағаздар, таза су құйылған стакан, оптикалық бөлімдердің линзалары, жұмсақ мата.
Жұмыстың барысы:
1 жұмыс. Биоломның құрылысымен танысып, оның оптикалық және механикалық бөлімдерінің құрылысын сипаттау. Микроскоптың суретін салып, онымен жұмыс істеу ережелерін түсіндіру.
[pic 1]
2 жұмыс. Микроскоптардың түрлерімен танысып, жарық микроскоптары, фазасы қарама-қарсы микроскоп, интерференциялық микроскоп, поляризациялық микроскоп, люминесцентті микроскоп, электрондық микроскоптардың құрылыс қызмет принцептерін түсіндіру, суретін салу. Микротом мен ультромикротом қызметін сипаттау.
3 жұмыс. Уақытша препараттарды дайындау. Биология пәндерінде әр сабақтың мазмұнына байланысты көп жағдайда уақытша препараттар қолданылады. Препаратты жасау үшін заттық әйнекке су немесе глицерин тамызып, оған өте жұқалап кесілген объектіні орналастырып, бетіне жабын әйнек жабылады. Объектіде ауа қалып қойғанда заттық тәйнекті көлбеу ұстап, жабын әйнектің үстінен сапты иненің ұшымен жайлап соғу керек. Сонда ауа көпіршіктері ығысады. Артық су жабын әйнектің шетінен сорғыш қағазбен сорғызылып алынады. Бұл препараттар ұзаққа сақталмайды. Өсімдік ұлпаларынан уақытша препараттар жасап, микроскоппен қарау керек.
...