Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Samsung мини АТС-ның жұмыс істеу принципі, құрылғыларына сипаттама

Автор:   •  Октябрь 10, 2018  •  Реферат  •  6,850 Слов (28 Страниц)  •  1,300 Просмотры

Страница 1 из 28

КІРІСПЕ

Курстық жобаның максаты – Samsung және Panasonic мини АТС-ның салыстырмалы бағдарламалық әдістері мен функцияларына, жұмыс істеу принциптері, архитектураларына, құрылғыларына салыстырмалы техникалық сипаттама беру.

Курстық жлбаның өзектілігі – техника мен технологияның дамыған замандағы жылжымалы станцияныңи және ондағы байланыс желісінің жұмыс жылдамдығын арттыру мақсатында заманауи соңғы модельді АТС-тарды ұсыну болып табылады.

Курстық жобаның міндеттері:

  • бекітілген тақырып бойынша ақпараттарды жинақтау және мәліметтерді іріктей отырып мазмұнын құрастыру;
  • Samsung және Panasonic мини АТС-тарында қолданылатын құрылғылар жұмыс істеу принциптеріне байланысты қолдану аясын анықтау;
  • АТС бастапқы параметрлерін анықтай отырып қажетті формулалар көмегімен есептемелерді жүргізу.

Курстық жобада қарастырылған ақпаратқа талдау жасай отырып қорытынды келтіріп және негізгі пайдаланган әдебиеттер тізімін қарастыру.

Бұл курстық жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қысқартылған әдебиеттер тізімі және пайдаланган әдебиеттер тізімі, қорытындыдан тұрады.

Бірінші бөлім бойынша жалпы мини АТС- ке сипаттама беру. Samsung және Panasonic мини АТС – терінің қолданылу, жұмыс істеу принциптері мен құрылғыларына салыстырмалы сипаттама беру. Даму кезеңдері қарастырылады.

Екінші бөлім бойынша АТС- тардың бастапқы параметрлерін анықтай отырып, қажетті формулалар көмегімен есептеулер жүргізіледі.

І МИНИ АТС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1 Samsung мини АТС-ның жұмыс істеу принципі, құрылғыларына сипаттама                                                                                                                                                

Samsung IDCS 5000 сандық УАТС-ның көрінісі. IDCS 5000 сандық АТС Samsung Electronics компаниясының жаңа үлгідегі, дыбыс пен мәліметтер таратудың интеграциялық қызметі және кең мүмкіндіктері бар заманауи жүйенің қуаттысы болып табылады. IDCS 5000 әр түрлі қызмет атқаратын қондырғыларды алмастыра алады немесе олармен қасақана жұмыс істеуге қабілетті.

IDCS 5000 АТС-ның негізгі сипаттамасы:

  • ISDN желісінде интеграциялауға қабілетті, бір түйін максималды сыйымдылығы 488-ге дейінгі портты құрайтын толыққанды УАТС;
  • мәліметтер таралу желісінің маршрутизаторы;
  • VoIP “IP үсті дыбыс” шлюзы;
  • 2048 Кбит/с ағындардың максималды саны - 9;
  • қолданылатын сигнализациялар- R2, EDSS1, QSI6;
  • DCS станциясынан платаларды қолдау;
  • микроулы байланысты ұйымдастыру (24 базаға дейін);
  • желіге бірігу мүмкуіндігі (200 портқа дейін);
  • өшірілген диогностика және басқару (модем, LAN);
  • CII компьютерлі телефонияларының қолданысына толы жүйе (Voice Mail, Auto Attendant және тағы сол сияқтылар).

Құрылысындағы ерекшеліктер. УАТС-ның бір түйінінің техникалық қамтамасыздандырылуы максималды үш компактты стативте орналасады. 2 модификация көрсетіледі: IDCS -М моделі – түйін бір стативте орналасады және IDCS-L моделі – түйін бір-үш түйіннен тұрады. Әр статив қорек көзіне арналған 2 слоттан тұрады. 1 картаны басқарушы слот және 9 әмбебап слот.

Әмбебап слоттар 32 арналы (3дана/статив) және 16 арналы (6 дана/статив) болып бөлінеді.

Сонымен қатар, әр стативте модем, Ethernet порт, RS-232 тізбектей порттарынан құралатын, арнайы сервисті картаға арналған слоттан тұрады. Негізгі статив әрқашан процессорлы модельмен, ал қосымша стативтер – жүйе модельдерінің жалпы шинасын біріктіретін, кеңейту моделімен толықтырылады. БҚ мен тұтынушы мәліметтер базасын алып жүруші ретінде өте қолайлы мобильді WAND Flesh карта қолданылады.

Кесте 1.1Максималды сыйымдылығы

Үш стативтен ішінде (порт) бір АТС-тың сыйымдылығы

48

8

E1/PRI платаларын қолданған кездегі сыртқы линиялар сыйымдылығы

35

2

E1/PRI платаларын ескермегендегі сыртқы линиялар сыйымдылығы

20

8

Ішкі абонеттер сыйымдылығы  (DECTескермегендегі)

36

0

DECT радиотрубасы сыйымдылығы

19

2

DECT базалық станция сыйымдылығы

24

 

Перефериялық мүмкіндіктері. Перефериялық карта негізінде келісімдерді қолдануға болады:

  • E1/PRI – R2 MFC сигнализациясы бар Е1 ағынын қолдаушы немесе EDSS1 (Euro ISDN) сигнализациясы бар PRI (30В+Д) ISDN желісі немесе Q.SIB. Стативтердің 32 арналы слоттары ғана қолданылады;
  • SLI 16/8/4 – аналогты абоненттер карталары 16/8/4 портты;
  • DLI 16/8 – сандық абоненттер картасы 16/8 портты;
  • TRK 8-2 сымды қалалық байланыстырушы желілері (Loop start and Ground start) аналогті карталары;
  • BRI - S/T 4 портының ISDN BRI картасы;
  • ЕМ4 – Е&M 4 портын қолдаушы картасы;
  • LAN – 10/100 Vbps Ethernet интерфейсті картасы;
  • VIP – 16 арналы “ IP үсті дыбыс ” картасы;
  • VM – 8 арналы Cadence дыбыстық пошта картасы;
  • АА – 8 арналы автоматты сандық хатшының картасы;
  • DID – 4 портты DID картасы;
  • перефериялы интерфейстер;
  • БҚ (Бағдарламамен қамтамасыздандыру) IDCS 500 ақпарат тасымалдаушы ретінде, сыйымдылығы 16 мбайт-қа дейінгі өте ыңғайлы Nand Flesh картасы қолданылады. Оның сыйымдылығы жүйе бағдарламаларын басқарушыны, түзетулерді сақтау, Back – Up жүзеге асыру үшін қолданылады. БҚ ең ақырғы нұсқасын интернет арқылы, Samsung сайтынан алуға болады.

Желі аралық қарым – қатынас. IDCS 500 бірнеше түйінді бір желіге біріктіре отырып, корпаративті қолданушылар олардың әр түрлі желі түйіндеріне қосылғанын байқаматындай етіп, сыйымдылығын 2000 портқа дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл E1/PRI транкі үшін Q.SIB хаттамасын жүзеге асыру нәтижесінде жүзеге асыру нәтижесінде жүзеге асады. IDCS 500 корпаративті коммуникационды инфрақұрылымды құруға мүмкіндік беретін, басқа өндірушілердің УАТС түйіндері бар желіге беріледі.

...

Скачать:   txt (67.4 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (1.5 Mb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club